АҚШ-тың мемлекеттік биотерроризмы және Эбола вирусы (3)
(last modified Wed, 18 Mar 2020 08:17:34 GMT )
Нау 18, 2020 14:17 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың мемлекеттік биотерроризмы және Эбола вирусы (3)

Бұл жолы Эбола вирусының таралуынан АҚШ-тың көрген сауда, саяси және әскери пайдасы жөнінде тоқталамыз.

 

Африкадағы Эбола  вирусының таралуының географиялық ауқымына жасаған шолу вирустың Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне сияқты кедей елдерге таралғанын көрсетеді, бірақ бұл мемлекеттер кедей болғанымен, экономикалық тұрғыдан АҚШ-тың ашкөздігіне себеп болған Құдай берген көптеген байлыққа ие. Басқа жақтан Вашингтон Батыс Африкадағы Қытай мен Реседің экономикалық араласуының алдын алуды көздеуде. Негізінде қырғи-қабақ кезіндегі екі құдырет Кеңес одағы мен АҚШ-тың қару бәсекесі ғалымдарды ауру тудыратын вирустер пайдалану ойға итермеледі. Неге бұл вирустың анықталғанынан 30 жылдан астам өтіп және оған қарсы вакцина шығару үшін 10 жыл бойы маймылдарға сынақ жүргізілгеннен кейін 2013 жылдың соңында бұл вирус Гвинеяда қайтадан басталды?

Гвинея Республикасы - Африка құрлығындағы табиғи ресурстарға бай, бірақ тұрмысы кедей елдердің бірі. Бұл ел алюминий шикізаты бокситтің нақты қорының үштен бір бөліміне ие болып, бокситтің әлемдегі екінші ірі өндірушісі. Негізінде алюминий өнеркәсібі кез-келген елдегі маңызды және стратегиялық салалардың бірі болып табылады.  Гвинеяда алтынның, алмаз бен темірдің айтарлықтай қорына ие. Гвинея астанасы мен басқа көптеген жерлерінде   топырақта темір бөлшектері кездеседі. Батыс Африканың кірісінің көп бөлігі тау-кен өндірістерінен түседі. Сондықтан 10 жыл ішінде 50 миллиард доллар инвестиция салынады деген болжам бар. Бұл инвестицияға қатысты АҚШ пен Қытай арасында елеулі бәсекелестік байқалады. Судың мол болуы және бұл елдің ауа-райы Гвинеядағы   механикаландырылған ауыл шаруашылық үшін қолайлы жағдай туғызды. Кофе, дәнді дақылдар, күріш, банан, тары, жержаңғақ және бал - Гвинеяның ауылшаруашылық экспортының маңызды бөлігі. Осы себептерге байланысты дамыған және дамушы елдер Африка елдеріне, әсіресе Сахараның оңтүстігіндегі елдерге ерекше назар аударады. Эбола вирусының таралуы ошағы болған Гвинея, Либерия, Мали және Сьерра-Леоне елдері жоғары сапалы арзан шикізат боксит, мыс, алтын, темір және басқа заттарды өндіру үшін жақсы мақсат болып табылады. Либерия мен Сьерра-Леоне темір рудасы, алмас және титанға бай минералдардың қатарына жатады. Соңғы жылдары АҚШ-тан басқа, Қытай да Африка құрлығына ерекше назар аударды. 2000 жылы 10 миллиард долларды құраған  Қытайдың Африка елдерімен саудасы 2012 жылы 166 миллиард долларға өсті. Сөйтіп Қытай Африканың  бірінші сауда серіктесіне айналды. Бұл тақырып АҚШ алаңдауын күшейтті. Бейжіңнің Африкаға, әсіресе бұл құрылықтың  батысына ерекше назар аударуы аймақтың шамамен 60 миллиард баррель мұнайға ие болуына байланысты.  Мұнайға деген бәсекелестіктің артуына байланысты энергия көздерін түрлендіру және энергетикалық қауіпсіздік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Батыс, әсіресе АҚШ үкіметі, Қытайды Африканың байлық ресурстарынан алыстатып, бұл аймақта   монополия орнатуға талпынуда. Бұл  үдерісте АҚШ әртүрлі құралдарды, соның ішінде Эбола вирусын пайдаланды.

Эболаға шалдықққандардың белгісіз тағдыры

Эбола вирусына шырмалған аймақтардағы  АҚШ-тың экономикалық пайдасын ескере отырып, Эболамен күресуді сылтауратып, 2014 және 2015 жылдар аралығында АҚШ әскери күштерінің Либерияға көшірілуін немесе Нигер Джибути, Буркина-Фасо және Оңтүстік Судан сияқты елдерде ұшқышсыз ұшақтар базасын  орналастыруы, сондай-ақ АҚШ-тың Малидегі француз күштерін қолдауы. таңқаларлық жәйт емес.   Вашингтонның Батыс Африкадағы ықпалын кеңейту себептерінің бірі - минералды ресурстарға қол жеткізу және Қытайдың аймақтағы күш-қуатына жол бермеу.

АҚШ-тың Африканы үстемдік ету жобасы Джордж Буштың билігі кездегі Мемлекеттік хатшы Дональд Рамсфелд арқылы өзгерді. Бұл тақырып Қытайдың Африкаға еніп, жаңа сауда және энергетикалық келісімдер жасасуға жол ашылған кезде болды. Бұл келісімдердің ішінде Батыс гегемониясына қауіп төндіретін Қытайдың  Ливияның жетекшісі Муаммар Каддафимен сауданы күшейту туралы  келісімдері болды. 2011 жылдың қазан айында АҚШ бұл елдегі бүлікшілерді  НАТО-ның шабуылымен тұспа-тұс Каддафидің өмірін қию үшін қаражат бөлді.

Батыс Африкада Эбола вирусының таралуы бұқаралық ақпарат құралдардың басты хабарына айналғаннан кейін, әлемнің барлық елдері вакцина жасап шығару үшін ақша жинауды ойластырды. Егер Еуроодаққа мүше мемлекеттер 1,3 миллиард доллар, АҚШ үкіметі 100 миллион доллардан астам, Австралия 18 миллион доллар, Ұлыбритания 80 миллион фунт стерлинг және Microsoft компания 100 миллион долларды Массачусетс сияқты АҚШ медициналық зерттеу орталықтарына төледі. Нәтижесінде, Lancet медициналық журналы 2015 жылдың 31 шілдесіндегі нөмірінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Канаданың Эбола вакцинасын жасап шығарғанын деп мәлімдеді. Lancet Medical журналының хабарлауынша, вакцина Гвинеядағы Эболаға шалдыққан көптеген   науқастарда сыналған және ауруды 100% тоқтатты. Сарапшылардың пікірінше, Африкада Эбола вирусының кең таралуына байланысты АҚШ және Канада компаниялары шығарған вакцинаның емге 100%  пайдасы болмағанымен, Канада мен АҚШ үшін тиімді нарық тудырды. АҚШ пен Канаданың компаниялары бір жағынан вакцинаны өндіруге үлкен халықаралық көмек алса, басқа жағынан олардың сатылуынан көптеген ақша түсірді.

АҚШ Африканың батысында науқастарға медициналық көмек көрсету мүмкіндігі жоқ әскери базалар құруда

Эболаның таралуы АҚШ-қа экономикалық пайдадан басқа әскери пайда әкелді. АҚШ Эбола вирусының алдын алу, бейбітшілікті сақтау және Батыс Африкада медициналық топтарды қорғауды сылтауратып, бұл аймаққа әскери күштерін аттандырды. Шын мәнінде, 2008 жылы бұл аймақтағы АҚШ-тың империялық әрекеттерін қадағалау үшін құрылған штабы (AFRICEM) Африкадағы АҚШ жағдайын нығайтуды көздеді.  АҚШ-тың Эбола вирусын тоқтату жобасы аталмыш штабпен басқарылғанымен, бұл вирус АҚШ-тың Либерия сынды елдерде өз әскерилерін орналастыруына сылтау болды. АҚШ бұрынғы президенті Барак Обама 2014-ші жылы 16-шы қыркүйегінде: «АҚШ-тың көмек көрсету әрекеттерін үйлестіру және бақылау   штабы  Либерияда орналасты. Осыдан кейін бұл тақырып қоғамдық пікірде елеулі сезім тудырмай жүзеге асырылды.
Шындығында, Либерия соңғы онжылдықта АҚШ  әскерилер мен әскери техниканы жіберген Африка елдерінің қатарындағы соңғы ел. Эбола вирусының таралуының салдарынан туындаған қоқан-лоққылардың күшеюіне байланысты АҚШ Эболамен күресу және Батыс Африкаға көмек көрсетуді жеделдету деген сылтаумен аймаққа 4000 әскериін аттандыруын жариялады. 2014 жылдың күзінде Обама медициналық орталықтар салу деген сылтаумен Батыс Африкаға 4000 әскериін аттандырды. АҚШ Конгресі 2014 жылдың желтоқсанында өз елінің ішінде және оның сыртында Эболамен күресу үшін 5,48 млрд.   доллар бөлді. Обама өз сөзінде Батыс Африкаға 4000 әскерді  аттандыруды «Американың жұқпалы ауруларды бақылау орталығының құрылу тарихындағы ең маңызды халықаралық реакция» деп атады, бірақ Батыс Африкаға қарулы әскерилерін қандай міндетпен жібергенін нақты айтпады.

БҰҰ-ның Эбола вирусымен күресу күштері

Ақ үй экономикалық және әскери мүдделермен қатар Африкада да саяси мүдделерді де көздеді. Сондықтан АҚШ халықаралық бәсекелестікте Қытай сияқты бәсекелестерін әлсіретуге және жоюға талпынды. Батыстың экономикалық  құлдырауымен тұспа-тұс Қытайда SARS ауруы басталған кезде бұл елдің экономикалық дамуы бәсендеді, Эбола вирусының таралуы қытайлық инвесторларды азайтып, олардың орнына Африкаға АҚШ компаниялары келді. Эбола вирусының АҚШ-тың капиталистік машинасы әкелген тағы бір саяси пайдасы әлемдік БАҚ-та АҚШ-тың гуманитарлық имиджін құру болды.

Әлемнің, соның ішінде Африканың қоғамдық пікірі үшін АҚШ-тың танымалдылығын арттыру бұл елдің жаһандық дипломатиясындағы маңызды мақсат болып табылады, өйткені Ақ үй осы қоғамдық дипломатияның заңдылығының АҚШ-тың әлемдегі миссиясын ең аз шығынмен орындауға мүмкіндік береді.  Обама үкіметі Эбола індетінің алдын алу   гуманитарлық миссияны пайдаланып, Африка құрлығындағы  саяси және әскери позициясын күшейтті. Әрине, АҚШ пен Канада да Эбола вакцинасын қолданды. Екі ел түрлі сылтаулармен АҚШ-ты қолдамайтын Африка елдеріне Эбола вакцинасын беруден бас тартты. АҚШ-тың Эболаның таралуының алдын алуды сылтауратып, Батыс Африкада  орналасуының экономикалық шығындары   Вашингтонның Африкадағы саяси, әскери және экономикалық пайдасымен салыстырғанда өте аз. Аталмыш вирустың өршуі Батыс Африка елдеріндегі, атап айтқанда Гвинея, Сьерра-Леоне және Либериядағы   АҚШ  әсерін күшейтті.

Батыс Африкада халықты қырған Эболаның таралуына АҚШ үлкен рөл атқарды

Айта кететін жәйт  Вашингтон билігі  Техаста Эбола вирусына шалдыққан бір адам табылған кезде, бүкіл АҚШ-та вирусқа қарсы күресетін медициналық топ құруды  бұйырды. Ал бұл вирустан мыңдаған африкалық  өліп жатқан жағдайда, әскери күштерін аттандыруға шоғырланды. Сондықтан Вашингтон Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде өзінің әскери, саяси және экономикалық қатысуын арттыруға, сондай-ақ Қытайға бұл аймақтың кендеріне   жол бермей, Африканың бай елдерімен өзінің сауда-саттығын кеңейтуге күш салуда деген ой туындайды. Бұл үдерісте  мәселе тек кен орындарға қол жеткізу ғана емес, инфрақұрылымға, темір жолдарға, автомобиль жолдарына инвестициялар салу, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық техниканы экспорттау, механикаландырылған фермерлік шаруашылық құру арқылы АҚШ экономикасының өркендеуіне қажет өнімдеріне ие болу болды. Шын мәнінде, американдық стратегтердің көзқарасы бойынша, әлемдік қоғамдық пікірдің қысымынан Африканың байытылған аймақтарында отарлау мен протекторат құбылысы кезіндегі құрылған әскери базалардың жоғалтқан заңдылығын   жұқпалы аурулардың таралуына қарсы тұру сылтаумен қайтаруға болады.

Негізінде АҚШ Президенті Барак Обама Эбола вирусына қарсы тұруды сылтауратып, Африка халқына қажет дәрігерлердің орнына әскери күштерін аттандырды деп айтуға болады. Көптеген тәуелсіз ойшылдар, олардың ішінде халықаралық қатынастар мәселелері жөніндегі американдық сарапшы Кариг Хьюлет, АҚШ үкіметінің Эбола және Африка байланысты әрекеттерін «экономикалық және әскери үстемдік үшін жасалған және әліде жасалуда» деп бағалады. Сөйтіп, АҚШ-тың мыңдаған әскерилеріне соғысқа қатысу үшін Батыс Африкаға барубұйрық берілді. Әрине вирусты АҚШ қарулары емес, дәрігерлер, дәрі-дәрмектер және ДДСҰ жойғанын білуіміз керек. Африка БАҚ-тары Эбола вирусы таралған  және одан кейінгі кезеңде АҚШ-тың африкалық құрлықтағы ұрпақты азайту  сұм мақсатына қол жеткізу үшін қырып-жоятын Эбола вирусын жасап таратуын әшкереледі.  Гвинеяның газеттері мен басқа ақпарат құралдары Эбола таралған кезінде үкімет пен оның шенеуніктерін АҚШ әскерлерінің бұл вируспен күресу сылтауымен елге кіруіне рұқсат етпеуге шақырды.