Сәу 19, 2020 12:55 Asia/Almaty
  • Коронавирустың әлемнің әртүрлі қалаларындағы таралуы (1)

Адам осы кезге дейін өзін ғылым, білім, шеберлік және технология деңгейіне жетпегенін, осал және қорғансыз екенін, сондай-ақ өмірінің мағынасыздығын ешқашан сезген емес.

 

Қазіргі күндер барлығымыз үшін жат күндер. Адамзат өзін табиғат заңдарын бағындырушы санайтын және дамыған технологияларға ие болған тарихтың кезеңінде қатерлі кішкентай вирусқа шырмалып отырғандықтан, біздің тіршілігіміз бен өміріміздің өте әлсіз екенін түсінуіміз керек.  Күн сайын   дамыған технологияларға ие болып, ғаламның шексіз галактикаларын бағындырғанымызды мақтан тұтып отырған жағдайда COVID-19 әлемдіктерді ойламаған жағдайға тіреді. Осы кезде бүкіл әлем тіршілігін сақтап қалуға талпынуда. Біз Жер ананың табиғатын,   табиғи және жануарлар ресурстарын соғыс олжалары сияқты мақтанышпен құрттық.  Қазіргі кезде де экожүйеге зардап келтіруді жалғастырып жатырмыз.

 

 

Дүниежүзі желтоқсан айының соңынан COVID-19 вирусының жылдам таралуына куә болып, вирусты жұқтырғандар, жазылғандар мен өлгендердің саны әлемнің басты хабарына айналды. Бұл жағдай әлемнің түкпір-түкпірінде тез қалыптасып, алғаш рет Қытайда таралған коронавирус  бүгін  әлемнің барлық еліне жайылды. Қазіргі таңда әлемде 2300000-нан астам адам коронавирусқа шалдығып, 130000-нан астам қаза болды. Бәрінен маңыздысы бұл ауру қоғамдық ой-пікірді шырмады. Осы кезде қоғамдық ой-пікір барлық деңгейде коронавирустың таралуы мен оның қатерлігі туралы хабар таратуда. Коронавирустың ақпараттық және әлеуметтік пандемиясы вирустың өзінің пандемиясынан үлкен әрі қатерлі болуы мүмкін.  

ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус осыдан біра ай бұрын 11 наурызда Швейцариядағы баспасөз отырысында коронавирус әлемнің бүкіл еліне таралмаған және вирусты жұқтырғандардың саны қазіргідей көбеймеген жағдайда әлемдіктер үшін вирустың қатерлі екенін және бүкіл әлемге таралатынын айтты. Әлемде пандемия жағдайы жарияланды. ДДСҰ-ның атқарушы басшысы Майк Райан бұл терминнің пайдалануы туралы: «Пандемия деген термин әлемнің бүкіл халқы жұқпалы аурумен бетпе-бет келіп, оның бір бөлімі аталмыш ауруға шалдыққан жағдайда қолданылады»,- деді.  Пандемияның ұғымы эпидемиядан кеңірек. Пандемия деп ауру бір аймақпен шектелмей, әлемнің түпкір-түпкіріне тараған жағдайда айтылады.

Осы кезде күн сайын COVID-19 вирусының жаңа тұрғылары анықталуда. Әлемнің бүкіл елі вирустың таралуымен бетпе-бет келіп, адамның тіршілігіне осы ауру қатты әсер етіп жатыр. Саяси, қоғамдық, экономикалық, мәдени пікірталастардың барлығы дағдарысқа тіреліп, коронавируспен күрес басты мәселеге айналды. Бірақ бірқатар мамандандырылған медициналық мақалалар мен мәліметтерден басқа, әлі күнге дейін коронавирус індетінің салдарлары туралы нақты дерек жоқ. Сондықтан, COVID-19 ауруының зардаптарын зерттеу үшін  адамзат тарихындағы вирустардың тарихына шолу жасау қажет. Осыған орай бұл құбылысты  физикалық, әлеуметтік және психикалық тұрғыдан қарастырамыз.

Византия империясы мен милади күнтізбесі бойынша 541-542-ші жылдардағы Сасани империясында Юстиниан обасы таралып, екі жылға созылды. Юстиниан обасы кезінде кемінде 25 млн. адам, яғни әлем халқының 13-26 пайызы қаза болды.

 

Шығыс Рим империясындағы Юстиниан обасының таралуы туралы сурет

Келесі эпидемия – «қара шешек» эпидемиясы 1334 жылы басталып, Еуропа, Африка және Азияда таралып, 75-200 млн. адамның өмірін әкетті. «Қара шешек» Еуропа халқының 30-60 пайызының өліміне себеп болды. Бірінші Дүниежүзілік соғыс аяқталған соң 1918 жылы «испан тұмауы» басталды. «Испан тұмауы» тарихтағы ең қатерлі жұқпалы ауру ретінде тіркелді. «Испан тұмауы» Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, тіпті  Солтүстік полюс пен Тынық мұхитының қашық аралдарына дейін таралды. Жарты миллиардтан астам адам «испан тұмауына» шалдығып, 20-50 миллионы қайтыс болды. «Испан тұмауы» пандемиясы 1920 жылдың желтоқсанына дейін жалғасты.

 

Оклендтегі мәжіліс залы "испан тұмауымен" ауыратын науқастарды уақытша орналастыру үшін пайдаланылды

1956 жылы Қытай, Сингапур, Гонконг және Америкада таралған «азия тұмауы» 2 миллион адамның өмірін алды. Құрбан болғандардың шамамен 70 мыңы америкалықтар болды. 1958 жылға дейін жалпы 250 млн.-1 млрд. адам бұл ауруға шалдықты. Көз жұмғандардың көбі қарттар болды. «Азия тұмауы» «құс тұмауының» бір түрі болды.   

СПИД-ті қоздыратын HIV вирусының таралуы алғаш рет 1976 жылы Конго Демократиялық Республикасында байқалды. Бұл вирус 1981 жылдан бері 26 млн. адамның өліміне себеп болды. Оның таралуының шарықтау шегі 2005-2012 ж.ж. байқалды. 2009 жылы Мексикада «шошқа тұмауы» басталып, 2010 жылдың соңына дейін жалғасты. 2011 жылы жарияланған ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесі бойынша бұл вирусқа әлем халқының 11-21 пайызы шалдықты. ДДСҰ ұйымы мамндарының пікірінше, бұл вирус 287-500 мың адамды жалмады. 2009 жылы ДДСҰ әлемнің 199 елінде «шошқа тұмауының» таралғанын мәлімдеді.

Тарих бойындағы пандемиялар мен эпидемияларға жасаған шолу адамзаттың үнемі ұқсас қиындықтармен бетпе-бет келгенін көрсетті. Бүгінде үлкен сынаққа түскен адамзат бұл вирусты нақтырақ танып, оның салдарларын зерттеп, вакцина тауып, оны жеңеді.

 

 

Тегтер