Ашураның мәңгі қалуының сыры (2)
(last modified Thu, 27 Aug 2020 09:22:19 GMT )
Там 27, 2020 15:22 Asia/Almaty
  • Ашураның мәңгі қалуының сыры (2)

Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) исламның қасиеттілігін қорғау ынтасы илаһи ерік-жігерге сай және мәңгі есте қалатын оқиғаға айналуына себеп болды.

 

Ашураның мәңгі қалуының сырларының бірі умайелердің шынайы қоқан-лоққыларымен кезіккен Исламды қорғауы болды.  Құранның «Әл-Имран» сүресінің 19-шы аятында: «Алланың қасында шынайы дін Ислам»,- деп айтылды. Алла барлық қастықтар мен сыртқы және ішкі дұшпандандардың  «Алланың нұрын өшіруді қалайтынын әрекеттеріне қарамастан, кәпірлер жек көрсе де Алла нұрын тамамдайды». («Сафф» сүресі, 8-ші аят).

Сондықтан Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) исламның қасиеттілігін қорғау ынтасы илаһи ерік-жігерге сай және мәңгі есте қалатын оқиғаға айналуына себеп болды. Билік пен байлық қуғандар  жалдама нөкерлері арқылы қоғамдық пікірді имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің мақсаты билік және Умайе басшыларын құлатып, таққа өзі отырғысы келеді деп сендіргісі келген жағдайда, Алла елшісінің (с.ғ.с.) немересі: «Уа, Алла, біздің мақсатымыз саяси билікке ие болу болмағанын Өзін білесін, сондай-ақ соғыс арқылы байлық пен мүлікке ие болу емес. Біздің басты мақсатымыз Өзіңнің дініңді жаңғырту, бұзақылықтың тамырын жою және өзгерістер енгізу болды. Біз зорлық-зомбылық көрген пенделеріңді қауіп-қатерден құтқарғымыз келді, олардың бұзылған құқыларын оларға қайтарып, Өзіңнің сүннетіне сай амал етуді көздедік»,- деді. Имамның бұл сөзінен илаһи мақсаттарын көреміз. Дәл осы мәселе Ашура мәңгілігінің келесі сыры болып табылады.  Өйткені Алла үшін жасалған кез келген амал мен айтылған кез келген сөз мәңгі қалады. Құран Кәрім бұл туралы: «Бүкіл жер жүзіндегілер түгейді. Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббың өзі ғана қалады»,- деді. («Рахман» сүресі, 26-27-ші аяттары). Имам Хусейн (ғ.с.) өз заманының ғұламаларына арнап: «Егер сіздер бізді қолдамасаныздар және бізге құқымызды қайтаруға көмектеспесеніздер залымдар күшейіп, Пайғамбарларыңның жарқыраған нұрын өшуге белсенділігін арттырады»,- деді. Хазірет сөзінің жалғасында Аллаға деген иманға сүйеніп: «Алла бізді қолдайды, біз Оған сүйенеміз және Оған қарай ораламыз. Біздің тағдырымыз Оның қолында»,- деп қуаттады.  

Хазірет Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) иманың хазірет Зейнаптың жұбайы Абдолла бен Джафардың тарапынан келген хатқа берген жауабында да көруге болады. Имам: «Аллаға және Оның Елшісіне қарай шақырып, ізгі амалдар жасап, тақуаларға бағынған адамның Алла мен Оның Пайғамбарына (с.ғ.с) қарсы шықпайтыны сөзсіз. Ең жақсы қорғаныс - бұл Құдайдың қорғанысы. Дін саласында Алладан қорықпаған адам ақыретте қауіпсіз болмайды»,- деді.   

Имам Хусейн (ғ.с.) дұшпанның оны Меккеде қасиетті кесененің қасында өлтіріп, Алла үйінің құрметіне нұқсан келтіргісі келетінінен хабардар болған кезде: «Алламен ант етемін, егер Меккеден бір қадам болсада алыстау өлген мен үшін қанымды қасиетті кесенеден алысырақ төккені жақсырақ. Сондай-ақ егер Меккеден екі қадам алысырақ өлгенім, қанымның оның қасында төгілгенінен артығырақ»,- деді. 

Оның үстіне Пайғамбар (с.ғ.с.) Язид пен оның ізбасарларын  жақсы білгендіктен олар соңында Қағбаның қасиеттілігін бұзады деп болжады. Бұл болжамдар хижраның 64 жылы, Язидтің исламға қарсы билігінің үшінші жылы, ол жіберген әскермен жүзеге асты. Олар Мекке мұсылмандарының аз уақытқа созылған қарсыласуын басып,  Кағбаны өртеп, құрметін бұзды.

Исламның құндылықтарын жою үшін билік басында отырған Умайе әулетіне керісінше набават пен имамат орталығында тәрбие көрген  имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) олардың құрметсіздік білдірулеріне алаңдап, өз көтерілісінің илаһи екенін көрсетуге талпынып, үнемі халық пен ғұламаларға өз амалдарын Алла қабыл ететіндей орындауға, билік пен байлық туралы ойлап, набават әулеті және мұсылмандармен күресуді мақсат ететіндерге наразылық білдіруге шақырып, үнсіздігі немесе немқұрайдылығымен оларға Исламға қарсы мақсаттарын жүзеге асыруға себеп болмауларын ескертті. Имам: «Олар шайтанға еруді парыз етіп, Құдайға мойынсұнудан бас тартып, бұзақылықты таратып, илаһи құндылықтардан алыстап, қоғамдық мүлікті тонап, Алланың тыйым салған нәрселерін халал етіп, халалын харам етті. Мен бұл жағдайды тоқтатуға ең лайықты адаммын»,- деген болатын.

Тек илаһи ниетпен басталған күрес пен көтерілісте шәһидтер көшбасшысы Аллаға сүйеніп, үнемі қатынасын үзбеді.  Аззатықты аталп етушілердің басшысы Ашураға қараған түні дұшпанның шабуыл жасайтынын сезіп, хазірет Аббасты дұшпанға жіберіп, бұл түнді оларға беруді сұратып: «Біз Жаратушымыз үшін намаз оқығымыз келеді, дұға жасап, кешірім сұраймыз. Алла тағала менің намаз бен Құран оқуды оқып, дұға жасап, кешірім сұрауымды жақсы көретінімді біледі»,- деді.

Хазірет Хусейн бен Әли (ғ.с.) мен адал серіктері илаһи сенімді панажайында Алламен сырласу және дұға оқумен айналасып, рауаят бойынша әуеде сондай тыныштық қалыптастып, тіпті аралардың дыбысы естіліп, Ашура күні теңсіз шайқаста шәһид болуларын білдіретін ешбір белгі байқалмады. Ашура күнінің түс кезінде Әбу Самаме Саеди имам Хусейнге (ғ.с.) зуһр намазының уақытының келгені туралы еске салған кезде, хазірет: «Намазды есімізге салдын, Алла сені намазхандар қаатрына енгізеді»,- деді.  Дұшпанның оқтары аспанның метеориттері сынды бастарына жауғанына қарамастан имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктері намаз оқып, олардың кейбіреулері шәһид болып, Ашураның мәңгі тарихының алтын беттерін арттырды.  

 

 

Тегтер