Қаң 20, 2020 19:12 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Жұма намазы

27 дей (17 қаңтар) есте қалатын жұма болды. Үлкен мен кіші жиналды. Күн суық, қыламық қар жауып тұрғанымен ешкім суықты елемеді.

Жұма намазына миллиондаған адам қатысты (әуеден жасалған сурет)

 

Діни жетекшіге қайтадан бият ету үшін халық жаппай жиналып, бұл күнді тарихи күнге айналдырды. Имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешеннің ішіне, алаңы мен айналасындағы көшелерге жиналған Аллаға иман келтірген халық Ислам революциясы жетекшісінің имаматымен жұма намазын оқуды күтті. Ол келіп, құтпасын бастап, өзі мен басқаларды тақуа болуға шақырып, «Алланың күндері» туралы баяндады.

Ислам революциясының жетекшісі "Ибраһим" сүресінің "Расында Мұсаны: “Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар. Алланың күндерін ескерт” деп мұғжизалармен жібердік..",- деген  5-ші аятын оқыды. Бұл аятта Алла Тағала хазірет Мұсаға "халықтың есіне "Алланың күндерін" сал" деп бұйырады. Соның ішінде "сабырлар мен шүкіршілік етушілер үшін" деді. «Сабырлылар» бейнетке шыдамдылық танытатындар; шүкіршілер нығметтерді қадірлеп, олардың алдында өздерін жауапты сезінетіндер. Аятолла Хаменеи бұл аяттың Меккеде, яғни мұсылмандардың күресі жоғары толқынына жетіп, олар күпірлік ағымының алдында табандылық сақтаған кезде түскеніне тоқталып, қоғам мен халықтар залым билік иелерінен құтқарылған кездің «Алланың күндері» деп аталатынын, шүкіршілік етілсе,  нығметтердің күн сайын артатынын еске салды.

 

Жұма намазы аятолла Хаменеидің имаматымен оқылды

 

Ислам революциясының жетекшісі "Ибраһим" сүресінің аяттарын пайдаланып, Иранның ондаған миллион халқының  шәһид Ғасем Солеймани және оның серіктерімен қоштасу рәсіміне қатысуын, Сақшылар корпусының АҚШ-тың  Ейн әл-Асад базасына жойқын соққы беруін  Алланың құдыреті мен ерік-жігерінің белгісі деп атап, бұл күндердің Алланың күндері екеніне тоқталып: "Бұл күндері болған  оқиғалардан адам Алланың құдыретін байқайды. Бұл күндері Иранда ондаған миллион, Иракта ондаған мың халық, басқа кейбір мемлекеттердің халықтары Құдс қолбасшысының қанын құрметтеп, көшелерге шығып, әлемдегі ең үлкен жиынды көрсетті. Бұл «Алланың күндерінің» бірі. Алланың құдыреті болмағанда, бұл оқиға болмас еді. Ислам революциясының Сақшылар корпусы  зымырандарының америкалық базаны нысанаға  алған күн де «Алланың күндерінің» бірі. Күндер өтеді, бірақ бұл күндердің халықтың өміріне тигізген әсерлері мәңгі қалады",- деді.

Ислам революциясы жетекшісі сөзінің бір бөлімінде Ирандағы жуырдағы оқиғаларға тоқталып: "Бөгделерге біздің еліміздің ұлылығанан басқа нәрсені немесе қоғамдық пікірді көрсеткісі келетіндер халыққа жақсылық тілемейді. Иран халқының кім екендерін көріңдер. Сардар шәһидтің суретіне құрметсіздік білдіретін санаулы адамдар ирандық па, әлде көшеге шығып, миллиондаған халықтың қатарындағылар ирандық па? АҚШ үкіметінің баспасөз хатшысы: "Біз Иран халқының қасындамыз",- деп қайталай береді. Егер Иран халқы біріксе, ешкімнің әлі жетпейді",- деді.

 

Жұма намазы

Аятолла Хаменеи украиналық ұшақ апатына байланысты жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып: "Ұшақ апаты үшін біз қаншалықты қайғыға батсақ, дұшпанымыз соншалықты  қуанды. Дұшпанымыз Сақшылар корпусы мен Қарулы күштерге күдік тудыратын сылтау табылды деп қуанды. Олар Ислам республикасы жүйесіне күдік тудырғысы келді. Олар бұл оқиғаны өз мүдделеріне пайдаланғысы келді. Бірақ қателесті. Олар Жаратушының құдыреті алдында еш мақсатын іске асыра алмады. Иран халқының шәһид Ғасем Солеймани және оның серіктерімен қоштасу рәсіміне қатысуы мен Сақшылар корпусының АҚШ-тың Ейн әл-Асад базасына жойқын соққы берген күні ұмытылмайды. Бұл «Алланың күндері"»,- деді. Соңғы күндері Британия, Франция мен Германия үкіметтері Иранды ядролық мәселені Қауіпсіздік кеңесіне тапсырумен қорқытып жатыр. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: "Бұл үш мемлекет – Саддам режимінің біздің елге қарсы соғысында сол режимге көмектескен үш мемлекеттің өзі. Германия үкіметі Саддамның ықтиярына химиялық қару берді. Саддам режимі бұл қарумен қалалар мен майдандарды нысанаға алды. Химиялық қарудың салдарынан бұрынғы жауынгерлер осы күнге дейін азап-қорлық көріп жатыр. Франция үкіметі Саддам үкіметін дамыған тікұшақтармен қамтамасыз етті.  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан АҚШ шыққаннан бері бұл үш үкімет бос сөздерін қайталауда. Мен сол кезде "Оларға сенбеймін, олар жұмыс істемейді. АҚШ-қа қызмет етеді" деп айтқан едім. Қазір енді толық анықталды. Шамамен бір жылдан кейін олардың АҚШ-тың қолшоқпары екені белгілі болды",- деді.  

 

Аятолла Хаменеи АҚШ-пен келіссөз жүргізуді мүмкін емес деп атап, Батыс пен Америка елдерінен гөрі шекаралас Батыс Азия аймағы және ТМД елдерімен көбірек келіссөз жүргізу керект екенін айтып: «Олардың келіссөздері алдап-арбаумен аралас. Келіссөз үстелінде отырған джентльмендер – шын мәнінде Бағдад әуежайындағы өңдерін айналдырған лаңкестер. Олардың айырмашылығы жоқ, тек киімдерін өзгертеді, әйтпесе болмыстары сол болмыс. Олар сенімсіз адамдар»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Иранның бай ел екенін және дұшпанның санкциялары мен шабуылдарына қарсы тұра алатынын қуаттап: «Иран халқының күшті ел болатын ерік-жігері болуы керек. Иран халқы өз аяғында тұруы үшін мықты болуы қажет. Мықты ел болуға талпынуымыз керек. Біз келіссөздерден қорықпаймыз, бірақ АҚШ-пен емес, басқа елдермен келіссөз жүргіземіз. Алайда әлсіз позиция емес, күшті позициядан. Құдайға шүкір, құдыретке иеміз. Алланың көмегімен одан сайын күшейеміз. Құдырет тек әскери күш-қуат емес. Экономикамыз мұнайға тәуелді болмауы керек. Ғылыми-технологиялық дамуымызды жалғастырамыз. Бұл жұмыстарды іске асыру үшін халқымыздың  қолдауы қажет»,- деді.

Жұма намазының екінші құтпасында аятолла Хаменеи халықтан дұшпанға Ислам Кеңесі Мәжілісі сайлауын маңызсыз етіп көрсетуге рұқсат бермеуді талап етті. Содан соң сөзін араб тілінде жалғастырды.

Революция жетекшісі сардар Солейманидің шәһид болуын жаудың әлсіздігі мен ұрыс алаңына шыға алмауына байланысты жасаған қорқақтық әрекеті деп атады. Бірақ Сақшылар корпусы зымырандарымен АҚШ-тың базасына шабуыл жасап,  залым үкіметтің айбатына соққы берді. Бұл әрекеттің негізгі нәтижесі америкалық күштердің аймақтан шығуы болады.

 

 

Ейн әл-Асад базасы Сақшылар корпусының зымырандық шабуылынан кейін

 

Аятолла Хаменеи АҚШ-тың аймақтан шығуын қуаттап, Исламның жаңа ғасыры туралы баяндады. Бұл кезең – Палестина сионистік бөгделердің билігінен құтқарылып, халықтардың бұл мақсатқа жетуіне жақындаған кезең. Ислам революциясының жетекшісі Исламның жаңа ғасырының негіздеріне тоқталып: «Ислам әлемі іріткі тудыратын факторларды жойып, діни ғұламалардың бірлігі, жаңа исламдық өмір сүру тәсілі үшін исламдық шешім жолдарын табу керек. Жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы ғылыми-технологиялық саланы ілгерілетіп, жаңа өркениеттің инфрақұрылымын қалыптастырады. Ақпарат құралдарының ынтымақтастығы қоғамдық мәдениетті түбегейлі өзгертеді. Қарулы күштеріміздің қатынасы соғыс пен шабуылды аймақтан алыстатады. Нарық қатынасы елдің экономикасын талан-таражға салушы компаниялардан құтқарады. Халқымыздың қарым-қатынасы мен сапарлары бірлік пен достыққа себеп болады»,- деді.

 

 

Тегтер