Маусым 11, 2020 17:21 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Имам Хомейнидің ерекшелігі

Исламдық Иран коронавирус пандемиясы кезінде де тарихтың ірі сәулетшісі имам Хомейнидің дүниеден озуының 31 жылдығын атап өтті.

Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи теледидарда сөйлеген сөзінде имам Хомейнидің басшылығы мен мақсаты және ерекшеліктеріне тоқталды: «Рәсімдердің қалай өтетіні маңызды емес. Маңыздысы – имамды ұмытпау. Еліміз бен жеке азаматтарымыз қазір де ұлы имамды еске алуды қажет етеді. Дүниеден озғанынан бер біраз жыл өткенімен, имамды ешкім ұмытқан жоқ. Біз ол кісінің сөзі мен ойын пайдалана аламыз»,- деді.

 

Имам Хомейнидің дүниеден озуының 31 жылдығы күні аятолла Хаменеи теледидардан сөйледі

Имам Хомейнидің көптеген ерекшеліктері мен қадір-қасиеттері болды. Аятолла Хаменеи өзгеріс енгізу рухына ие болуын имамның ең маңызды ерекшелігі деп атап: «Имамның шамамен 30 жасында басылған қолжазбаларымен көптеген адам танысты. Бұл жазбасында имам «Саба» сүресінің 46-шы аятының “Шын мәнінде сендерге бір үгіт беремін; Алла үшін екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар» деген бір бөлігін жазып, халықты Алланың жолында көтерілуге шақырды.  Имам Хомейни өз рухымен өзгеріс енгізді. Ол кісі тек сөзі және бұйрығымен шектелмеді»,- деді.

Имам Хомейни өзінің ахлақ сабағы сыныптарында революцияның рухын өзгерткен өзгеріс енгізді. Адамгершілікке үйрету және жүректі дайындау арқылы рухани сезім мен адам табиғатын ынталандыру ұлы имамның жолы болды. Аятолла Хаменеи: «Имам ахлақ туралы айтқан кезде жас діни шәкірттер жылайтын. Имамның сөзі әсерлі болғаны сондай, революцияның рухына себеп болды. Бұл пайғамбарлық тәсіл болды. Пайғамбарлар бүкіл қозғалыстарын адамдардың рухани революциясынан бастайтын»,- деді. Аятолла Хаменеидің айтуынша, имамның қозғалысынан бұрын ондаған жылдар бойы әртүрлі топтар күресті. Бірақ олардың саны бірқатар студентпен шектелді. Имамның қозғалысы бір топ немесе белгілі кәсіппен шектелмей, бүкіл Иран халқына таралды. Халық мұхит сынды. Мұхитты толқыту кез келген аадмның қолынан келмейді. Хауызды толқыту мүмкін, бірақ мұхитты толқыту – үлкен іс. Имам жаңа істі бастады»,- деді.

 

Имам Хомейни

Имам Хомейнидің келесі өзгерісі халықтың бағыну рухын талапшыл рухына өзгертуі болды. Аятолла Хаменеи бұл салада: «Халықтың талапкерге айналу ерекшелігі  41-ші жылы қозғалыстың басталуы мен одан кейінгі 42 жылдың 15 хордадынан революцияның жеңісі мен одан кейінгі жылдары көбірек анықталды. Имам  халықтың өзін кемсіту көзқарасын өзгертіп, оны ғиззат пен өзіне, ұлттық айбынға сенім артуына өзгертті.  Иран халқы өзі қалаған үкіметті сайлау құқығына жетті»,- деді. Имам Хомейни діннің жан-жақтылығы мен оның әлеуметтік аренада болуын қуаттап,  дін үшін жүйе мен өркениет  және қоғамқұру  мен адам тәрбиелеу  миссиясын белгіледі. Нәтижесінде  адамдар дінге деген көзқарасын түбегейлі өзгертті. Аятолла Хаменеи: «Имамның қозғалысы басталған кезде  халық оның келешегіне сенбеді. Яғни, халықтың көз алдынан келешек көрінбеді.  Бұл көзқарас өзгеріп, жаңа исламдық өркениет қалыптасты.  Бұл жағдайға имам әкелді. Халық жаңа исламдық өркениетті құруды көздеуде»,- деді.

Аятолла Хаменеи жас буынға деген көзқарасты өзгертуді имам Хомейнидің енгізген келесі өзгерісі деп атап: «Имам Хомейни жастардың ойы мен амалына сенім артты. Бұл шынайы өзгеріс болды. Мәселен, Сақшылар корпусын құрған кезде имам жасы отызға толмаған жасты оның қолбасшысы ретінде қабылдады. Имам жастарды жүйенің үлкен байлығы санады. Жас пен кәріге бірдей сенім артты»,- деді.

Имамның әкелген келесі өзгерісі алпауыт елдерге деген көзқарасты өзгертуі болды. Сол кезде ешкім АҚШ-қа қарсы сөйлеуге, АҚШ-қа қарсы әрекет жасауға болады деп ойламады. Имам тіпті АҚШ президенттерінің өзі «Хомейни бізді кемсітті» деп айтатындай жағдайға жеткізді. Имам Хомейни алпауыт үкіметтер сәтсіздікке ұшырамайды деген көзқарасты өзгертті. Келешек те олардың ұтылатынын көрсетті. Аятолла Хаменеи: «Бұл өзгерістерді енгізген имам бүкіл нәрсені Алладан деп білді»,- деп қуаттады.

 

Аятолла Хаменеи

Имам Хомейни жылдар бойы халықты адамгершілікке шақырды, бақыт пен жақсылық жолына нұсқады. Бұл салада Ислам революциясының басшысы: «Біз өзгерісті қажет етеміз. Өткен 30 жылда ел имам енгізген өзгерістерге сай алға ілгерілеп, дамыды. Кейбір салаларда инфрақұрылымдарға да өзгеріс енді. Өзгеріс – яғни серпіліс пен даму»,- деді.

Қоғамдардың ілгерілеуі мен құлдырауы адамның еркі мен әрекетіне байланысты. Адамдар дұрыс әрекетенсе, дұрыс алға ілгерілейді. Егер қате әреет жасаса, артқа шегінеді. Құран Кәрім қасиетті «Раад» сүресінде «Өздеріңе жағымды өзгеріс жасасаңдар, Алла Тағала сендер үшін жағымды оқиғалар мен жағымды шындықтарды да жасайды», - деді.  «Әнфал» сүресінің 53-ші аятында: «Міне Алла, бір қауымға берген нығметің; олар, өздерін өзгертпейінше өзгертпейді. Шынында Алла, толық естуші, аса білуші»,- деп айтылды. Діни жетекшінің көзқарасынша,  өзгеріс идеологиялық қолдауды қажет етеді. Аятолла Хаменеи мемлекеттердің құлдырауын Алла жолындағы қозғалыстың нәтижесі деп: «Осы кездегі АҚШ штаттарындағы оқиғалар – әрқашан жасырылған шындықтардың көрінісі. Бұл жаңа мәселе емес»,- деді. Діни жетекші қарусыз америкалық-африкалық қара нәсілді Джордж Флойдтың Миннеаполис полициясының қолынан өлтірілуін АҚШ-тың негізгі бет-бейнесі деп атап: «Полицияның қара нәсілдінің мойнын тізесімен басып, ол өлгенше қысып тұруы жаңа әрекет емес. Америкалықтардың табиғаты осы. Америкалықтар бұл әрекетін Ауғанстан, Ирак, Сирия және басқа да елдерге қарсы іске  асырды. Қазіргі кезде «Тынс алуға рұқсат етіңдер» немесе «Дем ала алмаймыз» – АҚШ-тың әртүрлі штаттары мен қалаларындағы халқының ұранына айналды. Негізінде, бұл АҚШ зорлық-зомбылығымен бетпе-бет келген бүкіл халықтардың ұраны. Менің ойымша, АҚШ халқы өз үкіметі үшін ұялады»,- деді.

 

Тегтер