Сәу 05, 2020 17:04 Asia/Almaty
  • Коронавирусқа қарсы күрестегі Иран халқының жанашырлығы мен жанкештілігі

Иранда тұратын америкалық жазушы Дженифер Грин: «Иранда бүкіл дүкендер мен супермаркеттер тауарға толы және еш уақытта босап қалмайды. Мен кез келген қажет затымды оңай табамын. Мен қызық оқиғаларды көріп, әдемі сабақ алып, олармен өмір сүру үшін Иранда қалғым келеді».

Коронавирус кең таралған елдердің бірі – Иран. 18 ақпанда Иранда коронавирустың таралуы жарияланғаннан осы күнге дейін бұл вирустың алдын алып, тамырымен жою үшін көптеген шара іске асырылды. Иран халқы бұл қатерлі дұшпанмен қарсыласу үшін елдің өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы Ирак диктаторы Саддам армиясының шабуылына қарсы сәтті қорғанысының тәжірибесін пайдалануда. Бұл сегіз жылдық соғыс кезінде бүкіл ел дұшпанға қарсы бірігіп,  діни жетекші, халық, үкімет пен басқа революцияшыл органдар соғыс майданындағы жауынгерлер мен әскерилерге қолдау көрсетті. Осы кезде де дәрігерлер, медбикелер мен басқа медициналық персонал коронавирусқа қарсы күрестің алғашқы шебін құрып, халық, діни жетекші мен үкіметтің басқа бөлімдері оларға ауыр міндеттерін орындауға көмектесуде. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дәрігерлер мен медбикелерге сан рет алғыс айтып: «Бұл күндері баршамыз үшін дәріс болатын және елдің жауапкершілігін көрсететін жанкештілікке куә болып отырмыз. Олар расында Алланың жолында жиһад жасауда»,- деді.  

 

Дәрігерлер мен медбикелер коронавирусқа қарсы күрестің алғашқы шебінде

 

Иранда коронавирус бұл ел АҚШ-тың заңсыз санкцияларымен бетпе-бет келген жағдайда таралды. Бұл санкциялар дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар сатып алуға да кедергі келтірді. Халықаралық қысымдарға қарамастан АҚШ-тың залым үкіметі дәрі-дәрмек санкцияларын алып тастаудың орнына Ирандағы коронавирустың таралуын бұл ел халқының қарсыласуын бұзып, өзінің билеп-төстеу саясатына бағындыру үшін қолданғысы келеді. Бірақ ИИР бұрынғыдай өзінің ішкі әлеуетіне, әсіресе медицина жүйесінің мүмкіндігіне сүйеніп, коронавируспен күресті бастады. Қытайда коронавирустың таралуы басталысымен ИИР денсаулық сақтау саласындағы басшылары ықтият шараларын іске асырып, елде вирусты жұқтырған бірінші адамдар анықталысымен емдеу және коронавирустың таралуының алдын алу жұмыстарын бастады. Сөйтіп тез арада көптеген жабдықталған емдеу орталықтары дайындалып, олардың саны күннен күнге көбейді. Дәрігерлер мен медбикелер жанкештілікпен науқастарды емдеуде көп еңбек сіңірді. Өкінішке орай, бұл жолда олардың бірқатары қаза болып, Ислам революциясының жетекшісі оларды «қызмет шәһиді» деп атады. 

Басқа жақтан Иран дәрігерлері мен фармацевтері коронавирус дағдарысына көңіл бөліп, науқастарды емдеуге кірісіп, тіпті емнің жаңа тәсілдерін қолданды. Олар коронавирусты шетелдік тестерден жылдамырақ әрі дәлірек анықтайтын тестерлер жасап шығара алды. Олар тіпті басқа елдерге экспортталатындай мөлшерде өндіріліп жатыр.

Пациенттерге вирусқа қарсы тұру үшін емделген және құрамында вирусқа төзімді антидене бар адамдардың қан плазмасы енгізіледі. Ирандық дәрігерлер коронавирусқа қарсы вакцина тауып шығару үшін зерттеулерін жылдамд жалғастырып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ирандағы өкілі Кристоф Хамелманн бірнеше медициналық орталықты аралағаннан кейін ИИР-ның   коронавирустың алдын-алу, бақылау және емдеу әрекеттері мен табысын жоғары бағалады. Ол: «Ирандағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарының өте күшті болуы маңызды мәселе. Оларды аралаған делегацияны таңқалдырды. Иран Батыс Азия аймағында  ең мықты денсаулық сақтау жүйесіне ие»,- деп, Иранның вакцина жасау жұмыстарының жылдамдығын өте жақсы деп бағалады.

Саддам режимі армиясының алдындағы қасиетті қорғаныс жылдарында Иран халқы жаунгерлеріне қолынан келгенше материалдық және моральдық қолдау көрсеткендей, осы кезде де коронавирусты жеңу үшін бірігіп, дәрігерлерге қолду көрсетуде. Олардың ең маңызды көмегі денсаулық сақтау органдарының кеңестерін орындауы  саналады. Тазалықты сақтау, жиналыстарға қатыспау, басқалардан аулақ болу және үйде қалу қауіпті коронавирусты жою, медициналық қызмет көрсетушілердің жұмысын жеңілдету үшін ең үлкен көмек болып табылады. Олар сондай-ақ жауапкершілікті түсініп, скрининг жобаларына қатысып, ауруға күдікті адамдарды анықтауға көмектесуде.

Иранның жанкешті халқы, әсіресе жастары денсаулыққа қатысты кеңестерді орындаумен шектелмей, коронавирусқа қарсы күреске шықты. Саддамның әскерлерімен соғыс кезінде маңызды рөл атқарған халықтық ерікті күштері (Басидж күштері) бұл жолы да басқа халықтық күштермен бірге коронавирусқа қарсы үлкен майдан ашты. Олардың кейбіреуі ауруды жұқтыру қатеріне қарамастан, ауруханаларда науқастарға көмектесіп, дәрігерлер мен медбикелердің жұмыстарын жеңілдетуге талпынуда. Жастардың басқалары көшелер мен қоғамдық орындарды дезинфекциялау міндетін өз мойындарына алды. Кейбір адамдар медициналық орталықтардың бақылауымен денсаулыққа қажетті заттарды, әсіресе маскалар тігумен айналысуда.  Иранның мұсылман халқы коронавирусты жеңу және науқастардың жазылуы үшін дұға тілеуде. Олар жеке түрде немесе әлеуметтік желілер арқылы бірігіп, Алладан көмек сұрайды. Өйткені тек Алла Тағала ғана әлемдік апатты тоқтатып, адамдарға денсаулық сыйлайды.

 

Халық көшелерді дезинфекциядауға көмектесуде

Иранда коронавирустың белгілері байқалған алғашқы күндерден бастап Ислам революциясының жетекшісі әрі Иран қарулы күштерінің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи армия мен Сақшылар корпусы күштеріне  коронавируспен күресу  штабымен бірігіп, зардап шеккендерге көмектесуді бұйырды. Аятолла Хаменеидің бұйрығы бойынша,  медициналық орталықтар құрылды. Иран Қарулы Күштері Бас штабының қолбасшысы генерал-майор Мұхаммад Хосейн Бақеридің айтуынша, әскери күштер осы уақытқа дейін ауруханалар салып,  11000-нан астам орын дайындады. Бүгінде 60-қа жуық тұрақты  және бірқатар жылжымалы аурухана, сондай-ақ армия мен Сақшылар корпусының ондаған клиникалары, сонымен қатар көптеген дәрігерлер мен медбикелер коронавирус  жұқтырған адамдарға қызмет көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, коронавирус биологиялық соғыстың салдары болуы мүмкін деген тақырыптың көтерілуіне байланысты ИИР әскері 48 сағат ішінде әртүрлі медициналық құралдармен жабдықталған 2000 орындық орталық салды. Бұл Иранның мұндай шабуылдарға қарсы тұруға дайын екенін көрсетеді.

 

48 сағаттың ішінде салынған 2000 орындық аурухана

Иран халқының коронавирусқа қарсы бірлігін америкалық жазушы Дженнифер Гриннің сөзінен түсінуге болады. Ол әйелімен Иранда өмір сүріп жатыр. 2019 жылдың соңында Грин өз еліне қайтпақ болған, бірақ коронавирустың таралуы және әуерейстерінің тоқтауы оның Иранда қалуына сеебп болды. Дженнифер басында АҚШ-тың санкцияларына байланысты Иран көптеген қиындықпен бетпе-бет келеді деп ойлады. Бірақ ол: «Батыс мемлекеттеріндегі дүкендерге басып кіру және дәретхана қағазы, дезинфекциялайтын заттар мен маскалардың тапшылығы туралы видеоларды көріп, таңғаламын. Иранда бүкіл дүкендер мен супермаркеттер тауарға толы және еш уақытта босап қалмайды. Мен кез келген қажет затымды оңай табамын. Мен қызық оқиғаларды көріп, әдемі сабақ алып, олармен өмір сүру үшін Иранда қалғым келеді»,- деп жазды.

 

 

Тегтер