Аятолла Хаменеидің басшылығына шолу
1989 жылы ислам әлемі мен Иран халқы ұлы имамы мен басшысынан айрылды.
ИИР негізін қалаушы имам Хомейни халыққа ислам тағылымдарына сүйеніп, шіріген диктатуралық шах режимін құлату жолын көрсеткен теңдессіз тұлға болды. Ол 10 жыл бойы ең қиын жағдайда ИИР басқарып, заманауи ғасырдағы діни басшының үлгісіне айналды. Имам Хомейниден кейін аятолла Хаменеи дәл сондай адалдық және қырағылықпен ислам жүйесін басқаруды өз мойнына алды.
Аятолла Хаменеидің билігінің алғашқы күндері мен жылдары көпшілік ол кісінің имам Хомейни секілді елді басқаруда маңызды рөл атқарып, Ислам революциясы бетпе-бет келген дұшпанның қастықтарына қарсы тұра алатынына сенбеді. Халықаралық сарапшылар мен мамандар имам Хомейниден кейін Ислам революциясы жойылады деп ойлады. Associated Press имам Хомейни қайтыс болған соң: «Имам Хомейнидің дүниеден озуымен Ислам революциясы аяқталды»,- деп мәлімдеді. Бірақ көп ұзамай саясаткерлер сараптамаларының қате болғанын түсінді. Аятолла Хаменеи елдің жоғары басшысы ретінде халықпен жақын қатынас орнатып, имам Хомейнидің армандары мен мақсаттарын өз бағдарламасының негізіне айналдырды. Аятолла Хаменеи өзінің бірінші сөзінде: «Біз Алламен Ислам мен Құранның, мұсылмандар ғиззатының жолы болған имам Хомейнидің жолын жалғастыруға келісімге келдік. Біз имам белгілеген ешбір мақсатқа немқұрайдылық танытпаймыз»,- деді. Бүлік пен тәртіпсіздік күндері дұшпандарды сәтсіздікке ұшырату және оларды үмітсіздендірудегі діни жетекшінің рөлі белгілі болды. Революцияның дана басшысы өзінің парасатты басшылығымен алаңдаған жүректерді тыныштыққа жеткізіп, қоғамды үміттендіріп, басшы болуға лайық екенін әлемге көрсетті. Аятолла Хаменеи Ислам революциясы жеңіске жетпей тұрып ұзақ уақыт бойы күреске қатысты. Ол қабілетті жазушы болды. Имам Хомейнидің мақсаттарына жету үшін көп талпыныс жасады. Аятолла Хаменеи өмірін күрес жолында өткізіп, күрестің әртүрлі ауыртпалықтарымен, сондай-ақ, мәдени және саяси мәселелермен таныс болды. Сонымен қатар аятолла Хаменеидің елдің жүйесінде әртүрлі негізгі міндеттерді атқаруы халықаралық және жергілікті мәселелерден хабардар болуына себеп болды. Имам Хомейни аятолла Хаменеиді халыққа қызмет етуге лайық санап: «Бүкіл әлемдегі президенттер мен сұлтандар және басқалардың арасында Исламға иман келтірген және шын жүректен халыққа қызмет ететін Хаменеи секілді адамды таппайсыңдар»,- деді.
Исламдық үкіметтің басшысы болып діннен хабардар, уақытты танушы, саясаттарды Ислам негіздеріне сәйкес белгілейтін тақуа адам сайланады. Діни басшы жылдам дұрыс шешім қабылдау қабілетіне ие адам ретінде проблемаларды шешетін жолды ұсынады. Сондықтан егер исламдық үкіметте діни басшылық мәселесі шешілмесе, діннің қоғамның істерін басқарудағы жоғары мүмкіндіктері іске асырылмайтын еді.
Ислам революциясының басшысы елдің жан-жақты салаларындағы тәуелсіздігін қуаттады. Ол мәдени тәуелсіздікті саяси және экономикалық тәуелсіздіктен маңызды санады. Бұл салада ол «Не Шығыс, не Батыс емес» деген саясат ұстанып, әлсіздер мен мақұрымдарды қолдап, бірлік пен ынтымақтастықты қуаттап, жергілікті жастардың дарынын дамытуды ең маңызды мәселелердің бірі санады. Аятолла Хаменеи ғылымды елдің күш-қуатының факторы деп, дүниежүзінегі ғылымның жаңа салаларын меңгеріп, дарынды жастарға сүйеніп, ғылыми қозғалыс құрып, оларға материалдық және рухани қолдау көрсетті. Бұл жұмыстың нәтижесінде елде технология, ядролық ғылым, аэроғарыш ғылымы, медициналық ғылым, биотехнология, нанотехнология және діңгекті жасушалар салалары дамыды. Иран ядролық салада үлкен жетістіктерге жетіп, Исфахан, Натанз, Арак, Бандар-Аббас, Форду ядролық нысандарын құрудан бастап, өндірістің екінші, үшінші буындарын, сондай-ақ, уран байытатын центрифугалар, ауыр су шығаратын Арак зауытын іске қосты. Аятолла Хаменеидің басшылығымен ирандық жастар үлкен жетістіктерге жетіп, билеп-төстеуші жүйелердің халықтың ерік-жігерін жеңе алмайтынын көрсетті.
Ислам революциясы жетекшісінің коронавирус пандемиясы кезінде видео жолдау жариялауы, Иранның медициналық қоғамдастығын қолдауы, Медициналық ғылымдар академиясының басшысымен кездесуі, діни басшының қарамағындағы барлық мекемені Денсаулық сақтау министрлігіне көмек көрсету үшін жұмылдыруы, денсаулық мәселелерін бақылауға алуы, барлық адамдарға жауапты басшылардың ұсыныстарына сай әрекет ету туралы кеңес беруі жасаған жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. Иранның Денсаулық сақтау министрі Намаки аятолла Хаменеидің коронавирусқа қарсы күресті қолдауына тоқталып: «Біз діни жетекшінің қатаң, ғылымға сай және мықты қолдауын көрдік. Діни жетекшінің болуы – біздің жүйенің ең үлкен байлығы. Бұл кезеңде ол кісі шынайы жанашырлығымен бізбен бірге болып, денсаулық сақтау штабының сөзін міндетті түрде орындау қажет деп қуаттады. Бұл өте таңырқататын жайт»,- деді.
Ислам революциясы жетекшісі ерекшеліктерінің біріне кез келген исламтанушы немесе саясаткер аса мән бермейтін істерге көңіл бөлуі жатады. Аятолла Хаменеи парсы поэзиясы мен әдебиетіне үлкен қызығушылық білдіретіндіктен оны көп оқыған. Кейде поэзия кештеріне де қатысады. Поэзияны жақсы көруімен бірге, өзі де өлең жазады. Өнер және өнерпаздармен кездесуге қызығушылық білдіруі – Ислам революциясы жетекшісінің келесі ерекшелігі. Кейбір салаларда эксперт ретінде өз пікірін білдіреді. Аятолла Хаменеи спортты да ұмытпай, анда-санда Альборздың әдемі биіктіктерінде альпинизммен айналысады.
Дәл осы мейірімді және рухани адам ел мен ғиззатты және ислам әлемін қорғау қажет кезде бітімді қабылдамайтын қарсыласу ұстанымымен дұшпандарға қарсы тұрады. АҚШ-тың Стэнфорд университетіндегі ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің сарапшысы өз мақаласында өткен жылдағы Батыстың Ислам республикасына қарсы санкциялары мен қысымдарының артуына тоқталып: «Аятолла Хаменеи бұл қысымдарға бағынбайды»,- деп жазды. Иран халқы Ислам революциясы басшысының парасатты басқаруымен кез келген, соның ішінде АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарсы тұратын тежеуіш күшке ие болып, халықаралық құдыретке айналу қарсаңында тұр.
Аятолла Хаменеи Иранның революцияшыл қоғамын 31 жыл бойы басқарып, дана, күшті әрі қырағы басшы екенін және Иран халқының әртүрлі құлдырау мен шарықтаулар кезінде оған имам Хомейнидің орынбасары ретінде сүйене алатынын көрсетті. Исламдық Иранды жақыннан танитын адамдар Ислам революциясы жетекшісінің ақылды басқаруымен Иран халқының ішкі және халықаралық салалардағы жетістіктерінің күн сайын артып келе жатқанын мойындайды.