БАӘ мен сионистік режим келісімінің салдарлары (1)
Біріккен Араб Әмірлігі мен сионистік режимнің келісімінің салдарлары ең маңызды тақырыптардың бірі болып табылады.
Сионистік режимнің саяси оқшауланудан шығуы
БАӘ мен сионистік режимі келісімнің ең маңызды салдарларының бірі бұл режиммен бейбітшілік келісімге қол қойған араб елдері санының артуы болып табылады. БАӘ Израилмен бейбітшілік келісімге отырған және ресми дипломатиялық қатынас орнатуға талпынған үшінші араб елі және Парсы шығанағы аймағының бірінші мемлекеті.
1967 жылдағы арабтар мен Израиль арасындағы соғыстан бері тек Мысыр 1978 жылы «Кэмпдевид» және 1994 жылы Иордания «Вади Араб» келісімі арқылы Израильмен бейбітшілік келісімге қол қойды. Енді БАӘ «Авраам» деп аталатын келісіммен бейбітшілік туралы келісімге қол қойған үшінші араб елі болды. Айта кететін жәйт, БАӘ мен сионистік режим арасында ғана емес, бұл режим мен кейбір араб елдері арасында отыз жылдан бері құпия қатынастар болған. Бұл қатынастар 2015 жылы Сауд Арабиясында билік басына Салман Абдул Азиз келгеннен кейін артты. Сионистік режимнің екінші арнасының сайты 2016 жылдың мамырында: «БАӘ инвесторлары құрылыс және тұрғын үй секторына, тіпті қасиетті Құдсты еврейлендіру жобасына қатысады»,- деп жазды. Сионистік режимнің спорт және мәдениет министрі Мири Рего 2018 жылдың қазан айында режимнің дзюдо командасын сылтауратып, БАӘ астанасы Абу-Дабиге сапар шекті. 2019 жылдың шілдесінде Израильдің Сыртқы істер министрі Израиль Кац алғаш рет Абу-Дабиге барып, БАӘ басшыларымен кезедсіп, сұхбаттасты. Бұл жағдайды ескере отырып, БАӘ мен сионистік режим келісімінің стратегиялық мақсаты аталмыш режимнің Батыс Азия аймағындағы саяси оқшауланудан шығуы емес деп айтуға болады, өйткені кейбір араб үкіметтерінің Палестинаға жасаған қиянатына байланысты сионистік режим Батыс Азия аймағындағы саяси оқшауланудан әлдеқашан шыққан болатын. Сондықтан, егер «Авраам» келісімі басқа араб елдеріне, оның ішінде Бахрейн мен Оманға домино түрінде таралса да, оның Палестина мәселесіне, сондай-ақ Батыс Азия аймағына стратегиялық әсері болмайды.
Парсы шығанағындағы сионистік режимнің қатысуы
Кейбіреулердің пікірінше, «Авраам» келісімінің маңызды салдарының бірі сионистік режимнің Парсы шығанағы аймағында болуы болады, өйткені БАӘ Парсы шығанағы аймағында осы режиммен бейбітшілік келісіміне қол қойған алғашқы араб елі. Алайда, сионистік режимнің Парсы шығанағында болуы қауіпсіздік қатысу емес, көбінде экономикалық қатысу болып көрінеді, өйткені Кэмп-Дэвид пен Вади Араб келісімдері Тель-Авив пен Каир және Оман арасында қауіпсіздік байланысын орнатпады. «Авраам» келісімі сионистік режимнің Парсы шығанағында қауіпсіздік қатысуына себеп болмайды. Бұдан бұрын Бахрейн, БАӘ және Сауд Арабиясы сияқты елдермен сионистік режимнің барлау және қауіпсіздік қатынастары болған, бірақ бұл қатынастар көбіне араб елдерінің ішкі қауіпсіздігі саласында болды. ИИР-ның БАӘ мен сионистік режим арасындағы келісіміне жасаған реакциясын ескере отырып, бұл келісімнің Тель-Авивтің Парсы шығанағында және ИИР-ның географиялық шекараларында қауіпсіздік әкелуіне күдік-күмән тудырады. Иран Қарулы Күштері Бас штабының қолбасшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери: «Әрине, Иран ұлтының осы көрші елге деген көзқарасы түбегейлі өзгереді және Ислам Республикасының қарулы күштері бұл елге өзгеше қарайды. Егер Парсы шығанағы аймағында бірдеңе болып жатса және ИИР-ның ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келсе, біз оған БАӘ кінәлі деп білеміз және оған төзбейміз»,- деді.
Келісімнің қысқа мерзімді ішкі салдарлары
«Авраам» келісімі оның үш тарапына, яғни БАӘ, сионистік режим мен АҚШ үшін қысқа мерзімді ішкі салдарларға және билік басындағыларға тиесілі болады. Айш Мұхаммад Лондонда орналасқан Al-Quds Al-Arabi-де басылып шыққан сараптамасында БАӘ-нің мүдделері туралы: «Көпшілік араб үкіметтерінің Израильмен қатынастарын қалыпқа келтіру саласындағы бәсекелестігінің себебі және оның бұл елдер үшін пайдасы туралы сұрақ қояды. Негізінде Израильмен қатынастарын қалыпқа келтірудің бұл мемлекеттер үшін пайдасы жоқ. Сондай-ақ ортақ мүдделері мен инвестициялары жөніндегі сөздері - өтірік. Егер олай болғанда, бұған дейін Израильмен қарым-қатынасын қалыпқа келтірген Иордания мен Египет қазіргі кезге дейін жақсы жағдайда болар еді. Расында статистика бұл елдердің экономикалық және инвестициялық жағдайының нашар болуын көрсетеді. Бұл бәсекелестіктің негізгі себебі олардың экономикалық мүдделері емес, билік басындағы саяси жүйелері болуда. Саяси үстемдік жүйесі бар бұл мемлекеттер халық қолдауына ие емес. Сондықтан олар өздеріне қажет заңдылықты сырттан алуы керек»,- деп мәлімдеді.
Бениамин Нетаньяху мен Дональд Трамп БАӘ арасындағы келісімге өздерінің жеке мүдделері тұрғысынан қарайды. Нетаньяху басып алынған жерлердің ішінде халық пен саяси топтар қысымдарымен бетпе-бет келуде. Өткен наурыз айында Израильдің жұмыспен қамту агенттігінің директоры Рами Гравер коронавирус пандемиясына байланысты басып алынған жерлерде 600000-нан астам адамның жұмыссыз қалғанын жариялап, жұмыссыз қалған израильдіктердің санының 800000-ға жететіні туралы болжады. Ал Израиль Экономика министрлігі коронавирустың таралуына байланысты жұмыссыздар саны миллионға жетті деп есептейді. Соңғы екі айда әр жексенбі сайын бірнеше мың адам Нетаньяхуға қарсы басып алынған территориялардың әртүрлі аймақтарында наразылық білдіруде. Нетаньяху кабинетінің коронавирус эпидемиясын шеше алмауы, экономикалық және тұрғын үй проблемаларының көбейуімен оған қарсы сыбайлас жемқорлыққа байланысты төрт істің қозғалуы наразылардың оның премьер-министр қызметінен кетуін талап етулеріне себеп болды. Бұл ішкі жағдайға қарай Нетаньяху БАӘ-мен келісімге келіп, оны және жалпы сыртқы саясатын халық пен саяси топтардың қысымынан кету үшін пайдалануға талпынуда.
2020 жылдың басында қараша айында өтетін президенттік сайлаудың жеңімпазы болуына сенімді болған Дональд Трамп коронавирус пандемиясы және оған қарсы тұра алмай ең жаман жағдайға түсті. Коронавирусқа шалдыққандардың және оның салдарынан қайтыс болғандардың ¼ америкалықтар құрайды. Өткен төрт жылда АҚШ-тың басқа президенттерінен гөрі сионистік режимге ең көп қызмет еткен Трамп президенттік сайлаудың қарсанында және өзінің рейтингін жақсарту үшін БАӘ-мен келісімге келіп, сыртқы саясатының сәтсіздікке ұшырамағанын көрсеткісі келді. Негізінде, Трамп кіметі өткен төрт жылда сыртқы саясат саласында ешбір жетістіктерге жетпес түгіл, «алдымен АҚШ» ұраны «АҚШ жалғыз» ұранына айналды. Дональд Трамптың сионистік режим мен БАӘ арасындағы келісімді жариялауы бәрінен бұрін сыртқы саясат саласындағы «жетістік» ретінде жасалды. Әрине «Авраам» келісімі БАӘ, сионистік режим және АҚШ үшін стратегиялық келісім болмайтыны анық. Өйткені бұл жаңа тақырып емес, Абу-Даби мен Тель-Авивтың қарым-қатынастары 1990 жылдарда басталып, қазіргі кезде әшкереленді. Бахрейн мен Сауд Арабиясы Израильмен 1990 жылдардан бастап қарым-қатынаста болды.