Ашураның мәңгі қалуының сыры (3)
Хазірет Хұсейн бен Әлидің (ғ.с.) толық илаһи ниетімен қасиетті Ислам дінінің қорғау үшін көтерілуі мен Аллаға деген иманы Пайғамбар (с.ғ.с.) немересінің қозғалысын мәңгі еткен екі маңызды ерекшелік болды. Имам Хусейн (ғ.с.) көптеген ғасырлар өткеннен кейін де адамзатты шабыттандыратын қасиетті құндылықтарды ұсынды. Бұл құндылықтар адамдардың Алланы іздейтін болмысында қалыптасып, шекараны танымайды.
Имам Хусейн (ғ.с.) бүкіл серіктері шәһид болып, қорғайтын адам қалмаған және өзінен қан ағып жатқан жағдайда дұшпан әскерінің әйелдер мен балаларға шабуыл жасағысы келетінін көрген кезде: «Уа, Әбу Суфиянның жақтастары, дінге сенбей, ақырет әлеміне қайтып оралудан қорықпасандар, ең болмағанда бұл дүниедегі өмірлеріңде еркін адам болыңдар",- деп айқайлады. Бұл тұрақты жолдау кез келген адам мен қоғамның саяси, нәсілдік, ұлттық және мәдени шекараларға қарамастан, жоғары моральдық және адами құндылықтарды ұстана алатынын айқын көрсетеді. Аталмыш құндылықтар барлық зорлық-зомбылықтарды, қылмыстарды, соғысқа шақыруды, сенімсіздік, мазасыздық пен дағдарысты жоя алады.
Хазірет Әли (ғ.с.) ұқсас сөзінде: «Жәннәтқа үмітті болмасақ, тозақтан қорықпасақ, сыйға ие болмаймыз. Адамгершілікке ие болуға талпынайық. Өйткені адамгершілік ахлақи құндылықтарға ие болуға көмектеседі»,- деді. Исламның ұлық пайғамбары да өз беғсатының философиясын қорғап, шамамен 14 ғасыр бұрын: «Мен алланың тарапынан ахлақи құндылықтарды толықтыру үшін жіберілдім»,- деп жариялады.
Сондықтан Ашура көтерілісінің мәңгілігінің келесі сыры имам Хусейннің (ғ.с.) шабыт беретін қозғалысының жолдауының тек белгілі бір топ, нәсіл және халыққа ғана байланысты емес, азаттықты талап ететін бүкіл адамдарға қатысты болуы. Болмысы мен жүрегі таза кез келген адам мен қоғам имам Хусейнді (ғ.с.) қолдады. Бұл қолдауды Арбағин шеруінде көруге болады. Жыл сайын әлемнің түпкір-түпкірінен әртүрлі діндер мен елдер өкілдері Арбағин шеруіне қатысып, әлемдіктерде таңғалдырып, ислам әлемі дұшпандарын ызаландырады.
Имам Хусейннің (ғ.с.) ерлігін мәңгі еткен келесі маңызды фактор ағартушылық пен білімнің артуы болып табылады. Тарих бойында орын алған көптеген қозғалыстар мен көтерілістерде білім мен ағартушылық сондай рөл атқармады. Кейбір пан түркизм немесе пан арабизм сияқты қозғалыстар тілдік ортақтыққа сүйенді, ал ақ нәсілді, қара нәсілді, үндістер немесе сары нәсілділер қозғалыстары нәсілдік наным-сенімдер мен кемссітушілік негізінде пайда болды. Ал басқалары ұлтшылдық мақсаттарымен құрылып, ақырында коммунизм мен социализм сияқты материалистік және шектеулі идеологиялары бар топтар бас көтерді. Бірақ логикалық негіздері мен жаһандық және халықаралық жолдауларының жоқтығынан олар уақыт өте құлдырады. Бірақ имам Хусейннің (ғ.с.) ерлігі өзінің илаһи, адамдық және логикалық ұстанымдары, білімі, санасы мен парасаттылығының арқасында әлем халықтарының есінде ұмытылмады.
Басқаша айтқанда барлық пайғамбарлар мен илаһи басшылар ақылға сай келетін негіздерімен илаһи армандарға қарай шақырып, еш уақытта ешбір жағдайда өз көзқарастарын қоғамға таңымады. Өйткені мәжбүрлеген наным-сенімнің ұзаққа қалмайтынын жақсы білді. Имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) пайғамбарлар жолын жалғастырды. Имам Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) жолы ағарту, хабардар етуді арттыру жол болды. Көтерілісін басталған сәттен бастап имам Хусейн (ғ.с.) Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабалары және танымал тұлғалармен, сондай-ақ жақын туыстары және тіпті умайядтардың жалдамалыларымен кездескен кезде үнемі ағарту және түсіндірумен айналысып, ойланбай шешім қабылдаудан тартынуға шақырды. Жарық пен қараңғылық, шыңдық пен жалғандық бетпе-бет келген жағдайда тек парасатты адамдар біліміне сүйеніп өз жолын анықтайды. Хазірт Әли (ғ.с.) қырағы адам туралы: «Парасатты адам сөздерді естіп, олар жөнінде ойланып, бағалап, ғибрат алатын және нәтижесінде анық жолда қадам басып, шыңырауға құлаудан алыстайтын адам»,- деген болатын.
Тарихи деректер бойынша, имам Хусейннің (ғ.с.) барлық адал серіктері парасатты және хабардар адамдар болған. Имам Хусейн (ғ.с.) дұшпанның қорытынды соғысу шешімін қабылдағанын сезген кезінде Ашура күніне қараған түнде серіктерінің ортасында: «Сендер азат сындар, сендерге түнның қараңғылығын пайдаланып, отбасыларына, өз қалаларына оралуларына және өлімнен өздеріңді құтқаруға рұқсат етемін. Өйткені дұшпаның тек менімен ісі бар, егер маған қолы жетсе, басқалармен жұмысы жоқ. Алла сендерге жақсылық пен сыйын беерді»,- деді. Имам бұл сөзімен серіктеріне шешім қабылдауларына мүмкіндік бергісі және оларды хабардар болу деңгейін арттырғысы келді. Олар хазіреттің бұл сөзінен кейін бірінен соң бірі орындарынан тұрып, бірге қалатындарын жариялады. Саад бен Абдолла деген серігі: «Алламен ант етемін, жетпіс рет өліп-тірілсем де еш уақытта сізді қолдаудан бас тартпаймын», сондай-ақ Зуһайр бен Қейн: «Уа, Алла елшісінің перзенті, Алламен ант етемін, өзіңді қолдау жолында мың рет өліп-тірілуге дайынмын»,- деді. Дәл сол сәтте имамның тағы бір серігі Мұхаммад бен Башир Хазрелдің перзентінің тұтқынғатүскен туралы хабар жетті. Имам оған: «Сен азатсын, перзентіңді тұтқыннан босатуға талпың»,- деді. Мұхаммад бен Башир: «Алламен ант етемін, мен еш уақытта сіздің қасыныздан кетпеймін. Тіпті даланың жыртқыштары мені бөлшектеп, тамақтансада, сізді қолдаудан қол тартпаймын»,- деп сөзін жалғады. Хазірет Аббас та өмірінің соңғы сәтіне дейін имам Хусейннен (ғ.с.) алыстамады. Имам Садық (ғ.с.): «Көкеміз Аббас бен Әли терең түсінік пен иманға ие болды. Ол имам Хусейннің (ғ.с.) қасында күресіп, илаһи сынақтан беделмен өтіп, соңында шәһид болды»,- деген. Хиджридің 61 жылының мұхарам айының тоғызыншы жұлдызы, Тасуа күні батқан кезде хазірет Аббастың жақындарының бірі саналатын дұшпанның әскеріндегі Шемр бен Зиджушан қараңғы түнде имам Хусейннің (ғ.с.) адамдары тоқтаған жерге жақындап, оған: «Мыңа хатты Куфенің басшысы тарапынан әкелдім, егер Хусейнді (ғ.с.) жақтаудан бас тартсан, аман қаласын»,- деді. Бұл сөзді естіген кездегі хазірет Аббастың шешімі хабардарлық пен парасаттылықтың ерекше көрінісі болды. Хазірет Аббас үш бауырымен шатырынан шығып: «Саған және сенің хатына Құдайдың қарғысы мен қаһары тисін. Бізге хазірет Фатиманың (ғ.с.) ұлы, Алланың жолындағы ең адал жанкеш адам Хусейнді (ғ.с.) жалғыз қалдырып, дінсіздің билігіне бағын дейсін бе»,- деді. Егер хабардарлық пен парасаттылық болса, адамның ерік-жігерін тұрақты етеді және ол ешбір қиын жағдайды күмінденбейді, сондай-ақ өмірінің соңғы сәтіне дейін имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктері сынды қисынды және қасиетті армандарынан артқа шегінбейді, сөйтіп мәңгі есте қалады.