Коронавирустың қазіргі адамға жолдауы
(last modified Sat, 18 Apr 2020 05:15:47 GMT )
Сәу 18, 2020 11:15 Asia/Almaty
  • Коронавирустың қазіргі адамға жолдауы

Коронавирус Алланың адамға өзінің олар мен бүкіл әлемнің жаратушысы екенін еске салып, адамның ғаламның билеушісі емес екенін ескертуі. Егер адамның білімі илаһи ақыл-кеңестерге, иман мен ақлаққа сүйенбесе, оны қиындықтардан қорғап қала алмайды.

Адам – Алла оған ақыл деген нығметін сыйлап, оны пайдаланып, дұрыс жолды таңдап, өз әлемін құру ықтиярын тапсырған жалғыз жаратылыс. Ғасырлар бойы адамзат бұл үлкен нығметті пайдаланып, көптеген жаңалық ашып, тұрмысы мен тыныштығын қалыптастырды. Орта ғасырлар аяқталып, Еуропада Ренессанс кезеңі басталған кезде жетістіктер мен жаңашылдықтар артты. Ислам өркениетінің бірнеше ғасыры өткен соң ғылым қайтадан маңызды орынға ие болды. Бірте-бірте білім мен ғылым алға ілгерілеп, үлкен жаңалықтар ашылды. Бүгінде адамзат аспанның ең алыс жерлері мен ең кішкентай бөлшекті зерттеуді жалғастыруда. Сондай-ақ, күрделі технологияларды пайдаланып, медицина, байланыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық, сауда салаларына үлкен өзгерістер енгізді. Ғаламтор мен әлеуметтік желілер және олардың кеңеюі адамзат өмірін, тіпті өмір сүру тәсілін өзгертті.

Алайда бұл ғылыми жетістіктер Батыста жаңа ой-пікір қалыптастырды. Қайта өрлеу дәуірінен кейін батыстық ой-пікірдің негізін құрайтын және діни сенімдерге қайшы келетін, ғаламның адамдық орталығы болып табылатын «гуманизм» мектебі ғылыми жетістіктерді өз мүддесіне пайдаланды. Осы мектептің ғалымдары ғылымның адамзат мәселелерін шешетін әлеуетін анықтап, надандықпен күресу үшін  «ғылымның өзіндік ерекшелігі» теориясын құрды. Бұл теорияға сәйкес адам ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, бетпе-бет келетін барлық кедергілерді шешіп, өз ойындағы қоғамды құратын болады. Осылайша, Батыста әлемді жаратқан  Құдайға немқұрайдылық білдіріліп, адам өз  біліміне сүйене отырып, оның орнын басты. Құдайға тек үйлер мен шіркеулерде ғана ғибадат етілетін болды. Құдайдың барлық мәселелердегі рөлін елемеу қоғамдағы рухани болмысты әлсіретіп, барған сайын материализм мен жеке бастың пайдасына бет бұрды.

 

Әлемдегі ғылыми-технологиялық даму

 

 

Бірақ өткен бірнеше ғасырдағы Батыстың жеке адамға негізделген және білімді мәселелерді шешетін жалғыз жол санауы адамзат үшін сәтті болмады. Батыс ойшылдарының үлкен қатесі Алладан, ақылақ пен руханияттан алыстауы болды. Әлем жаратушысы адамды жердегі өз орынбасары санап, оған ақыл мен басқа нығметтерді сыйлағанымен одан өз әлеуеттері мен мүмкіндіктерін материалдық және рухани дамуы үшін пайдалануды сұрады. Негізінде адам өзін табиғаттың иесі санап, оған зиян келтіруде. Ғылымды теріс пайдаланудың салдары тіршіліктің табиғи жүйесінің бұзылуы және климаттың өзгеруіне соқытырып, салдарлары көбірек айқындала бастады. Әртүрлі қару-жарақ өндірісі қазіргі адамзаттың ғылым  мен білімді дұрыс пайдаланбауының тағы бір мысалы. Адам әрдайым қару-жарақ өндірумен айналысқанымен, соңғы бірнеше онжылдықта жаңа ғылымның көмегімен жасалған қарулар көбінесе жаппай қырып-жоятын қарулар болды.   Ядролық, химиялық және биологиялық жаппай қырып-жоятын қару-жарақ кейбір әлемдік державалардың адамдарды өлтіру үшін қолданатын ең қауіпті қаруы болып табылады. Соңғы бірнеше ғасырдағы ғылыми жетістіктер көптеген адамдар үшін пайдасыз болып қана қоймай, оларға зиян тигізетін бағытта болды. Көптеген Батыс үкіметтері өздерінің ғылыми жетістіктерін басқа елдерге үстемдік ету және олардың байлығын тонау үшін пайдаланады. Сөйтіп, адамның білімі үшінші әлемнің көптеген ауыртпалықтарын шешуімен қатар  экономикалық әділетсіздік пен кедейліктің бүкіл әлемде таралуына ықпал етті.

Адамдар ғылым мен техниканы қолдануымен кез келген жұмысты іске асырып, өзін бүкіл нәрсенің билеушісі санап, тіпті мәңгі өмір  туралы ойлап отырған жағдайда Corona деп аталатын кішкентай және микроскопиялық вирус барлық ғылыми-технологиялық жетістікті дағдарысқа тіреді. Алланың орнына ғылым мен білімге табынған адамдар коронавирус пен соның салдарынан өлімге ұшыраудан құтылу жолдарын іздестіруде. Бұл вирус миллиардтаған халықты үйлерінде қамап, оларға тіпті бір-біріне жақындауға рұқсат етпейді. Өздерінің денсаулық сақтау жүйелерін мақтан тұтып, оны ең жақсы жүйе санаған мемлекеттер не істерлерін білмей, көптеген азаматтарының қайтыс болуымен бетпе-бет келді. Осындай ауыр жағдайда Батыстың индивидуалистік және  материалдық  нормаларының жанашырлықты көбірек қажет ететіні айқын көрінді. Карантин кезінде олардың қажет тауар сататын дүкендерінде талан-тараж бен дау-дамай болды. Келесі таңырқататын хабарлар үкіметтердің бір-бірінен медициналық құралдарды ұрлауы жөніндегі хабарлар болды.  Кейбір Батыс мемлекеттерінде қарттар үйлеріне немқұрайдылық білдіріліп, оларды емдеуден гөрі жастарды емдеу жөн саналады.

 

 

Батыстағы индивидуализм рухының кеңеюі мен отбасы институтының әлсіреуіне, кейде құлдырауына байланысты отбасы құрмаған адамдар өз үйлерінде өздерін бұрынғыдан бетер жалғыз сезінеді, сондай-ақ, отбасылық қатынастың осалдығынан жұбайлар, ата-ана мен перзенттері арасындағы қайшылықтар артты. Бәлкім, қаржылық және экономикалық жағдай бәрінен маңызды батыс саясаткерлері мен капиталистері үшін коронавирустың өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің негіздеріне тигізетін экономикалық соққылары ең үлкен қайғы болуы мүмкін. Экономистер пандемиядан кейін үлкен өзгерістер орын алатынын болжауда. Бұл өзгерістерге адамзаттың экономикасын бұзған өте кішкентай вирустың пайда болуы себеп болды.

Алла Тағала болмысында қалыптастырған ақыл мен қырағылыққа ие адамзат бүкіл әлемге таралған аурудан да өтеді. Бұдан бұрын да адамзат жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен бете-бет келіп, оларды жеңді. Олардың барлығы коронавирус сынды: «Әй, адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады?»- деген хабарды жеткізеді. («Инфитар», 6-шы аят). Бұл аурулар мен болжауға келмейтін климаттың өзгеруі сынды қиындықтар адамдарға Дана Жаратушының насихаттарына мұқтаж екендерін еске салады.

 

Иман – ғылымды толықтырушы

 

Коронавирус Алланың адамға өзінің олар мен бүкіл әлемнің жаратушысы екенін еске салып, адамның ғаламның билеушісі емес екенін ескертуі. Егер адамның білімі илаһи ақыл-кеңестерге, иман мен ақлаққа сүйенбесе, оны қиындықтардан қорғап қала алмайды. Ғылым шынайы түрде адамзаттың мүдделері үшін қызмет еткен жағдайда құнды болады, білім иман және ақлақпен бірге болған жағдайда іс жүзінде өз мақсатына жете алады. Иранның әйгілі ойшылы аятолла Мұртаза Мотахари ғылым мен иманды бір-бірін толықтырушы деп атап: «Ғылым құрал жасайды, иман ғылымды жылдамдатады. Иман табиғат туралы ғылымды дамытады, иман адамды тәрбиелейді. Ғылым – ақылдың сұлулығы, иман – рухтың сұлулығы»,- деп жазды. Сондықтан, ғылым мен иман – адамның материалық және рухани тұрғысын дамытатын екі қанаты. Егер қазіргі адам коронавирустан илаһи тағылымдардан тамырланатын ғылым оның рухани және физикалық дамуына әсерін тигізеді дегеннен үлкен сабақ алса, бұл вирустан туындаған  көптеген шығын оның келешегі үшін үлкен пайда да келтіре алады.