Халабчедегі химиялық шабуыл - еш уақытта ұмытылмайтын оқиға
(last modified Sun, 15 Mar 2020 09:36:30 GMT )
Нау 15, 2020 15:36 Asia/Almaty
  • Халабчедегі химиялық шабуыл  - еш уақытта ұмытылмайтын оқиға

Ирактың БААС режимі 1988 жылдың 16 наурызында күрдтер өмір сүретін Халабче қаласына химиялық шабуыл жасады.

Саддам режимінің Иранға қарсы соғысы кезіндегі бұл қылмысы Батыстың адам құқығы жөніндегі уәждерінің өтірік болуын көрсеткен халықаралық құжат болды. Халабченың жазықсыз ерлері, әйелдері, балалары мен қарттарының химиялық қарудан өлімі  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тағы бір ащы қайғы болды және оның салдары осы кезге дейін байқалуда. Ирак пен оның батыс және араб жақтастарының халықаралық жағдайына байланысты сол кездегі Батыс ақпарат құралдарының үнсіздігі бұл адамзат апаты жөніндегі хабарлардың кеңінен таралмауына себеп болды. 5000 жазықсыз адамның өлімі қасынан оңай өтіп, үнсіз қалатын мәселе емес.

Халабче: химиялық шабуылдан кейін

1988 жылдың 16 наурызында 14 сағатта Саддам режимі армиясының 66 қырғи ұшағы Халабче қаласына химиялық шабуыл жасады.  Құжаттар бойынша, бұл әуе шабуылда 5000 адам қаза тапты және бұл 30000 халқы бар 15000-нан астамы жарақат алды. Ирактың әскери-әуе күштері  қаладағы бес аймақты түрлі химиялық бомбаларды, соның ішінде   VX, Sarin и Taboon және қыша газын пайдаланып, бомбалады.  Халықаралық тұрғыдан Халабчедегі химиялық шабуыл 1925-ші жылдың химиялық қаруларды пайдалануды айыптайтын 17-ші протоколын, 1899, 1907-ші жылдардағы бейбітшілік конференциясының құжатын, 1964-ші жылғы Нюрнберг соты жарғысының алтыншы бабын, 1922-ші жылдың Вашингтон келісімінің 5-ші бабын, 1948-ші жылдың адам құқығы әлемдік жарғысының 3-ші бабын, сондай-ақ химиялық қаруды пайдалануға тыйым салатын конференцияның шешімін  әшкере түрде бұзу болды.

Халабчеге жасалған химиялық шабуылдан бұрын Иранның Сардашт қаласына химиялық шабуыл жасалған болатын. 1988 жылдың 24 маусымындағы Сардашт химиялық шабуылында бұл қаланың 11-ден астам әскери емес тұрғыны қаза тауып, 8000 адам химиялық газден уланды.

Сардашт: химиялық шабуылдан кейін

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «Сардашт апаты Саддам режимінің Халабчеге шабуылының бастамасы болды. Бірақ Қауіпсіздік кеңес бұл қылмыстың ешбіреуіне ешбір шара қолданбады. БҰҰ сол кездегі Бас хатшысы 6 рет Иранның қысымымен, АҚШ-тың қастықтарына қарамастан Иранға тобын аттандырды. Бұл топтар Сардаштке келіп, химиялық шабуылдан жарақат алған адамдарымызды көріп, Саддамның химиялық қаруды пайдаланғанын растады. Бірақ мұның барлығы тек бір сөзбен шектелді»,- деді.

1990 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-тың АВС телеарнасы өз бағдарламасы АҚШ пен Германияның Саддамды химиялық қарумен жабдықтау рөліне тоқталып: «Саддам Хосейн Багдадтың сыртындағы Самерра қаласындағы Батыс Германия компаниялары жасаған химиялық өзінің жасырын қару-жарақ нысанын дамытуды жалғастыруда»,- деді.

200-ден астам еуропалық компаниялар, оның ішінде Нидерланды, Германия және Франция компаниялары соғыс кезінде Ирактың БААС режиміне  жаппай қырып-жоятын химиялық қару сатты. Бұл қылмыс адам құқығын қорғайтын құдыреттердің өтіріктерін әшкереледі. Батыс ақпарат құралдарының мойындауына қарамастан 30 жылдан  астам уақыт бойы Сардашт пен Халабче химиялық шабуылында жарақат алғандардың Гаага сотына шағым түсіру әрекеттері сәтсіз аяқталып, халықаралық қауымдастық, әсіресе Батыстың үнсіз қалуы әліде жалғасуда. АҚШ Орталық барлау басқармасы жариялаған құжаттар Вашингтонның Саддамның Иранмен соғыс кезінде химиялық қару, оның ішінде VX, Sarin и Taboon және қыша газын қолданғанын білетіндігін және Ирак әскери күштеріне оларды Иранға қарсы пайдалану үшін техникалық ақпарат бергенін көрсетеді. АҚШ-тың химиялық қаруды қолдануы бірінші рет болмады.  

Вьетнам соғысының салдары

АҚШ армиясы Вьетнам соғысы кезінде 1962-1971 жылдар аралығында 20 миллион галлоннан астам химикаттарды, оның ішінде қызғылт сары өте уытты, осы және оған көршілес кейбір елдердің ормандары мен алқаптарына шашыратқан. Нәтижесінде Вьетнамның барлық азық-түлік қоры жойылып, оның экологиясы толығымен жойылды. Сондай-ақ жүздеген мың жазықсыз адамдар қаза тапты.

Вьетнам үкіметінің мәліметтері бойынша, АҚШ-тың бұл елдегі онжылдық химиялық шабуылдар кезінде 400 мыңнан астам вьетнам азаматы қаза немесе мүгедек болды, 500 000 нәресте туа біткен ақаулармен дүниеге келді, ал 2 миллионнан астамы обыр немесе басқа қатерлі аурулардан зардап шегуде.

2012 жылы Қызыл Крест бір миллион вьетнамдықтың «апельсин агентінен» (химикаттардың бірі)  мүгедектік немесе ауру болғандарын жариялады. 2004 жылы Вашингтонның Иракқа шабуыл жасағаны туралы жаңалықтар тарату үшін бұл елге  жіберілген репортерлер АҚШ армиясы Фаллужада фосфор қолданды деп хабарлады. Радиоактивті қауіптер жөніндегі Еуропалық комитеттің ғылыми хатшысы Кристофер Бусби: «Мұндай химиялық қару Ирактағы халықтың генетикалық тұтастығын толығымен жойды», - деді. Оның айтуынша, Ирактың Фаллужасының бүкіл әлемде химиялық қарудың салдарынан  ең үлкен  генетикалық зардап шеккен қала.

Бұл қылмыс еш уақытта ұмытылмайды.

БААС режимнің Сардашт пен Халабчедегі химиялық қылмыстарынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткенімен, бұл     қайғылы апаттың салдары аяқталған жоқ. Осы апаттардың қайталануының алдын алудың жалғыз жолы - адами қылмыстар мен жаппай қырып-жою қаруды жасау мен қолдануды жеңілдететін факторларын бақылауға алу. Бұл үшін халықаралық ұйымдардың химиялық қару-жарақтарды жоюдағы рөлі өте маңызды. Сонда ғана  адамзат қоғамы химиялық қару апаттарына куә болмайтын болашақты көреді деп үміттенуге болмайды.