Жарқын келешек (5)
Ислам революциясының ерекшеліктерінің бірі жастардың қатысуы және олардың оның басталуының алғашқы күндері мен сегізжылдық қасиетті қорғаныс соғысы кезінде басқару саласында маңызды рөл атқаруы саналады.
Жастардың жаппай қатысуы мен белсенділігі Иран халқының аяғын жаңа басқан революциясының қиындықтарға қарсы тұрып, ішкі және сыртқы қоқан-лоққыларға қарсыласу мүмкіндікке ие боулына, сондай-ақ әртүрлі сынақтардан, беделін көтеріп өтуне себеп болды. Хиджри-шамси күнтізбесінің 60-шы онжылдығында ел халқының көпшілігін құраған 40 жас толмаған жастар жамағаты исламдық жүйе үшін маңызды фактор болды. Жастары 15-40 аралығындағы 36 миллион халық, шамамен 14 миллион жоғары оқу орындарын бітіргендер, ғылым мен инженерия салаларында әлем бойыншы екінші орынға иелену, революцияшыл көңіл-күймен тәрбиеленген жастардың елі үшін жиһадтық талпынуы – мұның барлығы Иран мен бұл елдің келешегі үшін үлкен байлық болып табылады. Ешбір материалдық байлықты бұл қормен салыстыруға болмайды.
Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, "Ислам республикасындағы діни және ахлақи ұстаным жастарды өзіне қарай тартып, кеңістік дін мен ахлақтың мүддесіне қарай өзгерді. Жастардың қасиетті қорғаныс сынды ауыр майдандарға қатысуы дұға, бауырластық және жанкештікпен бірге болып, Исламның басындағы оқиғаларды жандандырып, баршаға көрсетті. Ата-аналар мен әйелдері діни міндеттерін сезініп, жиһадтың әртүрлі майдандарына асыққан жақындарымен қоштасып, олардың мәйіттерін немесе жарақат алған өздерін күтіп алып, қиындықтарымен бөлісті. Мешіттер мен діни орындар бұрын-соңды болмаған көңіл-күйдің куәсі болды. Мыңдаған жастар, ұстаздар мен студенттер, ерлер мен әйелдер жиһадтық жұмыстарға қатысуға еркі-жігерін білдірді. Намаз, қажылық, ораза және жаяу зияратқа бару, уәжіп және мұстахаб амалдар, садақалар мен қайырымдылықтар барлық жерде, әсіресе жастар арасында кеңінен таралды".
Ислам революциясының жаһандық әсеріне назар аударып, қоғамтанушы Элвин Таффлер: "Жастардың, тіпті Америкада дінге бет бұруы шынай қауіп болып табылады. Хомейнидің (имамның) жолдауларын оқып отырсаңыз, оның жастардың трансұлттық тенденцияларын басқалардан жақсы түсінетінін және олардың тек бір ұлтпен шектлемейтінін көресіз. Хомейни ХХІ ғасырда қайтыс болса да, ХХІ ғасырдың адамы саналады»",- деп ескертті.
Ислам революциясының жеңіске жетуінен қырық бір жыл өткеннен кейін жастар оның идеялары мен мұраттарының негізгі жақтаушылары болып, бұл революцияның мақсаттарына жігер мен жауапкершілікпен қол жеткізуді жалғастыруда. Олар қастықтар мен санкцияларға қарсы тұрып, жарқын келешек құруға талпынуда. Жастар "Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар",- деп айтқан ("Әл-Имран" сүпресі, 139-шы аят) Аллаға иман келтірді..