«Фаджр» онкүндігі (1): 12 баһман – имам Хомейнидің Иранға оралған күні
(last modified Sat, 01 Feb 2020 15:56:33 GMT )
Ақп 01, 2020 21:56 Asia/Almaty
  • «Фаджр» онкүндігі (1): 12 баһман – имам Хомейнидің Иранға оралған күні

Стэнсфилд Тернер, АҚШ ОББ-ның кезіндегі басшысы: «78 жастағы қарт адамның 14 жыл қуғыннан кейін саяси ұйым құрып, күш жинайтынын ешкім ойлаған жоқ. Ол жанартау секілді ұлттық революцияны іске асырды».

 

Хиджри-шамси  күнтізбесінің 1357 жылының 12 баһманының (1979 жылдың 1 ақпаны) таңы Иран халқы үшін алаңдау мен үмітке толы сәттер болды. Олардың сүйікті басшысы имам Хомейни Пехлевидің тәуелді режимінің көптеген қоқан-лоққылары мен қастықтарына қарамастан ұшақпен Парижден Теһранға қайтып оралмақ. Авторитарлық режим 14 жылдан артық уақыт бойы халқынан алыстатқан илаһи және халық басшы осы кезде жеңімпаз ретінде, бірақ алаңдауларымен халықтың құшағына оралып келеді. Хиджри-шамси күнтезбесінің 1357 жылының 26 дейінде (1979 жылдың 16 қаңтары) үстемшіл шах Мұхаммад Реза қашып кеткен соң имам Хомейни еліне қайту шешімін жариялады. Бұл бір жағынан батыл, басқа жағынан қатерлі шешім революцияның жақтастары мен қарсыластарын  алаңдатты. Иран халқы өз басшысымен кездесуді асыға күткенімен, режимнің нөкерлері сапар кезінде бұл кісіге зиян келтіреді деп алаңдатты. Басқа жақтан Пехлеви үкіметі мен америкалық демеушілері имам Хомейнидің Иранда болуы халықтың революцияшыл көңіл-күйі толқыны мен революцияның жеңіске жету ықтималын арттыратынын білді. Имамның Иранға оралу шешімінен кейін олар бұ тарихи сапардың алдын алу әрекеттерін бастады. Оларға қарсы революцияшыл күштер де имам Хомейнидің оралуына жағдай жасау үшін бүкіл мүмкіндіктерін аямады.

Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни

Иранның мұсылман халқының алғашқы маңызды әрекеті шах қашып кетуінен үш күннен кейін имам Хусейннің (ғ.с.)  Арбағині шеруінде іске асырылды. Бұл күні Иранның миллиондаған халқы әртүрлі қалаларда шеруге шығып, сүйікті басшысының отанына оралуын талап етті. Бұл оқиғаның Арбағин күні орын алуы Иран халқының имам Хусейннің (ғ.с.) үлкен қозғалысын Ислам революциясының жеңіске жетуіне үлгі етіп отырғанын көрсетті. Бұл жағдайда Пехлеви режимінің әскери қолбасшылары Ирандағы АҚШ-тың арнайы әскери елшісі Robert Huyser имам Хомейнидің сапарына қарсылық білдіру жобаны ұсынды.

Имам Хомейни 6 бахман, сәйкесінше 26 қаңтар күні   Иранға оралатынын жариялады. Бірақ Шапур Бахтиар басқарған Пехлеви режимінің соңғы үкіметі: «Елдің әуежайлары жабық, ешбір ұшақ жерге қона алмайды»,- деп жариялады. Үкіметті бұл әрекеті халық ашуын көтерді. Шерулер, ереуілдер мен қақтығыстар, әскерилер  тіпті жоғары лауазымды офицерлердің халыққа қосылуға асығулары орын алды.  Имам Хомейни Иран халқына жодауында бірнеше күннен кейін Иранға келіп, сарбаз сынды халықпен біре отаршылдық пен үстемшілдікке қарсы күресін жеңіске жеткенше жалғастыратынын қуаттады. Алла елшісінің дүниеден озған күніндеИран халқы әртүрлі қалаларда кең ауқымды шерулер өткізіп, революцияның жолын жалғастыруға және басшысын елге қайтаруға дайын екенін көрсетті. Бірақ режимнің нөкерлері халықты басып-жаншып, мыңдаған азаттық талап етуші әрі революцияшыл ер мен әйел шәһид болады.

Шах режиміне қарсы шерулер

Бұл жағдайда танымал діни азаматтар әуежайлардың жабық болуларына наразылықтарын білдіріп, Теһран университетінің мешітінде ереуілін бастады. Бұл ереуіл революцияшыл күштердің қолдауына ие болып, басқа қалаларда да ғұламалар ереулге қосылды. Бұл қысымдар үкіметті артқа шегуіне және Ислам революциясы көсемінің Иранға қайтып орала алатының жариялауына мәжбүрледі. Сол сәтте бұрын құрылған имам Хомейниді қарсы алаты комитет 12 баһманды имамның Иран халқының құшағына ораталын күн деп жариялады.  Бұл күннен бір күн бұрын әртүрлі аймақтар халқының көбі имамды күтіп алу үшін Теһранға жинала бастады. Имамның Теһранның Меһрабад әуежайынан ислам революциясының мыңдаған шәһидтері жерленген Беһеште Заһра зиратына дейінгі жол бойы гүлмен безендірілген болатын. Парижде  имам Хомейни қонақжайлылығы үшін француздерге рақыметін айтып, бірақатар серіктерімен ұшақпен Иранға аттанады. Аллаға деген иманы мен теуекелінен туындаған тыныштығымен имам отанына қарай сапарын бастады. Әдеттегідей ықыласы және қарапайымдылығымен түнгі және таңғы намазын оқып, ұшақтың жерге қонуын күтті.

Рухани азаматтардың Теһран университетіндегі ереуілі

Теһранның Меһрабад әуежайы ерекше көңіл-күйге ие болды. Халық алаңдаушылық және үмітпен революция көсемін күтіп, салтанатты рәсім өткізді. Иран тарихының әйгілі тұлғасы имам Хомейнидің ұшағы 1357 жылдың 12 баһман күні таңғы  сағат тоғыз жарымда жерге қонды.

Иран халқының жаны оралғандай болды. Халық имамын көргісі келіп, әуежайдан Беһеште Заһра зиратына дейінгі ұзақ жолдың бойында орналасты. Әуежайдағы қысқа сөзінде имам Хомейни бүкіл халық пен жеке тұлғаларға алғыс айтып, оларды бірлікке шақырып: «Шахты Ираннан шығару жеңістің алғашқы кезеңі. Келесі кезеңдегі мақста бөгделерді шығарып, Пехлеви режимінің тамырларын жою»,- деді.

 

Имам Хомейни ұшақтан түсіп келеді

Теһранның Меһрабад әуежайы ерекше көңіл-күйге ие болды. Халық алаңдаушылық және үмітпен революция көсемін күтіп, салтанатты рәсім өткізді. Иран тарихының әйгілі тұлғасы имам Хомейнидің ұшағы 1357 жылдың 12 баһман күні таңғы  сағат тоғыз жарымда жерге қонды.

Иран халқының жаны оралғандай болды. Халық имамын көргісі келіп, әуежайдан Беһеште Заһра зиратына дейінгі ұзақ жолдың бойында орналасты. Әуежайдағы қысқа сөзінде имам Хомейни бүкіл халық пен жеке тұлғаларға алғыс айтып, оларды бірлікке шақырып: «Шахты Ираннан шығару жеңістің алғашқы кезеңі. Келесі кезеңдегі мақста бөгделерді шығарып, Пехлеви режимінің тамырларын жою»,- деді. Иранның мұсылман халқы  өз басшысын күтуде.

 

12 бахман рәсімі имам Хомейнидің сөзімен аяқталды. Бірақ оның революцияшыл халықтың арасында болуы таңырқататын нәтижелерге жеткізді. Армияда қалған шахтың бірқатар  жақтастары өз билігі мен АҚШ-тың көмегінен үміттенді. Алайда халық, тіпті революция басшылары тек 10 күннің ішінде халықтың исламдық қозғалысы жеңіске жетеді деп ойламады. Имам Хомейни қайтып оралғаннан үш күннен кейін күрескер Мәһди Базаргонды Ислам революциясының уақытша үкіметінің премьер-министрі ретінде таныстырды. Пехлеви үкіметі құлаған сон елдің саяси жүйесін анықтайтын референдум мен Хобреган мәжілісінің сайлауын өткізді.

 

Имам Хомейни Беһеште Заһра зиратында сөз сөйледі

Бұл кезеңде халық шерулері күнделікті іске айналып, жұма сайын әскерилер халыққа қосылды. Әуе күштері әскерилерінің имам Хомейнидің алдындағы парады мен оған адалдықтарын жариялауы армияның үстем Пехлеви үкіметіне бағынбайтынын көрсетті. Негізінде Бахтияр үкіметі елдің істерін бақылаудан айырылып, қалалардың көбі халықтың ықтиярына түсті. Мұндай жағдайда кішігірім әрекет Пехлеви режимінің сарайын бұзып, Ирандағы монархистік авторитарлық жүйені жою үшін жеткілікті болды. Бұл ұшқын әскерилердің сыбайлас жемқор  шах үкіметіне қарсы шығуы болып,   1357 жылдың 22 бахманында (1979 ж. 11 ақпан) Иранның Ислам революциясы  жеңісіне жетті. Бұл әрекеттерге ОББ бұрынғы басшысы Стансфилд Тернер билік қарсыластары жөнінде: «78 жастағы қарт адамның 14 жыл қуғыннан кейін саяси ұйым құрып, күш жинайтынын ешкім ойламаған. Ол жанартау сынды ұлттық революцияны іске асырды»,-деді.

 

 

Тегтер