Жетекшінің 15 шағбан күні сөйлеген сөзі
(last modified Tue, 14 Apr 2020 12:47:00 GMT )
Сәу 14, 2020 18:47 Asia/Almaty
  • Жетекшінің 15 шағбан күні сөйлеген сөзі

Адамзат тарихында бүгінгідей құтқарушыға деген қажеттілікті сезінетін кезеңдер аз болуы мүмкін.

«Адамзат тарихында бүгінгідей құтқарушыға деген қажеттілікті сезінетін кезеңдер аз болуы мүмкін. Әлемнің көрнекті тұлғалары хабардар түрде, халық хабарсыз түрде уәделі құтқарушыны, илаһи құдыретті қажетсінуі әртүрлі мектептер мен әртүрлі қоғамдардың барша халық үшін тыныштық пен бақыт әкеле алмағанын көрсетеді». Бұл Ислам революциясы жетекшісінің шағбан айының 15 жұлдызы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні сөйлеген сөзінің негізгі тақырыбы болды.

 

 

Аятолла Хаменеи

Адамзат сынақтар мен қателіктерінен шаршап, тыныштық іздеп, коммунизмнен батыс демократиясы, либерал демократиясы секілді әртүрлі жолдарды өтіп, көптеген жетістіктерге жеткенімен алаңдаушылықтар мен қиындықтарға шырмалып отыр. Мұның себептері әділетсіздік, кедейшілік, ауру, жезөкшелік, күнә, таптық алшақтық пен биліктің ғылымды теріс пайдалануында. Ислам революциясының жетекшісі теледидардан сөйлеген сөзінде Иран халқы, әлем мұсылмандары мен азаттық талап етушілерді хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күнімен құттықтады.  Аятолла Хаменеи өз сөзінде: «Адамзат әлемнің өмірін өзгерткен таңырқататын ғылыми жетістіктерімен өзін бақытты сезінбейді. Адамзат үкіметтердің ғылым, табиғат, табиғи ресурстарды теріс қолданылуының куә болып отыр. Мұның барлығы адамдардың дүниежүзінің түкпір-түкпірінде алаңдап, құтқарушыны қажет етуіне себеп болды»,- деді. Ғылым, кемеңгерлік пен тәжірибе – адамның көптеген қиындықтарын шешетін илаһи нығметтер. Алайда Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, әділет орнату сияқты кейбір мәселелер дамыған ғылым мен технологияның арқасында шешілмейді. Әділетсіздік ғылыммен қоректенеді, яғни дамыған ғылым әділетсіздік пен соғысқұмарлыққа қызмет етіп, басқалардың жерлерін басып алу және халықтарды билеп-төстеуге қызмет етеді. Аятолла Хаменеи: «Әділет тек илаһи құдыреттің арқасында орнатылады. Барша күткен әділет хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуімен орнатылады. Билік, байлық, денсаулық, адамгершілік, қоғамдық ой-пікір, күнделікті тұрмыс пен дамудағы әділет – бүкіл адамдар үшін уәдә етілген нығметтер»,- деді. 

 

Адамзат бұл күнді күтіп жүр. Бірақ күтуге қатысты түрлі сараптама жасалуда. Кейбіреулер күтуді қол қусырып қарап отыру, әрекетсіздік деп санайды. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша, күту бұл түсініктерден жоғары: күту алға ілгерілеу, даму және дайындық. Аятолла Хаменеи: «Күту – үміт; күту – жарқын келешекке сенім арту; күту – даму»,- деді.  Имам Әли (ғ.с.): «Құтарушының келуін күтіңдер, илаһи мейірімділіктен үміт үзбеңдер»,- деген болатын.   Ислам революциясының жетекшісі күту туралы бірнеше рауаятқа тоқталып: «Құтқарушыны күтудің өзі адам үшін ашылу, үмітсіздіктен шығару, адамды таңырқататын жұмыстарға жігерлендіру, құтқару.  Күту қолды қусырып, әрекетсіз отыру емес, дайындалу. Біз имам Мәһдиді (ғ.с.) күтіп, мәһдави қоғамын құруға талпынуымыз керек. Мәһдави қоғамы – әділет, руханият және білім, бауырластық пен ілім, ғиззат қоғамы»,- деді. Сабырсыздық пен белгіленген уақытқа керісінше, құтқарушыны күтудің белгіленген уақыты жоқ. Рауаяттардың бірінде: «Егер сіз асықсаңыз, Алла да сіздер секілді асығыс шешім қабылдайды деп ойламаңыздар. Әр нәрсенің белгілі уақыты, белгілі хикметі бар. Бұл іс хикметке сай орындалады»,- деп айтылған. Келесі мәселе – көптеген ауыр оқиғалардан кейінгі құтқарылу. Қазіргі кезде әлемде болып жатқан оқиғалар көптеген адамдарды үмітсіздендіріп, өз-өздеріне қол жұмсауға мәжбүрлейді. Бірақ құтқарушыны күтуші адам үмітсізденбейді, сабыр сақтап, жағдайдың өзгеретініне күдіктенбейді. Дұға арқылы  артатын психикалық тыныштық пен нәпсіге деген сенім – құтқарушыны күтудің келесі тұрғысы. Алла Тағала адамға үміт пен илаһи рақым сыйлайды. Шағбан мен Рамазан айларында Жаратушымен сырласып, Аллаға жақындататып, тыныштыққа бөлейтін көптеген дұғалар оқылады. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің келесі бөлімінде  коронавирус пандемиясы мен оның үкіметтер мен халықтар үшін қоғамдық сынақ екеніне тоқталып, бұл ауруды «қазіргі заманғы оба індеті» деп атады. Аятолла Хаменеи елдің дәрігерлері мен медбикелерінің өз денсаулығы мен өмірлерін басқалар үшін қиюдағы жанкештілігін ұлттық мақтаныш деп атады. Олармен бірге  халыққа өз еріктерімен қызмет етіп жүрген діни шәкірттер мен студенттерді, ерікті күштерді, сондай-ақ, өз мүмкіндіктерін тіпті ғылыми салаға негіздеген қарулы күштер мен халықтың бұл ауруға қарсы жұмыстарға қатысуына ерекше назар аудартты.  Ислам революциясының жетекшісі халықтың қатысуына тоқталып, бұл мәселені исламдық мәдениеттің белгісі және батыс мәдениеті алдындағы исламдық мәдениеттің артықшылығы деп атады. Өткен 20 жылда исламдық-ирандық мәдениетті өзгертіп, халықты батыстың өмір сүру тәсіліне бұрғысы келгендердің талпыныстарына керісінше, бұл әрекеттер Иран халқының исламдық ой-пікірі, мәдениеті мен құндылықтарының тамыр жайғанының белгісі.

 

 

Аятолла  Хаменеи Батыстың пандемия кезіндегі әрекеттерін еске салып, кейбір еуропалық мемлекеттердің басқа елдерге арналған маскалары мен қолғаптарын тәркілеуін, халықтың дүкендерге басып кіріп, оларды босатуын, дәретхана қағазы үшін дауласуын, қару сатып алу үшін кезекке тұруы мен қарт науқастарды емдемеуін, коронавирустан қорқып, өз-өздеріне қол жұмсап жатқанын ескертіп: «Бұл оқиғада Батыс мәдениеті мен өркениеті өзінің теріс нәтижесін көрсетті. Батыс мәдениеті жекешілдік пен материализмге, көбінесе атеизмге негізделген. Олардың Құдайға сенімі болғанымен, монотеистік сенімдері терең емес. Бұл да бір мәселе. Батыс сенаторларының бірі осыдан бірнеше күн бұрын жабайы Батыстың тірілгені туралы айтты. Бұл олардың өздерінің сөзі. Біз «одеколон жағып, галстук кигендердің сырт көрінісіне сай келмейтін  Батыстың үрейлі рухы бар» деп айтқан кезде, кейбіреулер таңғалып, сөзімізді теріске шығарады. Олар өздері болса батыстың жабайлығының жаңғыруы  жөнінде айтады»,- деді.

Коронавирус бүгінгі адамзат үшін үлкен әрі қатерлі мәселе. Бірақ ол біздің әлемнің басқа маңызды қиындықтары мен оқиғаларына немқұрайдылық танытуымызға жеткізбеуі керек. Өйткені өткен жылдары дүниежүзі және біздің еліміз үлкен қиындықтармен бетпе-бет келді. Ислам революциясының жетекшісі осыдан 32 жыл бұрын Саддам режимінің Ирактың Халабче қаласы мен Иранның шекаралық аймақтарының кейбір бөлімдеріне химиялық шабуыл жасағанына тоқталды. Сол кезде өркениет пен мәдениет туралы уәж айтатын кейбір үкіметтер Саддамға химиялық қаруларды тапсырды. Осы күнге дейін олардың ешбіреуі қылмыстары үшін жауапқа тартылған жоқ.

Ислам революциясының жетекшісі Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстарды, Вьетнам соғысын, АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракқа жасаған шабуылдарын өткен жылдардың маңызды әрі үлкен оқиғалары деп атап: «Коронавирус дүниежүзілік алпауыт елдердің Палестина мен Йемен халықтарына қарсы  зорлық-зомбылығы мен үстемшілердің қастықтары мен дұшпандығына немқұрайдылық білдіруге себеп болмауы керек. Өйткені, егер біз дұшпандық білдірмесек, олар дұшпандық жасамайды деп ойлайтын кейбіреулердің пікіріне керісінше, үстемшілдер Ислам республикасы жүйесінің  негізі мен діни халықтық демократиясына дұшпандық білдіріп жатыр»,- деп қуаттады.  Ислам революциясының жетекшісі сөзін халықтың қоғамдық тәртіпті сақтап, гигиеналық сұраныстарды орындауына ризалығын білдіріп, ақыл-кеңес берумен аяқтады.

 

 

Тегтер