Ақп 23, 2020 17:36 Asia/Almaty
  • Болтонның Трампқа қарсы кітабы

Трампқа жақын адамдардың бірі, атап айтқанда 2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Ақ үйде болған бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон Украина ісін әшкерелейтін кітапты басып шығарды.

 

2018 жылдың қаңтар айының басында американдық жазушы Майкл Вульф «Алау мен ашу: Трамп  Ақ үйінің ішкі көрінісі» (Fire and Fury: Inside the Trump White House) атты кітап шығарып, Трамптың өзі мен президенттік билігінің алғашқы жылдарындағы әрекеттерін сынады. Вульф  өз кітабында  Ақ үйдің кейбір шенеуніктері, оның ішінде бұрынғы жоғарғы кеңесші Стив Бенн және экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші Гари Коэнмен сұхбатында Трамптың бір елді басқара алмайтындығын әшкереледі. Трампты ызаландырған бұл жанжалды кітап жарық көргенен екі жылдан кейін Трампқа жақын адамдардың бірі, атап айтқанда 2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Ақ үйде болған бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон Украина ісін әшкерелейтін кітапты басып шығарды. Бұл әшкерелеулер Трампты импичментке дейін тіреді.

Болтон Трампқа қарсы

Хабарларға қарағанда, АҚШ Конгресі Украинаның әскери деңгейін жақсарту үшін 2019 жылдың федералды бюджетінен жүздеген миллион доллар көмек көрсетуді мақұлдады.  Бюджетті бекіткен Конгреске Киевке бөлінген көмектердің бір рет ақпан және екінші рет мамыр айында берілетінін айтқан болатын. Бірақ Ақ үй еш уақытта көмектердің неге тоқтатылғандары жөнінде түсіндірмеді. Бұл шешімнің дәлелі Джон Болтон үкіметтен кетіп: «Дональд Трамп 2019 жылдың тамызында Ақ үйдегі кеңесшісіне Украинаға арналған әскери көмектерді Киев басшылары Джо Байденнің ұлының ықтималды қаржы жемқорлығын зерттеуге көмектесулері үшін тоқтатуын айтты»,- деп жазған кезде, белгілі болды. АҚШ-тың бұрынғы президентінің орынбасары Джо Байден 2020 жылғы сайлауда Дональд Трамптың негізгі бақталасы болмақ. Болтонның әшкерелеулерінен кейін Трамп реакция білдіріп, твиттерінің бірінде: «Жылдар бойы БҰҰ тұрақты болу міндетке ие болу үшін Сеннатта (Джордж Буш кезінде) жеткілікті дауыс жинай алмады. Содан соң ол ешбір міндет үшін сенімділік дауысқа ие бола алмай, менен оған Сеннаттың сенімділігін қажет етпейтін міндетті сұрады. Мен бұл жұмысты бердім, бірақ көптеген қате жасап, ол жұмысынан қуылды»,- деп жазды. Трамп «Болтон бұл сөзді тек кітабын сату айтты» деп уәжденді. Трамп бұл сөздерін әлемдіктер оның сан рет өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі сан рет мақтап мадақтағанын ұмытпаған жағдайда айтты.  Washington Post сарапшысы Филипп Бумп бұл мәселеге тоқталып: "Трамп мырза 2018 жылдың 22 наурузындағы твитінде"Джон Болтонның 9 сәуірден ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жаңа кеңесшісі қызметіне кірісетініне қуаныштымын" деп жазғанын еске түсіріп: "Болтон 9 сәуірден өзінің жаңа міндетіне кіріседі",- деді. 2019 жылдың басында жазған басқа твитінде: "Джон Болтонның амалдары өте жақсы",- деп жазды. Трамптың Украина оқи,ғасын теріске шығаруына қарамастан Джон Келли Джон Болтонның жаңа кітабындағы сөздергне реакция білдіріп: "Мен Болтонның айтқанына сенемін, ол ашық сөйлейтін адам. Мен Ақ үйде болған кезімде онымен бірге Президенттік бөлмесінде болған кезімізде, Болтонның Трампқа өз пікірін ашық айтатынын көрдім",- деді. 

Не дегенімен Трамптың барлық айтқандарына қарамастан, демократтар Болтонның Украинаға әскери көмек жіберуін әшкерелуіне сүйеніп, Дональд Трамптың импичментті жөнінде Өкілдер палатасының оң дауысына ие болып,   Трампты өз билігін теріс пайдаланды деп айыптады.    Дональд Трамптың сот процесі тобын басқарған және оның ісін қайта қарауға шақырған АҚШ Өкілдер палатасының демократы Адам Шифф оған АҚШ президенті тарапынан қоқан-лоққы жасалғанын айтты.

Адам Шифф

АҚШ-та ешкім Трамптың импичменті оның Ақ үйден кетуіне себеп болатынына сенбесе де, Болтонның жаңа кітабындағы мәліметтер қазір Трамп үшін ерекше жағдай туғызды. Сенаттағы демократтары, оның ішінде сенатор Чак Шумер Сенат Украинаның ісі туралы мәліметтерге,   Джон Болтонның немесе  Трамп үкіметі бюджетінің жауапкершісінің Украина жөніндегі есебін тыңдауы керек еді. Сондықтан демократтар Болтонды куәгер ретінде Трамптың импичментті жөніндегі отырысқа шақыртқылары келді. АҚШ ақпарат құралдары және тіпті АҚШ халқының 70 пайызының пікірінше, Джон Болтон сынды адамдарды импичмент отыырстарына шақырту қажет. Демократтардың талаптарына реакция білдіріп, Ақ үй жанжалды тоқтату үшін Джон Болтонға Трамптың соңғы импичменті туралы тыңдау алдында, оның жаңа кітабында АҚШ Президенті Дональд Трампқа қарсы деструктивті ақпарат бар және құпия ақпарат туралы заңдарды бұзғаны үшін оны жариялауға рұқсаты жоқ екенін хабарлады.

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Болтонның адвокаты Чарльз Куперге жолдаған хатында: ««Құпия» деп саналатын және егер рұқсатсыз жария етілсе,  АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне «өте ауыр зиян» әкелуі мүмкін деп болжанатын кейбір мәліметтер бар. Федералды заңдар мен жарияламау туралы келісімдерге сәйкес сіздің клиентіңіз (Болтон) құпия ақпаратқа қол жеткізу шарттарының біріне қол қойған адам ретінде құпия ақпаратты алып тастамай бұл қолжазбаны жария ете алмайды»,- деп жазды.  Бұл ескертулер Сенната Трамптың импичменті сезімтал кезеңге жеткен кезде әшкереленді. Болтонның адвокаты Купер Ақ үйдің уәждерін теріске шығарып: «Біздің сенімізше,  мәліметтің ешбірін құпия деп санауға болмайды»,- деп жауап берді.

АҚШ сенатының республикашылдары Болтонға Трамптың импичменті үшін айғақ беруге рұқсат еткендерімен, оның өз кітабындағы әшкерелеулері тіпті сенатор Митт Ромниді АҚШ президентін билікті асыра пайдаланды деп айыптауға мәжбүр етті. Ол Трамптың импичментіне байланысты соңғы отырыста: «Трамп қоғам сенімін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі»,- деді. Ромни: «Билікте қалу үшін сайлау әділсіз өткізу - бұл билік иелерінің  антты бұзудың ең нашар және жойқын әдісі болса керек»,- деп қосты.

Қорыта айтқанда, Болтонның жанжал кітабының кейбір бөлімдерінің New York Times газетінде басылып шығуы америкалық саясаткерлердің арасындағы Джон Болтон өкілдерінің бірі саналатын асыра сілтеуші топтардың Трампқа қарсы көтерілгендерінің белгісі. Республикалық сенаторлар Трамптың импичментіне қарсы дауыс бергенімен, Джон Болтонның кітабы АҚШ-тағы  Трамптың  жағдайының шайқалғанын көрсетеді.

 

Тегтер