Рамазан 2020: Исламдағы ахкам философиясы (1)
(last modified Sat, 25 Apr 2020 07:08:51 GMT )
Сәу 25, 2020 13:08 Asia/Almaty
  • Рамазан 2020: Исламдағы ахкам философиясы (1)

Ғибадат, құлшылық және өз-өзін тәрбиелейтін қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймыз.

Ғибадат, құлшылық және өз-өзін тәрбиелейтін қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймыз.

Ежелден бүкіл діндердің жақтастары әрқашан ораза, зекет пен осындай ғибадаттардың мақсаты мен философиясы туралы ойланды. Біз шектеулі білімімізбен бүкіл илаһи ахкамның дана, ғалым, хабардар және қырағы Алланың адамды дамытып, кемелдікке жеткізу мақсатында жіберілгеніне назар аударып, ахкам философиясы жөнінде сұрақ қоятын құқығымыз бар ма?

Бұл тақырыпты әртүрлі тұрғыдан қарастыруға болады. Әлем Жаратушысы оның жаратылу мақсаты мен философиясы туралы ойлансын деп адамға үлкен нығмет ақыл сыйлады. Сондықтан адам ахкам философиясы туралы сұрақ қойса, діни міндеттері туралы хабардар болып, оларды ерекше ерік-жігерімен орындайтын болады. Мүмкін, осыған орай хазірет Әли (ғ.с.) Комейлге: «Кез келген әрекет таным мен білімді қажет етеді»,- деген болар. Таным мен білім барлық мәселелерде қажет әрі маңызды болғанымен, діннің барлық мәселелерінде, әсіресе ғибадат ережелерінде, оның орны ерекше. Алла елшісі (с.ғ.с.) рауаяттарының бірінде айтылғандай, «бір сағат ойлану 60 жыл бойы ойланбай орындалған ғибадаттан құнды».

Бұл рауаят бойынша, ислам мәдениетінде діни істерде, әсіресе ойлану саласында сапа өте маңызды саналады. Имам Реза (ғ.с.): «Ғибадат намаз бен оразаны көп орындауымен емес, илаһи істер туралы ойлануымен маңызды»,- деген. Ақыл бізді біліміміз бен хабарымыз жетіспейтін кез келген салада ғалымдар мен мамандардан сұрауға итермелейді. Құранның «Наһл» сүресінің 43-ші аятында: «Егер білмесеңдер, кітап иелерінен  сұраңдар»,- деп айтылған.

Адамдарға ахкам философиясы туралы сұрақ қоюға рұқсат ететін келесі дәлел Құран жолы мен рәсімі және пайғамбарлардың жолы – Алла елшісі (с.ғ.с.) мен оның пәк әулетінің жолы. Басқаша айтқанда, кейбір аяттарда намаз, ораза және жиһад секілді ғибадаттардың философиясы туралы айтылды. Біздің рауаяттар кітабымызда халықтың сайланған илаһи имамдарға қойған сұрақтары мен олардың дәлелді жауаптарына толы. Бұл жолды жалғастырып, ислам ғұламалары әрқашан біздің ғасырымыздың халқының діни сұрақтарына жауап беріп, олардың кейбіреуі кітап ретінде жинақталған. Қазіргі кезде әлеуметтік желілер шекарасыз кеңістікте ахкам ғана емес, наным-сенім, тарих, саясат, ахлақ, фикх, калам және философия салаларындағы сұрақтарға жауап береді. Адамзаттың Құран ғылымы саласындағы білімінің өте төмен әрі шектеулі екенін, сондықтан еш уақытта илаһи ахкамның бүкіл тұрғысын түсіне алмайтынын білген жөн.  Сонымен қатар діни ахкамның дана Алла тарапынан пайғамбарларға жіберілгеніне сенуіміз керек.  Сондықтан бұл ақылға қонымды және мақсатты. Әлемнің бірлігі, біздің болашағымыз, екі дүниедегі біздің бақытымыз бен кемелдігіміз олардың толық және сөзсіз орындалуымен байланысты. Бірақ жаратылған жүйенің ортасында  илаһи  істердің маңызды екенін білуіміз керек. Ғибадат пен құлшылық орталығында жарқыраған хазірет Әли (ғ.с.) былай деген: «Мен үшін өзіңнің пендең болу – мақтаныш.   Жаратушым болғаның – ғиззат».  Келесі бір сөзінде: «Өзіңді жақсы көру мүмкіндігіне ие болу мені өзіңе ғашық етті»,- деді.             
Сондықтан сұрақ қойып, барлық салалардағы илаһи ахкамнан хабардар болу біздің міндетімізді ауырлатқанымен, ең бастысы, өзімізді Жаратушы тарапынан жіберілген бүкіл ахкамды ешбір шартсыз орындауға иман келтірген пенде деп санауымыз керек. Тек Алланың бұйырығы болғандықтан илаһи ғибадатты өз болмысымыз бен қоғамда қалыптастыруымыз керек.