Жарқын келешек (4)
(last modified Tue, 04 Feb 2020 15:22:07 GMT )
Ақп 04, 2020 21:22 Asia/Almaty
  • Жарқын келешек (4)

Ислам революциясы илаһи ерік-жігеріне сай адамдарды ояту мен діни құндылықтарға қайтаруды көздеді.

 

Ислам революциясының ерекшеліктерінің бірі оның пайғамбарлар құрған илаһи қозғалыстардан  болуы саналады. Ислам революциясы илаһи ерік-жігеріне сай адамдарды ояту және діни құндылықтарға қайтаруды мақсат етті. Ислам революциясынан бұрын адамзат тарихының үдерісі илаһи тағылымдардан алыс болды. Кейбір Ницше сынды батыс ойшылдары Құдайдың өлімі туралы және бірқатарынан басқа  классикалық әлеуметтанушылар ХХ ғасырдың күнінің көтерілуімен діннің жойылатынын болжаған болатын. Керісінше Ислам революциясы, батыс ойшылдардың айтуынша, Алланың адамзаттын өміріне оралуының белгісі.  

«Негізгі қорқыныш» кітабының авторы Бобби Саидтің айтуынша, исламдық өмірдің жаңғыруы Құдайдың адамзаттың өміріне оралуының белгісі. Исламның қайта жандануы иманның оралуымен байланысты. Ислам революциясы өзінің басшыларының көзқарастарында осындай тұжырымдамалық деңгейге ие. Имам Хомейни «Иран халқының оянуы - Алланың көмегі, адамдар бұл істі жасай алмайды» деп сенген. Өйткені тарихта ұқсас көтеріліс болмаған. Олардың пікірінше,  «бұл революция илаһи идея және оны табиғаттан тыс күш нұсқайды. Бұл халық ортасынан сарқыраған илаһи күш болды».

Алла үшін көтерілу Алланың адамзатқа айтқан уағызы.  Имам Хомейнидің көзқарасынша, әлемдегі және ақыреттегі бақыт ұлы пайғамбарлар мен әулиелердің ақыл-кеңестері. Бұл кісі Құранның аяттарына сүйеніп, әлем мұсылмандарына: «Орындарыңнан көтеріліп, Құра Кәрімді қолдарына алып, Исламның айбының түсіну үшін Алланың бұйрығына құлақ салыңдар. «Саба» сүресінің 46-шы аятында: «...Алла үшін екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар..»,- деп айтылды. «Көтерілу», яғни орыннан тұру емес, дайын болу, ерік-жігерге ие болу, шешім қабылдап, әрекеттенуді білдіреді.

Ислам революциясының жаһандық жолдауы оның адамзаттың ояту мақсатына байланысты. Ислам революциясы ерекше үдерісі мен мүмкіндіктеріне ие болып, қырық жылдан кейін де шешім қабылдау мен әрекеттенуге дайын. Бұл мүмкіндік пен үдеріс Ислам революциясының келешегін екі есе анықтап, үміттілеу әрі табыстылау етеді. Әрине Алла үшін жасалған нәрсе тұрақты әрі мәңгі. Ашура көтерілісі илаһи болған үшін тұрақты және мәңгі.