Нау 05, 2020 08:46 Asia/Almaty
  • Имам Джавадтың (ғ.с.) туған күні

Исламның ұлық пайғамбарының әулетінен шыққан имам Джавадтың (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

 

Хиджри-қамари күнтізбесінің 195 жылының қасиетті режеп айының 10 жұлдызында әлем теңдессіз тұлғаның  нұрына бөленді. Медина қаласында Алла елшісінің ұрпақтарының бірі имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.) дүниеге келіп, әкесі хазірет Резаның (ғ.с.) қасында білім алып, басшы мен имамға қажет болатын қасиетті Ислам дінінің тағылымдары және шариғатымен танысты. 

Имам Реза (ғ.с.) шәһид болған соң, имам Джавад (ғ.с.) 9 жастағы жасөспірім болғанымен имамат міндетін өз мойнына алды.  Имам Джавадтың (ғ.с.) әкесі көп жерде келешекте перзентінің имаматы туралы айтып, үнемі ол туралы құрметпен еске алып: «Абу Джафар (яғни имам Джавад) менің орынбасарым»,- дейтін. Күндердің бірінде бір адам имам Резадан (ғ.с.): «Сізден кейін қажет жағдайда, кімнен сұраймыз?»- деп сұраған кезде, имам: «Перзентім Абу Джафарға (имам Джавадқа)»,- деп жауап қайтарды. Сұрақ қойған адам имам Джавадтың (ғ.с.) басшылық пен халықты дұрыс жолға нұсқау үшін жасының төмен болуына назар аудартты.  Имам Реза (ғ.с.) сөзін жалғастырып: «Алла Тағала хазірет Исаны (ғ.с.) ресалят пен набаватқа сайлап, ол шариғатқа ие болған кезде жасы Абу Джафардан де кіші еді»,- деді.

Имам Джавадтың (ғ.с.) бала кезінен білімі мен ғылымнан хабардарлығы жоғары болғаны соншама, бүкіл кітаптің білімі осы тұлғаның бойында қалыптасқандай болды. Ол бала кезінде жүзден астам қиын сұраққа жауап беріп, басқаларды үйретуден күшін аямады. Әйгілі тарихшы Табарси өз кітабының бірінде: «Имам Джавад (ғ.с.) жас болуына қарамастан білім мен даналықтың жоғары деңгейіне жетіп, ешбір танымал ғалымның хазіретке қарсы түру күші болмады»,- деп жазды.

Имам Мұхаммад Тақидің (ғ.с.) танымал лақаб аттарының бірі «Джавад», өйткені, ол жомарт тұлға болып, мұқтаждар қоғамына көп көмек көрсеткен. Имам Джавад (ғ.с.) әлем Жаратушысының ризалығына ие болу үшін мұқтаждардың қаржы және тұрмыстық жағдайын жақсартуға үнемі көмектесетін. Хазірет мүлік пен байлықты басқалардың мәселелерін шешетін құрал деп санады.

Имам Мұхаммед Таки (ғ.с.) Аббаси  халифалары пайғамбардың отбасына қарсы ерекше саясатты ұстанған  кезеңде өмір сүрді. Бұл саясаттың негізі алауыздыққа негізделді. Аббаситтердің Мамун халифасы  өзін имамның досы ретінде көрсете отырып, хазіретті қатаң бақылауда ұстады. Бірақ  имам Джавад (ғ.с.) Мамунның ұстанымын әшкерелеп, халифаттың орталығы  Бағдадта өмір сүруден бас тартты. Имам Джавад (ғ.с.) тағылыммен тәрбиеден басқа саяси салада да белсенді болды. Бірақ жағдайға қарай өз белсенділігін жасырын немесе ерешке тәсілмен жүргізді. Имамның ағарту жұмыстары хазіреттің Мотасмның мәжбүрлеуімен Мединеден Бағдадқа  сапар шегіп, үкіметтің тікелей бақылауына түсуіне себеп болды. Бірақ имам  Бағдадта өмір сүріп,  идеологиялық, мәдени және саяси жұмыстарын тоқтатпады. Барлық илаһи жетекшілер принциптік және ақылға қонымды саясат ұстану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға талпыныс жасаған. Кейде саяси ұстаныммен, кейде әлеуметтік әдіс-тәсілдерді пайдаланып, басқа кездері үлемдер және ойшылдармен пікірсайыс пен сұхбаттар өткізу арқылы қоғамда ағартушылықпен айналысып, бәрінен бұрын мәдени салада көп еңбек сіңірді. Олар тақуалықтың үлгісі болып, барлық істеріне Аллаға тапсырып, жақтастарына Жаратушыға сүйенуді үйреткен. Имам Джавад (ғ.с): "Шаттық пен қуанышқа бөлейтін кеңістік құру үшін Құдайға сенім арту, тұрмыстық істерде бақуаттылық болу үшін Құдайға сенім арту, берік қамалды паналап, зиян мен кесірден аман қалу үшін Құдайға иман келтіру – ең игі әрі ең негізгі стратегия",- деген. Имам Джавад (ғ.с) осылайша қоғамның саналық және ғылыми бағыттарын анықтап, билік, байлық пен нәпсіқұмарлықпен келген Аббаси әулеті билеушілерінің біліксіздігін ашып көрсетіп, барлық заңбұзушылық, қанау, кемсіту мен діннен безу жайттарының осы билеушілерден бастау алатынын айтып: "Әділ әрі тақуа билеуші арқылы қоғам бейберекеттік пен бассыздықтан құтылып, оңалатын болады",- деді.

Имам Джавадтың (ғ.с.) бала болуы хазіреттің әртүрлі сынақтардан өткізіліп, әртүрлі ғылыми пікірталастарға қатысуға шақырылуына себеп болды. Дұшпандар ғылыми пікірталастар ұйымдастырып, имам Джавадты (ғ.с.) сұрақтарына жауап беруге мәжбүрлеп, кішкентай бала олардың кейбіреуіне жауап қайтара алмайды деп ойлады. Бірақ, дәл сол пікірталастар имаматтың айқын белгісі саналатын имамның ғылыми тұрғыдағы тереңдігін көрсетті. Басқа діндердің басшылары имам Джавадтың (ғ.с) білімімен танысқан кезде, хазіреттің білімінің Алладан екенін   мойындайтын.   Имам Джавадтың (ғ.с.) білім дәрежесі  аз уақыттың ішінде  Мединадан Хорасанға және Мысырдан исламдық қоғамның түпкір-түпкіріне таралды. Имам Джавадтың (ғ.с.) ғылыми пікірталастары тіпті кейбір мұсылман еместердің  Исламға бет бұруларына себеп болды.

Пәк имамдардың жарқыраған өмірлерінің тұрғыларының бірі олардың өкілдері ретінде әртүрлі аймақтарда жұмыс жасаған әйгілі шәкірттер тәрбиелеулері болды.

Имам Джавадтың (ғ.с.) әртүрлі тақырыптағы сөздері адамзат жолында   мәңгі  жарқырап, кемелдік пен бақыт жолына  нұсқайды. Имам Джавадтың (ғ.с.) өміріне шолу жасасақ, хазіреттің гауһар тастай амалдарын көреміз. Имам Джавад (ғ.с.) Алланың нығметтерін сыйлауының шарты басқаларға көмектесу деп тауып: «Алланың нығметтері пендесі халыққа көмек көрсеткен кезде көбейеді. Басқаға көмектеспеген аадм илаһи нығметтен айырылады»,- деген болатын. Күндердің бірінде бірер адам имам Джавадқа (ғ.с.) келеді. Ол қуанышта әрі көңілді еді. Имам қуанышының себебі туралы сұраған кезде, ер адам: «Уа, Алла елшісінің перзенті, әкеңізден адам үшін бауырыңа жақсылық жасап, көмектескен күні ең жақсы күн деп айтқанын естіген едім. Бүгін мен кедей он діни бауырыма шамалы ақша мен киім сый еттім. Сондықтан қуаныштымын»,- деп жауап берді. Имам Джавад (ғ.с.): «Әрине қуанышты болғанын жөн, егер жақсылығынды босқа жасамаған болсан»,- деді. Ер адам ойға кетіп: «Мен жақсылығымды қалай босқа кетіремін?»- деп сұрады. Имам Джавад (ғ.с.) жауабында, «Бақара» сүресінің «Әй мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар..»,- деген аятын оқыды.

Имам Джавад (ғ.с.) тек 25 жыл өмір сүргенімен, осы қысқа уақытта хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пәк Ислам мәдениетін белсенді таратып, Аббаситтер халифалары хазіретті төзе алмай, имамды уландырды.

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының әулетінен шыққан имам Джавадтың (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

 

Тегтер