Ашураның мәңгі қалуының сыры (1)
(last modified Wed, 26 Aug 2020 15:44:27 GMT )
Там 26, 2020 21:44 Asia/Almaty
  • Ашураның мәңгі қалуының сыры (1)

Ашура оқиғасы тек бір кезеңге байланысты оқиға емес. Ол тарихта ұмытылмайтын оқиға.

Тарих бойында көптеген қозғалыстар мен көтерілістер орын алды. Бірақ уақыт өте олар ұмытылып, өз рөлінен айырылды. Олардың барлығына немесе көбіне керісінше, дінсіз басшылардың шайтандық саясаттары мен алдап-арбауларына қарамастан имам Хусейннің (ғ.с.) қозғалысы мен көтерілісі ұмытыламас түгіл, күн сайын зорлық-зомбылық көрген халықтардың күресі мен көтеріліс рухын жаңғыртты, теріске шығарылмайтын және тағдырды анықтаған маңызды мәселені, яғни шындық пен жалғандықтың арасындағы қақтығысты көрсетті.

Ашура көтерілісі тек ислам әлеміне ғана емес, дүниежүзі халықтарының қоғамдық пікіріне  әсерін тигізіп, жыл сайын имам Хусейннің (ғ.с.) Ашура көтерілісін еске алу күндерінің ерекше көңіл күйі халықтарға жаңа дем беріп, халық Арбағин шеруіне де жаппай қатысады.

Ашура оқиғасы тек бір кезеңге байланысты оқиға емес. Ол тарихта ұмытылмайтын оқиға.  Сондықтан әлемнің жәбір көрген халықтарын билеп-төстеушілер мен отаршы үкіметтерден құтқару үшін оны үлгі тұтып, терең ойланып,  мәңгілігінің сырын анықтау қажет. Әлемнің дінсіз билеп-төстеушілері зорлық-зомбылық көрген халықтардың оларға қарсы шығып, олардың билігін құлатады деген ойдан қорқып, түстерінен шошиды.

Осыған орай имам Хусейннің (ғ.с.) тағдырды белгілеген көтерілісінің сырын анықтау шәһидтер көшбасшысы Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) жақтастары мен ғашықтары үшін үлкен міндет болып табылады.  Ашура апатының ғибраты мен рөлін ұмытуға, немқұрайдылық білдіруге болмайды. 

Әрине имам Хусейннің (ғ.с.) көтерілісін еске алу тек аза рәсімдерді өткізумен шектелмейді. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Ислам дінінің дұшпандары Ашура ерлігінің маңыздылығын теріске шығарып, қоғамды уақытты бос өткізуден бас тартуға шақырды.

Шәһидтер көшбасшысы мен имамның адал серіктері өмірлерін қиған Ашура көтерілісінің мәңгілігінің ең маңызды сырларының бірі – хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пәк Ислам дінінің қорғауы. Исламның ұлық пайғамбары дүние салсымен кейбіреулер Құранды Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінен бөлу, хазірет Әлидің (ғ.с.) халифаттан алыстату, жалған хадиястер шығару және Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерін өртеу және маңызды міндеттерді Умайе әулетіне тапсыру, басып-жаншу және Абузар мен Хаджар бен Удай сынды сахабаларды шәһид ету, Құран мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) Сүннеттінің алдындағы иджтихадтарымен пәк Ислам дінің сонша бұрмалап, Язид билігі кезінде Исламның сыртқы көрінісінен басқа еш нәрсесі қалмады. Бұл жағдайда Язид билікқұмарлар арқылы кез келген сылтаумен имам Хусейннен (ғ.с.) бият алу шешім қабылдады. Имам Хусейн (ғ.с.) Марван бен Хакамға: «Біз Алладанбыз және Оған қайта ораламыз. Мұсылмандардың басшысы Язид сияқты адам болса, Ислам апатқа ұшырады деп айтуға болады»,- деген болатын.

Сондықтан имам Хусейн бен Әлидің ең басты мақсаты қоғамда айтарлықтай әсері қалмаған Исламды сақтап қалу болды. Хазірет исламдық қоғамның негіздерінің бұрмалануын және Исламның неге мұндай жағдаймен кезіккенін көрсету үшін Язидтің Мединедегі әкімі Уалид үшін: «Уә, әмір, набаваттың әулеті және ресалятты орталығы бізбіз. Біздің әулет періштелер қарым-қатынас орнататын және Алланың рақметі түсетін орта. Алла Тағала Исламды біздің әулеттен бастады және соңына дейін бізбен алға ілгерлейтін қылып қалыптастырды»,- деді.  Сөйтіп, Хусейн бен Әли (ғ.с.) исламдық үмбеттің имаматы мен басшылығын набават пен ресалят жолынан адастырған  және соңында Язид сынды адамды билік басын әкелген билікқұмарлардың енгізген бұрмалауларын әшкерелеп, ол туралы: «Мен оған бият етуге сұрап отырған адам қолы жазықсыздардың қанына былғанған шарапты жақсы көретін адам. Ол илаһи бұйрықтарды әшкере бұзып, халықтыі көз алдыда күнә жасаған адам. Маған бұл бұзақы адамға бият ету дұрыс болама? Бұл салада сіз бен біз келешек туралы ойлансақ, исламдық үмбеттің басшысы болуға және халықтың бият етуіне кім лайық екенін көреміз»,- деді.

Язидтің ерекшеліктері, шиіт және сунниттік құжаттарға сәйкес, имам Хусейннің (ғ.с.) атап кеткен кейбіреулерінен әлдеқайда көп. Язид бар күш-жігерін Ислам мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) әулетін құрту үшін  қолданған адам. Ол билікте болған кезде: «Хашим әулеті билікпен ойнады, өйткені ешқандай аян болмаған»,- деп мәлімдеді. Әрине, егер Хусейн бен Әли (ғ.с.) Язидтің сұм саясатттарымен келісімге келгенде, Исламның ешбір әсері қалмайтын еді. Бұл салада: «Ислам діні хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) беғсатымен қалыптасса, Хусейннің (ғ.с.) көтерілісімен мәңгі және тұрақты болды»,- деп айтылды. Сондықтан имам Хусейн (ғ.с.), кейбір сахабаларының Кербалаға қарай бет алмауы, өйткені Язидтің нөкерлерінің өлтіретіні туралы ескертулеріне қарамастан және егер көтеріліске шықпаса, Исламның жойылатынын біліп: «Егер Мұхаммадтың (с.ғ.с.) діні тек менің өлімімен тұрақты қалатын болса, семсерлер денеме еніп, жанымды алсын»,- деді.

Қазіргі заманда жаһандық үстемшілер исламға қарсы тұру және мүмкін болса, оны жою  саясатты жүргізуде.  Мұндай сұм саясаттың тереңдігін түсінген Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни: «Қазіргі кезде америкалық ислам хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Исламына қарсы тұрды. «Америкалық ислам»  Умайе исламы, ақсүйектер исламы, Абу Суфиян исламы, билік сарайының арамза  молдаларының исламы, бақытсыздық пен қорлау исламы, ақша мен биліктің исламы, алдау мен тұтқын исламы,  капитал мен капиталистердің езілген мұқтаж адамдарға билік жүргізу исламы. Мұндай жағдайда Ашура көтерілісінен рухтандырылған Хусейннің (ғ.с.) барлық шынайы ізбасарларына ауыр жауапкершілік жүктеледі.Яғни, Хуссейн (ғ.с.) және оның адал серіктері Исламды қорғауға көтерілгендей, қазіргі кезде хазірет Мухаммадтың (с.ғ.с.) қасиетті Ислам дінінің қорғау үшін имам Хуссейннің (ғ.с.) ерлігінің жақтаушыларының арасында сол кездегі алаңдаушылық пен жауапкершілік сезімі қайта жандануы керек.

Қазіргі замандағы исламды жаңғыртушы болған имам Хомейни: «Біз Исламды сақтап қалуға міндеттіміз. Бұл міндет маңызды уәжіптердің бірі. Тіпті намаз бен оразадан маңыздылау. Бұл міндетті орындаған кезде қан төгіледі. Ислам үшін Хусейннің (ғ.с.) қаны да төгілді.  Бұл Исламның құндылығы. Біз оны түсініп, басқаларға үйретуіміз керек»,- деді.

Қорыта айтқанда, Ашура мәңгілігінің сырының бірі Исламды қорғауды мақсат еткен көтерілісі болуында. Ислам, оның бастауы – мәңгі Алланың еркі мен дәлелі. Имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) өз ерігін илаһи ерік-жігермен біріктіріп, мәңгі есте қалатын болды.

 

   

 

Тегтер