Әлемдегі коронавирус дағдарысы
(last modified Sun, 16 Feb 2020 15:51:36 GMT )
Ақп 16, 2020 21:51 Asia/Almaty
  • Әлемдегі коронавирус дағдарысы

Бұл күндері Қытай үкіметі мен халқының басты проблемасына айналып, оның салдары әлемнің басқа елдерін алаңдатып отырған ең маңызды дағдарыстарының бірі коронавирустың таралуы мен вирус жұқтырған адамдар санының көбеюі болып табылады. Қытай үкіметінің жариялаған соңғы мәліметтері бойынша, коронавирус бірінше рет анықталған өткен 2019 жылдың желтоқсанынан осы кезге дейін оны жұқтырған адамдар саны 60000-нан және қаза болғандар саны 1500 асты.

 

Қытайдан басқа әлемнің әртүрлі елдерінде де жүздеген адамның коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарланды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралу қаупі өте ауыр екенін және әлем елдерінің дайын болу керектігін ескертті. Бұл қандай вирус, оның қауіптері мен салдарлары қандай және олармен қалай күресуге болады?

 

«Коронавирус» - бұл жалпы тұмаудан басталып,  SARS және MERS сияқты ауыр ауруларға себеп бола алатын вирустардың үлкен тобы. Коронавирус эпидемиясы ең алғашқы рет 1960 жылдары тіркелген және осы кезге дейін 7 рет байқалды. Соңғы рет 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында бұл  вирустың адамдарға жұққаны анықталды. Зерттеушілердің пікірінше, коронавирстер көбінде малдарда байқалғанымен, оның 5 түрі адамның тыныс алу жолдарына әсерін тигізеді. Дене қызуының көтерілуі, тыныс алудын қиындауы, тамақ ауруы мен тұмау бұл аурудың белгілері болып табылады.

Коронавирусты жұқтырған алғашқы адамдар теңіз өнімдері базарында жұмыс жасағандар болғанымен, аурудың малмен жұмыс жасайтындар арасында кеңінен таралуына назар аудара, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ауру адамнан адамға да жұғады деген нәтижеге келді.  

Ғалымдардың жаңа мәліметтері  бұл вирустың малдан адамға жұғуы туралы ықтималды айтады. Journal of Medical Virology журналында басылып шыққан бұл вирус туралы мәліметтер жаңа коронавирустың жыландардан басталғанын көрсетеді. Ғалымдар  жаңа коронавирустың ақуыздарының біреуіндегі өзгерістер вирустың адамдарға таралуына мүмкіндік берді деген нәтижеге жетті.  Соңғы 50 жылда адамдарға жануарлардың эволюциялық мутацияларынан кейін көптеген жұқпалы аурулар жұқтырылды. 1980 жылдары ВИЧ (СПИД), 2004-2007 жылдары құс тұмауы, содан кейін шошқа тұмауы, содан кейін Эбола, ал соңғы жылдары SARS, MERS және CORONA жабайы жануарлардан адамға жұққан аурулар болды. Пневмония вирусына ұқсас коронавирустық инфекцияның алғашқы науқастары 2019 жылдың 31 желтоқсанда Қытайда тіркелді. Содан бері вирус басқа елдерге, атап айтқанда Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Австралия, Франция, Гонконг және Тайваньға таралды. Қаңтар айында   Канада мен Португалияның Лиссабонында бір-бір адамның бұл вирусты жұқтырғаны хабарланды. Вирустың салдарынан қайтыс болғандардың нақты саны әлі белгісіз, бірақ мәліметтер қайтыс болғандардың  көбінің 60 жастан асқан адамдар екенін көрсетті. Бірақ бірнеше жастың, соның ішінде SARS вирусына ұқсас вирустың өршуі туралы әріптестеріне бірінші рет ескерткен қытайлық 34 жастағы офтальмолог дәрігер Ли Вэньлянның өлімі осы ауруға қатысты алаңдаушылықты арттырды.

 SARS вирусына ұқсас вирустың өршуі туралы әріптестеріне бірінші рет ескерткен қытайлық 34 жастағы офтальмолог дәрігер Ли Вэньлян қайтыс болды

Қазір бұл аурудың 23 елде таралғаны расталғанымен,   Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы аурулардың алдын-алу жөніндегі директоры: «Біз қазір әлемдік эпидемияға тап болған жоқпыз. Біз көп ошақты эпидемиялық жағдаймен бетпе-бет келдік және осы ошақтарда аурудың таралуын тоқтатуға талпынамыз",- деді. Халықаралық ұйымдар мен әлемнің көптеген үкіметтері Қытай үкіметінің коронавирустың таралуына қарсы шараларын жоғары бағалады. Мәселен, Қытайдың коронавирус  анықталған алғашқы   9 миллион адам тұратын Ухань қаласында жаңа вирустың таралуына жол бермеу үшін арнайы шаралар қабылданды. Әуежайлар мен вокзалдар  жабылып, автобус, метро және басқа да қоғамдық көлік желілері  үшін арнайы ережелер орнатылып, адамдарға көпшілік жиналған жерлерден алысту туралы кеңес беріледі.  Қалада 10 күннің ішінде мың төсектік аурухана салу Қытай үкіметінің коронавирусымен күресу саласындағы тағы бір тиімді шарасы болды. Бұл шаралар ДДСҰ бас директоры өз сұхбатында  Қытай үкіметіне алғысын айтып: «Бұл коронавирустың халықаралық деңгейде таралуын мейлінше төмендететін өте күшті шаралар», - деп мәлімдеме жасауына себеп болды.

2020 жылдың 3 ақпанында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Атқарушы кеңесінің Женевада өткен 46-шы отырысында   бұл ұйымның Бас хатшысы  Тедрас Аданом Гебрейесус бұл аурумен күресу саласында Қытай  үкіметін қолдайтынын мәлімдемді. Ол: "Қытайдың стратегиясы мықты әрі тиімді.  Қытайдан басқа 23 елде бұл вирусты жұқтырғандардың саны 500-ден асты, бірақ басқа ауруардың эпидемиясымен салыстырғанда бұл аурудың таралу деңгейі жоғары емес, сондықтан халық дүрбелеңуіне себеп жоқ",- деді.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен телефон арқылы сөйлесіп, Қытайдың коронавиусқа қарсы шараларына ризалығын білдіріп: "Қытай ел ішіндегі жағдайдың нашарлауымен бірге, аурудың әлемде таралуының алдын алуға талпынуда",- деді.   Зариф Twitter-дегі парақшасында: "АҚШ-тың қатерді өз мүддесіне пайдалануын айыптаймызҚытай  АҚШ-қа қарағанда 2009 жылы N1H1  тұмаудың алдын алу және бақылау бойынша  анағұрлым жауапты және табысты болған",- деп жазды.  

Бұл жағдайды Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы да растап, өз сұхбатында коронавирус  тарала басталсымен АҚШ-тың алаңдатып, қорқытатын жағдай тудыруын сынап: "Вашингтон бұл ауруға қарсы тұру саласында Бейжинге айтарлықтай көмек көрсетпеді",- деп жариялады. Қытай Сыртқы істер министрлігі Иран үкіметі мен халқына коронавирусқа қарсы ынтымақтастық етуіне алғысын айтты. Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы соңғы баспасөз отырыстарының бірінде бұл мәселеге тоқталып: "Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Қытайдың коронавирусқа қарсы күресін қолдаған әлем елдерінің бірінші Сыртқы істер министрі болды",- деп, Иранның Қытайға 3 милллион масқа сыйлағанын хабарлады. Әрине мұндай оқиғалар орын алған кезде  шыдамдылық, жанашырлық пен ынтымақтастық проблемаларды жақсырақ шешуге көмектеседі. Мұндай жағдайларда ирандықтар өз елінің әйгілі ақыны Саадидің "Адамазат баласының тәні бір топырақтан, болмысында бір Тәңірден жаралған, Тағдыр тәлкегімен бір мүшеге қиындық түскенде, басқа мүшелерде тақат қалмайды",- өлеңінің еске алып, басқаларға көмектесуге талпынады.