Қыр 05, 2020 20:17 Asia/Almaty
  •  Ашураның мәңгі қалуының сыры (5)

Зорлық-зомбылықпен күресу имам Хұсейн (ғ.с.) ерлігінің келесі мақсаты әрі мәңгі қалуының сыры болды.

 

Илаһи пайғамбарлардың негізгі мақсаты билеп-төстеуші, залым жүйелерді құлату болды. Олардың барлығы Алланың тарапынан зорлық-зомбылық жасайтын биліктерді жойып, әділетке негізделген жүйені құруға міндеттелді. Құран мен тарихтың айтуынша, тек бір Аллаға құлшылық етудін туын көтерген хазірет Ибраһим Намрудқа, хазірет Мұса Перғауынға, хазірет Иса Римның билікқұмар Цезаріне және Исламның ұлық пайғамбары құрайштардың ақсүйектері мен көне Иранның менменшіл басшыларына қарсы тұрды. Барлық пайғамбарлардың мақсаты зорлық-зомбылық көрген адамдарды құлдық пен тұтқыннан құтқару және олардың ғиззат талап ету және қорлыққа қарсы рухын жаңғыртып, азаттықтың нығметтін пайдалануға жағдай жасау болды.

Набават орталығында тәрбиеленген және пайғамбарлардың беғсатының философиясымен басқалардан артық таныс болған хазірет Әли (ғ.с.) тауһид туралы: «Расында Алла Тағала адамдарды құлдықтан және билік пен байлыққа құлшылық етуден құтқару және оларды Аллаға ғибадат және құлшылық етуге жігерлендіру үшін Мұхаммадты (с.ғ.с.) пайғамбарлыққа сайлады»,- деген болатын.

Жалпы көзқарас бойынша, озбыр билеушілер зорлық-зомбылық арқылы ұлттарды бағындырып,  өз мақсаттарына жету үшін адамға қарсы қоқан-лоққылар  мен басып-жаншуды пайдаланды. Алайд илаһи пайғамбарлар зорлық-зомбылық пен дінсіз билікке қарсы күресіп, халықты хабардар етіп, тауһидтік азат ой-пікірді таратып, адамдарды қорлық шынжырынан құтқарды. Құран Исламның ұлық пайғамбары туралы: «..үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді»,- деді. («Ағраф» сүресі, 157-ші аятынан).

Шәһидтер көшбасшысы хазірет Хұсейн бен Әли (ғ.с.) қорлықты қабылдамайтын уаһи және ғиззат тағылымдарынан нәр алып, амавилердің зорлық-зомбылығына қарсы көтерілді. Бақсаша айтқанда зорлық-зомбылықпен күресу имам Хұсейн (ғ.с.) ерлігінің келесі мақсаты әрі мәңгі қалуының сыры болды. Имам Хұсейн (ғ.с.) Муавиенің Сеффейндегі соғысқұмарлығын, хазірет Әлиге (ғ.с.) қарсы террорды, Хаджар бен Удай мен серіктерінің  шәһид болуларын, Малек Аштардың шәһид болуын, имам Хасанның (ғ.с.) шәһид болуын, шиіттердің басылып-жойылуы мен олардың рақымсыз қырылуын жақыннан көріп, әрқашан зорлық-зомбылықты көріп, тыныштық таппады. Муавие имам Хасанның (ғ.с.) арасындағы бейбітшілік келісіміне қайшы күнәһәр ұлы Язидті билік басына отырғызды. Имам Хұсейн (ғ.с.) Язидтікң қорқытып, бият алғысы келетінін көрген кезде, үнсіз қала алмады. Хазірет өзінің алдында Хур әскерін көрген кезде, оларға және өз серіктеріне: «Уа, халайық, Алла елшісі: «Алланың харамын халал етіп, илаһи келісімді бұзатын, Пайғамбардың (с.ғ.с.) амалына қайшы амал ету сынды зорлық-зомбылыққа немқұрайдылық білдірсе, немесе амалы және сөзімен қарсыласпаса, Алла оны тозаққа енгізеді»,- деді. Хұсейн бен Әли (ғ.с.) ағарту сөзінің жалғасында Умайе әулетінің кейбір бұрмалауларына тоқталып: «Хабардар болыңдар, олар шайтанға бағынып, Алладан алыстағандар»,- деді. Рауаяттардың бірінде «залым мен оған бағынушы да тозақ отына еніп, жанады» деп айтылды. Залым зорлық-зомбылық жасағаны және бағынушы оны қолдағаны үшін. Негізінде бүкіл бұрмаланулардың себебі  келісімді бұзу, қиянат пен қылмыс, иман мен қияметке тұрақты болмау болып табылады. Имам Хұсейн (ғ.с.) үшін амавилердің зұлымдығы мен зорлық-зомбылығын төзу өте қиын болып, ол өлімді өмірді жалғастырудан артық көріп: «Мен Алланың жолында шәһид болу - бақыт, зорлық-зомбылықтың астында өмір сүру – бақытсыздық»,- деген болатын.

 

Тегтер