Жарқын келешек (1)
(last modified Sat, 01 Feb 2020 12:17:24 GMT )
Ақп 01, 2020 18:17 Asia/Almaty
  • Жарқын келешек (1)

Жеңісінің 41 жылдығын тойлап отырған Иранның Ислам революциясы халықтық революция болды.

 

Бұл революция үстемшілдік пен әділетсіздікке үнсіз қалуға  рұқсат етпейтін ұлттың наным-сенімдеріне сүйенді. Оның негізгі мақсаты зорлық-зомбылықпен қарсыласу болды. Бірақ халықтың  революцияға жаппай қатысуына Алланың жеңіс есіктері ашылып, жарқын келешектің орнайтыны туралы жолдауы себеп болды. Революцияның алғашқы күндеріндегі ұрандар мен мәлімдемелердің көбінен: «Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді»,- деген «Рағыд» сүресінің 11-ші аяты көзге түсті.  Халық өз тағдырын өзгерту үшін алаңға шығып, революцияны жеңіске жеткізді. Алланың жігері шындықтың жалғандықты жеңіп, соңында жердің билігі әлсіздердің қолына жететінін көрсетті. «Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз». («Қасас» сүресі, 5-ші аят).

 

 

«Қасас» сүресінің бұл аяты Мекке сүрелерінің бірі. Хижридің 11 жылы жіберілген. Яғни мұсылмандар құрайыштардан азап-қорлық көріп, экономикалық қоршауға алынып, Исламның ұлық пайғамбарының екі қолдаушысы хазірет Абуталиб пен хазірет Хадиджа дүние салды. Дәл сол кезде Исламның ұлық пайғамбарының үгіт-насихат сапарлары сәтсіздікке ұшырап, мұсылман халықтарына қауіп төнді.  Мүмкін үмітсіздік де туған болар. Алла Тағала Перғауының зұлымдығы мен хазірет Мұсаның көтерілісі оқиғасын баяндап, олардың үмітсіздігін үмітке айналдырып, оларға әр қиындықтан кейін жақсылықтың келетінін, илаһи жігердің басқа жігерлерді жеңетінін көрсетуге талпынды. Құранның көптеген аяттары күресшілердің құрбан болу мүмкіндігін, бірақ соңында жеңіске жететінін қуаттайды. Олар жеңімпаздар. Құран қарсыласу жолына түскендерге соңында жеңіске жететінін хабарлайды. Бүгін Ислам әлемі өз алдынан айқын көкжиекті көреді. Бүгінде Ислам республикасы аймақтағы тұрақты мықты ел ғана емес. Әлемді билейтін үлкен дұшпандар мен залым үстемшілер мұсылман үмбетінің көтерілістері мен мұсылман халықтардың оянуы алдында өздерін дәрменсіз сезінеді. Олардың алдындағы жол жабық. Бұл илаһи уәдені білдіреді. «Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз». («Қасас», 5-ші аят).

 

 

Тегтер