Діни жетекшінің Наурыз күнгі жолдауы
Аятолла Хаменеи Наурыз күнгі жолдауында Ислам республикасының алдағы мақсаттарын баяндап, жаңа жылдың стратегиялық ұраның белгілейді.
Аятолла Хаменеи ИИР-ның діни жетекшісі болып сайланғаннан бері жыл сайын хиджри-шамси күнтізбесінің Жаңа жылының алғашқы күнінде маңызды мәселелерге тоқталып, Наурыз күнгі жолдауында Ислам республикасының алдағы мақсаттарына баяндап, жаңа жылдың стратегиялық ұраның белгілейді. Бұл ұран алдағы жылдағы басшылар мен халық әрекеттерінің басты мәселесі саналады. Аятолла Хаменеи діни басшылығын бастағаннан бері халықтың рухани дамуымен бірге елдің экономикалық дамуы және мақрұм таптардың тұрмысы, сондай-ақ қаржы, өндіріс және жұмыспен қамту сынды мәселелерге ерекше көңіл аударды.
Ирандағы шамси күнтізбесінің 1399 жылы Исламның ұлық пайғамбарының ұрпағынан шыққан имам Мұса Каземнің (ғ.с.) атымен басталды және бұл адамдарға ғиззат және беділмен жеңіске жету үмітін тудырды. Иран халқы Жаңа жылды илаһи көмекпен бірлігі мен үміті бірлескен жағдайда бастап отыр. Иран халқы жаңа жылда дәрігерлер, медбикелер, басидждер, қарулі күштер мен бүкіл жанкүйерлердің жанкештілігінің куәсі болуда. Жүректер Жаратушыға жақындап, барша рухани өмір мен әсем табиғат туралы ойлануда. Жылды руханият және мұндай көңіл-күймен күтіп алу халықтың жолында кездесетін әр қиындықты жеңуге дайын екенін көрсетеді.
Ислам революциясы жетекшісі хиджри-шамсидің 1399 жылының басталуына орай жасаған жолдауында биылғы жылдың бірінші күнінің хазірет Мұса Каземнің (ғ.с.) шәһид болған күнімен тұспа-тұс келуіне тоқталып, хазіретке сәлем мен салауат айтып, сондай-ақ халықты, әсіресе шәһидтер мен соғыс ардагерлерінің отбасыларын, денсаулық және басқа салаларда қызмет етушілерді алдағы Мабас күні және Наурыз мерекесімен құттықтады.
Иран халқы 1398 жылы көптеген қиындықтардан өтті. Ислам революциясы жетекшісі өткен жылға шолу жасап, қиындықты жетістікке жету үшін пайдалануға болатынын қуаттады. Бұл кісі исламдық тағылымдарға сүйеніп, халықтың қиындықтардан кейін жеңілдік туындайтынына сенімді болуларын қуаттап: «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар»,- деген аятты оқыды.
Ислам революциясы жетекшісі аадмның кейде сынақ түсетінін еске салып, бірақ қиындықтардан өтудін халықтың күш-қуатқа иеленіп, әлемдік салада сенімді болуына себеп болатынына тоқталып: «Иранда 1398 жыл Шираздағы су тасқынымен басталып, коронавируспен аяқталды. Жыл бойы жерсілкініс пен санкциялардың куәсі болдық, бірақ бұл оқиғалардың ең қиыны АҚШ-тың лаңкестік қылмысы және бұл террорда Иран мен Исламның танымал сардары Ғасем Солейманидің қаза табуы болды». Ислам революциясы жетекшісі 1398 жылы қасиетті кесенелер мен шекараларды қорғап, сондай-ақ олардың қолбасшысы болған сардар Ғасем Солеймани мен Абумәһди әл-Моһандес пен олармен бірге және Керман оқиғасы мен, ұшақ апаты, денсаулықты сақтау саласында қызмет етіп шәһид болғандардың отбасыларына көңіл айтып, 98 жылды Иран халқы үшін қиындықтарға толы жыл болды деп тапты. Бұл оқиғалар Иран халқының құлдырау мен шарықтаулардан өтіп, қиын күндер мен сынақтарды сабыр сақтап өткенін білдіреді. Аятолла Хаменеи: «Оңайлық туралы ойлаған халық мақсатына жете алмайды. Қиындықтармен бетпе-бет келіп, рухын сақтап, оларға қарсы тұру халыққа күш-қуат пен сенім береді. келесі мәселе, қиындықтар адамды осалдықтарын түсінуге көмектеседі. Біз барлығымыз осалмыз, әлсіздіктерімізді білгендіріміз жөн»,- деді.
Негізінде өмір жолында екі көзқарас кездеседі: бірі үмітсіздік және басқасы үмітті болу. Бірінші көзқарас бойынша, адамдар қиындықтарды көреді, бірақ оларды жеңетін жолды таппай, өздерін бақытсыз және үмітсіздік сезінеді. Келесі көзқарас үмітті болу. Қиындықтарды көріп, шындықты түсінетін және үмітсізденбей, қиындықтарды пайдаланып, алға ілгерлеуге талпынатындар. Бұл адамдар аятта айтылғандай қиындықтарды көргендерімен шындық жолында қалатындар. Иранда Covid 19-ның таралуы адамдардың әрекететріне әсер етіп, кейбір отбасылар жақын адамдарынан айырылды, бірақ сонымен бірге ұлттың жанашырлығы мен жанқиярлық рухы да күшейе түсті. Бұл туралы Ислам революциясының жетекшісі дәрігерлер мен медбикелерден басқа халықың ерік топтары, студенттер мен діни оқу орындары шәкірттері көмекке асығып, кіші-гірім өндірістер қажет нәрселерді өндіруге көмектесулері туралы айтып кетті. Мәселен, студенттер мен басқа жастар өз еркімен көшелерлі дезинфекциялау мен қарт адамдарға көмектесу жұмыстарға, тегін қолғаптар мен маскалар таратуға қатысуда. Кейбір үй иелері бұл эқиын жағдайда, үйлерін жалдап отырған адамдардан жалдау ақысын алмады. Осы кезеңдегі кейбір батыс халықтарының әрекеттерімен салыстырғанда, Иран халқының бұл әрекеті одан сайын маңызды бола түседі. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, «Халықтың жанкештілігі сондай таңырқататындай болып, тіпті шетелдегі адамдарды мақтауға мәжбүр етті. Иран халқы бұл жағдайда өз қадір-қасиеттерін көрсетті. Мен халқыма алғысымды айтамын, оларды бұл дүние мен ақыретте сый күтеді».
Аятолла Хаменеи Наурыз күні сөйлеген сөзінің басқа бөліміде 1399 жылды «өндіріс серпілісі» жылы деп атады. Бұл мақсатқа тек ынтымақтастық арқылы жетуге болады. егер футбол командасында жұлдыздар жиналса, ірақ олардың ойыны үйлеспесе, олар жеңіске жетпейді. Өндіріс серпілісіне жету үшін ынтымақтастық пен сенім қажет. Ислам революциясы жетекшісі өз сөзінде басшылар мен жауаптылардың өндірістің серпілісімен халықтың тұрмысы ерекше өзгеретіндей амал етуі қажеттілігн қуаттады. Аятолла Хаменеи: «98 жылы өндіріске өзгеріс енді, бір мөлшерге алға ілгереді, бірақ халық тұрмысына айтарлықтай әсер етпеді. Біз өндірісті халық тұмысына оң әсер ететіндей деңгейге жеткізуіміз керек. Әрине елдің экономикалық мәселері аз емес: банкілік, кедең, салық жүйлер өзгерістері, кәсіп пен еңбек кеңістігін жақсарту. Бұл салада өндірістің серпілісі маңызды рөл атқарады. Егер өндірісті алға ілгерлете алсақ, ішкі нарықты қамтамасыз етіп, шетелдік нарықпен де ынтымақтастық ете аламыз. Елдің 80 миллиондық халқымен өндірісті іске қоса алсақ, экономикалық мәселелерді шешіп, санкцияларды өз мүддемізге пайдалана аламыз. Осы кезге дейін санкциялар зиян әкелгнімен, бізді өз мүмкіндіктеріміз туралы ойлануға мәжбүрледі. Сондықтан біз өндірісті қажет етеміз»,- деді.