Жарқын келешек (8)
(last modified Sun, 09 Feb 2020 15:06:25 GMT )
Ақп 09, 2020 21:06 Asia/Almaty
  • Жарқын келешек (8)

Бірлік пен бірауыздылық адамзат қоғамының өмір сүруін қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады.

 

Иран Ислам революциясы дұшпандардың жүйеге қарсы күрестеріне қарамастан, әлемнің азаттық талап етуші елдері үшін үлгіге айналған жағдайда, өзінің бесінші онжылдығына қадам жасауда. Бұл революцияның ұмытылмауының ең маңызды факторы – Исламның дұшпандарының қастықтарына қарсы тұру үшін қажет халықтың бірлігі мен тұтастығы. Бірлік пен бірауыздылық адамзат қоғамының өмір сүруін қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Бірлік пен ынтымақтастық қоғамның қирауларын жөңдеп, барлық салаларда дамып, жеңіске жету үшін қажет шаралар. Саяси сарапшылардың пікірінше, Ислам революциясының жалғасуы және қазіргі жағдайға жетуі ұлттық бірлікті аясында мүмкін болды. Исламдық Иранда әртүрлі ұлттар мен этностар, әртүрлі мәдениетке ие және діни аз санды топтар өмір сүреді. Бірақ Ислам республикасы өз бірлігімен көптеген құлдыраулары мен шарықтаулардан өтіп, өз қоғамының ғиззаты мен тәуелсіздігін қорғап келді. Ішкі және рухани үлгілер исламдық Иран қоғамының бірлігі мен жақындасуының маңызды факторы болды. Сондай-ақ бұл үлгілер осы уақытқа дейін жүйенің элементтері мен қоғамдастық арасында терең әрі тұрақты байланыс орната алды. Ислам дінінің тағылымдары сындары стратегиясымен   адамзат қоғамының жанжақты бірлігіне әкеліп, жүректерді бір-бірлеріне жақындатты. Исламның ұлық Пайғамбарының   Медина қаласындағы мұсылмандар арасындағы бауырластық   келісімі және мүміндерді бір-бірінің бауыры деп атаған Құран аяттары мұсылмандар арасындағы бауырластық қарым-қатынасты нығайтты және нақтылады.

Бірлік, ынтымақтастық және бір жолмен алға ілгерлеу Ислам революциясына тұрақтылық пен қауіпсіздікті сый еткен күшті қалыптастырды. Қастық жоспарланған сайын бұл күш сахнаға шығып, оларды залалсыздандырады. Хиджри-шамси күнтізбесінің 1388 жылы бірнеше айға созылған наразылықтар мен бүліктер елге көптеген шығын келтірді. Бірақ 9 дей күнгі миллиондаған халықтың шеруі бүліктерді тоқтатты. Сондай-ақ ағымдағы 1398 жылдың 24 абанында бензиннің бағасының көтерілуін сылтауратып, кейбір пайдакүнемдер мен бүлікшілер бөгде дұшпанның басқаруымен наразылық білдіруге шығып, оларды халық наразылықтары деп атап, кейбір қоғамдық мүлікті қиратып, шығын келтірді. Бірақ Теһран мен басқа қалалардың қырағы халқы бүлікшілерді айыптап, Ислам революциясы жетекшісі мен Ислам республикасы жүйесін қолдап, бір ауыздан шеруге шығып, ерлігін көрсетті. Иранның мұсылман халқы  маһдавият және хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуіне байланысты наным-сеніміне сүйеніп, шындықтың бүкіл қастықтарды жеңетініне сенеді. Сондықтан өз қырағылығы және парасаттылығымен Ислам революциясының рухани қоры саналатын бірлік пен тұтастыққа үмітті жарқын келешекті қамтамасыз етуде.