Қыр 03, 2020 19:28 Asia/Almaty
  • Ашураның мәңгі қалуының сыры (4)

Азаттық - қозғалыс пен серпілістің негізгі шарты.

 

Хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) қасиетті ислам мәдениетінде әр адамның болмысындағы ерекшеліктерінің азат өмір сүру болып табылады.  Себебі адам бостандыққа қол жеткізгенде ғана жеңіл, белсенді және көңілді өмір сүре алады, руханият пен адамгершілік кеңістігінде еркін болып, өзін өмірдің материалдық жылтырына тәуелді болудан құтқара алады. Азаттық - қозғалыс пен серпілістің негізгі шарты. Қай діни немесе саяси жетекші әлемдегі өзгерістердің себебі болды?

Шәһидтер көшбасшысы имам Хұсейн бен Әли (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктері азаттықтың көрінісі және  Ашураның мәңгі қалуының келесі себебі болды. Олар әлем мүлкі, билігі мен байлығы туралы ойлаудын орнына өздерінің Алла берген жоғары адамдық қадір-қасиеттері мен құндылықтарын сақтау, қорлық пен тұтқын тұзағына түсіп қалмау үшін өздерінің жоғары ұстанымдарын сатпайды. Алла Тағала адамды азат қылып жаратты. Құранның «Тәубе» сүресінің 111-шы аятында: «Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннәттен айырбастап алды. Олар, Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тәуратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне осы ірі қол жетушілік»,- деп айтылды.

Хазірет Хұсейн бен Әли (ғ.с.) әлемдегі азат адамдарға өзінің тәуелсіздігін көрсету үшін Куфеге аттандардан бұрын сол кездегі әйгілі ақындардың бірі Фараздақпен кездесті. Фараздақ: «Уа, Алла елшісінің перзенті, Куфе тұрғындарына қалай сенесін? Олар көкеннің баласы Мүслім  бен Ақил мен оның серіктерін өлтіргендер»,- деді. Хазірет Мүсілім үшін дұға жасап: «Ол Аллаға қарай аттанды. Міндетін орындады. Бізде өз міндетімізге табандымыз. Дүние көркем деп саналса да, ақырет - илаһи сауап пен сыйдың мекені екені белгілі. Ақырет әлдеқайда жоғары және мәртебелі. Егер илаһи тағдыр адамдарды өлім үшін жаратқан болса, Алланың жолында семсерден өлу жақсырақ. Адамға өмір сүретін күндері санаулы, сондықтан жақсы өмір сүру үшін ашкөздіктің азырақ болғаны жөн»,- деді.

 Имам Хұсейннің (ғ.с.) адал серіктері хазіреттен үлгі алып, бүкіл дүние мүліктеріне теріс қарап, шәһидтер көшбасшының шақыруына шынайы қабылдады. Олардың бірі Имам Хұсейн (ғ.с.) Куфеге қарай бет алған кезде әйелімен бірге қажылықтан Куфеге оралып келе жатқан Зохеир болды. Зохаир жақындары және серіктерімен дастарханның басында отырған кезде имамның елшісі келіп, оны шақырды. Зохеир не істерін білмей, үнсіз қалғанда әйелі Долһам бент Амру: «Алла елшісінің перзенті саған адамын жіберіп тұрғанда, сен бармайсың ба?! Сұбхан Алла! Қасына барып, сөзін тыңдап кел!»- деп оның есін жиғызды. Зохеир орнынан тұрып, имамға барды. Қайтып келгенде Зохеир өзге адам болды. Ол имамның оған не айтқаны және өзінің не естігені туралы еш нәрсе айтпады. Алайда, қалай болғанда да оның тағдыры өзгерді. Зохеир шатырын жинап, оны имам Хұсейн (ғ.с.) мен хазіреттің серіктерінің шатырларының қасына апарып тігуді бұйырды. Содан соң әйеліне қарап: «Сен азатсың, отбасыңа қосыла аласың. Өйткені, мен саған мен тарапымнан жақсылықтан басқа нәрсенің қалғанын қаламаймын»,- деді. Содан кейін серіктеріне бұрылып: «Араларыңда кім шәһид болғысы келсе, маған ерсін. Болғысы келмесе, кете берсін»,- деді.

Өз жолын хабардар түрде таңдаған Зоһейр имам Хұсейн (ғ.с.) қозғалысында маңызды рөл атқарды. Ашура күнінің таңында дұшпанның имам Хұсейннің (ғ.с.) лагеріне шабуыл жасағанын көрген кезде, Зоһейр майданға шығып, оларға: «Уа, куфеліктер, мен сендердің Алланың азабына түсетіндеріне алаңдаудамын. Мұсылман мұсылман бауырына ақыл-кеңес айтып, хабардар етуге міндетті. Қаззіргі кезде біз бауырмыз, бір дінді қабылдадық. Біз бен сендердің арамызда қылыш көтеріліпі, дұшпандығымыз жалғаспаған жағдайда насихатымыз жарасады. Бірақ біздің шыңдығымыз бен сендердің жалғандықтарыңның ортасына семсер көтерілген кезде, шекарамыз бұзылады. Алла сендер мен бізді Пайғамбардың (с.ғ.с.) пәк әулетімен сынап, біздің қалай әрекеттенімізді көреді»,- деді. Зоһейрдің сөздері амави жалдамалыларына әсерін тигізбеді, билік пен байлықтың жақтастары оны балағаттады. Олар дінге қарсы басшысын мадақатады. Бұл надандық пен құлдықтан шаршаған Зоһейр соңында имамнан (ғ.с.) рұқсат алып, соғыс майданына аттанды. Ол шәһид болуынан бұрын дұшпанмен қақтығысып жатып: «Мен Зоһейр Қайннің перзентімін,  қылышыммен Хұсейнді (ғ.с.) қорғаймын. Хұсейн (ғ.с.) Алла елшісінің екі немересінің бірі. Жақсылық пен тақуалық бұл әулеттің зейнеті.  Ол Алланың пәк елшілерінің бірі. Мен олардың дұшпандарымен соғысып, бұл соғысқа қатысқанымды мақтан тұтамын»,- деген өлеңің айтып жүрді.

Азаттыққа жеткен, яғни адамның бұл дүние мен ақырет бақыты мен кемеліне жетуден алыстататын нәрселердің тұтқынынан босаған адамдардың бірі Хур бен Язид Риаһи болды. Ол Убайдолланың қолбасшыларының бірі және имам Хұсейннің (ғ.с.) керуенің тоқтатуға міндеттелген еді. Хур мыңдаған сарбазымен имам Хұсейн (ғ.с.) мен хазіреттің серіктерінің алдынан шықты. Имам Хұсейн (ғ.с.) Хур әскері мен олардың аттарына су беруді бұйырды. Намаз уақыт келіп, Хур мен оның адамдары имамның артынан намаз оқыған соң, Хұсейн бен Әли (ғ.с.) жолға шығуды бұйырады. Сол кезде Хур: «Біз сізді Убайдоллаға ертіп баруға міндеттіміз»,- деді. Бірақ имам Хұсейннің (ғ.с.) қарсылығымен кезікті. Хур Убайдолла әскеріне оралды, бірақ тыныштық таппай, тағдырының жол айрығында тұрып, не істерін білмеді. Соңында өзін билік пен байлықтан азат ету шешім қабылдады. Әсіресе имам Хұсейннің (ғ.с.) шақыруын естіген кезде, көкесінің қасына барып: «Сен Хұсейнмен (ғ.с.) соғысасың ба?». Умар: «Алламен ант етемін, онымен соғысып, кемінде аяқ-қолдарымыздан айырыламыз»,- деді. Ұжданы оянып, тыныштығынан айырған Хур соңында тағыдырын өзгерткен шешім қабылдап, имамның шатырларына қарай асықты.  

Хурдың Убайдолла әскерінің орналасқан жерінен кеткісі келгенін сезген адамның бірі одан: «Неге кету шешім қабылдадын?»- деп сұрады. Хур: «Өзімді жәннәт пен тозақтың арасында сезінемін. Алламен ант етемін, жәннәттан басқа жерге барғым келмейді»,- деп жауап берді. Хур имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктерін су жоқ тақыр жерде қалдырғаны үшін ұялып, хазіреттің шатырларына қарай жақындап: «Мен өкініп, қайтып оралдым. Мен тәубемді қабыл етесізбе?»- деп сұрады. Имам: «Алла тәубенді қабыл етеді»,- деді. Хур қуанып, кез келген азат адам сынды өзін жеңіл сезінді. Көп ұзамай Язидтің жалдамалыларына қарсы соғысқа шықты. Ол шәһид болып, мәйітін Кербала шәһидтерінің шатырына әкелген кезде, имам Хұсейн (ғ.с.): «Оның шәһид болуы пайғамбарлар мен олардың әулеттерінің шәһид болағы сынды»,- деді. Басқа рауаят бойынша, Хур өлерден бұрын хазірет оған қарап: «Сен азатсын, анаң сені Хур деп атағандай, сен бұл дүние мен ақыретте азатсын»,- деп айтты.  

Имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктерінің азаттығының келесі үлгісі өзі, әйелі мен анасы Кербалада маңызды рөл атқарған Уаһабтың отбасы болды. Бұл жас жігіт Язид әскеріне қарсы шығып, дұшпанның көбін өлтірді. Бірақ соңында олар оның екі қолын шауып тастайды. Әйелі оның қасына келіп, Уаһаб одан қайтуды сұраған кезде: «Сенің қасында қаламын, дұшпанмен соғысып, шәһид боламын»,- деп жауап берді. Имам Хусейн (ғ.с.) оған: «Менің әулетімнен жақсылық сіздерге тиеді. Алланың мейіріміне ие боласындар. Әйелдердің қасына қайт»,-деді. сол кезде Убайдолланың жалдамаларының бірі Уаһабтың басын денесінен кесіп алып, имам Хұсейннің (ғ.с.) тоқтаған жеріне қарай лақтырды. Уаһабтың анасы перзентінің басын қолына алып, бетіндегі қаның сүртіп, дұға оқып: «Ұлымның шәһид болғанын көрсеткен алланы мадақтаймын»,- деді. Содан соң ұлының басын Убайдолланың тұрған жерінеқарай лақтырып, жалдамшылардың біріне тиіп, оны өлтірді. Шемрдің қызметшіс бұл сахнаны көріп, Уаһабтың анасына шабуыл жасап, оны қаза етті. Сөйтіп Уаһабтың анасы шәһид болды.

 

Тегтер