Қыр 13, 2020 14:45 Asia/Almaty
  • БАӘ  мен сионистік режим келісімінің салдарлары (2)

БАӘ мен cионистік режим келісімінің салдарлары қандай? Олар стратегиялық әлді қысқа мерзімді ме?

Батыс Азиядағы саясат пен биліктің поляризациясын күшейту

Кейбіреулердің пікірінше, «Авраам» келісімі сионистік режимнің алдында палестиналықтарды әлсіретеді. Палестина мәселесі БАӘ-нің сыртқы саясатында осы уақытқа дейін қандай орынға ие болды және Абу-Даби Палестинаны қолдау мақсатында қандай іс-әрекеттер жасады? Халықаралық істер жөніндегі аға сарапшы Хұсейн Амир Абдоллахиан: «Қазіргі кезде бұл келісім Палестинаның сионистік режимнің алдында әлсіреуіне себеп болатындай, БАӘ бұған дейін Палестина үшін еш уақытта әрекеттенбеді. Палестинаның жерлері үнемі кішірейіп келді. Бірақ араб елдерінің көбі, әсіресе Біріккен Араб Әмірлігі  мен Сауд Арабиясы ешбір қолдау көрсетпей, тек айыптайтын бірнеше мәлімдемемен шектелді»,- деді. Осы жағдайды ескере отырып, «Авраам» келісімі Палестинаның позициясын әлсіретпейді, бірақ маңызды стратегиялық салдарларды әкеледі деп болжауға болады. Бұл келісім Батыс Азия аймағындағы саясат пен биліктің поляризациялануын әшкерелеп, оның нығаюына себеп болады. Бұл келісім  Палестина ішіндегі   топтарды елдің қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау үшін қарсыласу керек және қорғану керек деген қорытындыға әкелді. Палестина Автономиялық құрылымының өзі де бұл келісімді «сатқындық» деп атап, Абу-Дабидегі Палестина елшісін елге қайтарды. Батыс Азия аймағындағы Йеменнің Ансаралассы, Ливан Хиболласы, Ирактағы халық топтары сынды қарсыласу топтары БАӘ-нің шешімін айыптап, сионистік режимге қарсы шығып, Палестинаның қолдау қажеттілігін қуаттады. Иран  Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде: «Тарих сионистік режимнің стратегиялық қателігі мен БАӘ-нің палестиналықтардың ғана емес, барлық мұсылмандардың арқасынан ұрған  қанжардың, керісінше, қарсыласу қозғалысын күшейтіп, сионистік режим мен аймақтағы үстемшілерге қарсы қалай бірігуіне себеп болғанын көрсетеді»,- деді.

«Авраам» келісімінің ең маңызды салдарларының бірі оның болмысы. Өткен жылдардағы сионистік режим мен Мысыр және Иордания арасындағы келісімдер сионистік режимнің басып алған жерлердің бір бөліміне артқа шегінуіне себеп болды. БАӘ бұл келісімнің нәтижесінде сионистік режим Иордан өзенінің батыс жағалауын өз жеріне қосып алудан бас тартады деп уәжденгенімен, Бениамин Нетаньяху: «Анннексия жобасы кейінге қалды, толық күшін жоймады»,- деп жариялады. Егер бұл үдеріс Бахрейн мен Оман сынды үкіметтермен қайталанатын болса, «Авраам» келісімінің болмысы «жер үшін бейбітшілік» мағнасынан «бейбітшілік үшін бейбітшілікке» өзгереді. Басқаша айтқанда араб елдері ұқсас келісімдер арқылы араб географиясын кішірейтіп, сионистік режимнің қылмыстарын қолдайды.  Бұл БАӘ мен сионистік режимніңкелісімінің стратгеиялық салдарларының бірі болып табылады.

БАӘ-нің жаман атты болуы және Абу-Дабиге қарсы қоқан-лоққылардың артуы

Біріккен Араб Әмірлігі  мен сионистік режим келісімінің стратегиялық салдарларының бірі БАӘ үкіметінің жаман атты болуы мен бұл елге қарсы қоқан-лоққылардың артуы болып табылады. БАӘ өткен жылдарда араб елдерінің ішкі істеріне араласушы ойыншыға айналды. Оның Ливия, Йемен, Ливан, Сирия және тәптә Мысырға араласқанына тоқталуға болады. Аталмыш елдердің ішкі істеріне араласу Абу-Даби үшін жетістік әкелмес түгіл, оның Түркия мен Иран сынды аймақтың құдыреттері арасындағы қайшылықтарының артуына себеп болды. Басқа жағынан БАӘ-нің Қатар сынды көршілес елдермен де шиеленісі артты. Абу-Даби мен Доханың арасында қарым-қатынас 2017 жылдың маусым айынан бері үзілді. Соңғы айларда Әбу-Даби мен Анкара арасындағы шиеленістер БАӘ үкіметінің сыртқы саясатына байланысты күшейіп, екі жақтың қақтығыстар ықтималдығы тіпті артты. БАӘ осы уақытқа дейін ИИР және Қатармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатудан бас тартып отырған жағдайда,Абу-Дабиде сионистік режимнің елшілігінің ашылуы Палестинаның мүдделері мен идеалдарына қайшы келетіндіктен, БАӘ-нің исламдық және арабтық ерекшеліктерді елемегені   аймақтық қысымның күшеюіне әкелуі мүмкін.  сондықтан әртүрлі араб елдеріндегі наразылық білдірушілер БАӘ-не қарсы шеру өткізіп, бұл елдің тақ мұрагері Мұхаммад бен Заидтің суреттерін өртеді. Халықаралық мәселелер маманы Хұсейн Амир Абдоллаһиан Twitter-дегі парақшасында бұл туралы: «БАӘ Израильге Парсы шығанағы аймағына аяқ басуға рұқсат етіп,  ұжымдық қауіпсіздік қызыл сызықтан өтті. Осыдан кейін Парсы шығанағы аймағындағы кез келген оқиғада сионистердің араласуын байқайтын болады»,- деп жазды.

Палестинаның исламдық болмысының нығаюы және араб елдерінің ішкі қайшылықтары

«Авраам» келісімінің анықтаған маңызды тақырыптарының бірі Палестина мәселесінің араб болмысын жоғалтып, исламдық келбетін нығайта түсуіне назар аудартуы болды. БАӘ - Мысыр мен Иорданиядан кейінгі сионистік режиммен ресми дипломатиялық қатынас орнатқан үшінші мемлекет. Бұл мәселе араб елдерінің Палестина мәселесіне қолдау көрсетуін азайтуын білдіреді. Бұл тақырып Палестина мәселесін ұлттық жеңгейден шығарып, ислам әдемінің трансұлттық мәселесіне көтерді. Сондай-ақ Палестинаның ИИР немесе Түркия сынды елдерге жақындауына себеп бола алады. Басқ жақтан БАӘ әрекеті араб елдерінің ішкі қайшылықтарының артуына әкелуі мүмкін, өйткені араб елдерінің халықтары мен көптеген саяси топтары БАӘ-нің шешімін айыптауларымен бірге өз үкіметтерін қолдауға қарсылық білдірді. Бахрейн, Кувейт, Ирак, Йемен, Мысыр, Марокко, Тунис, Алжир, Ливан және Иордания БАӘ мен сионистік режимнің келісімне қарсы шеруге шығып, үкіметтерінен бұл келісімді айыптауды талап етті. Бұл елдер үкіметтерінің халықтарының талаптарына құлақ салмаулары халық пен үкіметер арасындағы қайшылықтардың артуына жағдай жасайды.   

Араб ұйымдарының дәрменсіздігі

Араб ұйымдары, олардың  ішінде Араб одағы мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі өткен онжылдықта іс жүзінде тиімсіз органдар мен құралдарға айналды. Батыс Азияның араб аймағы өткен онжылдықта әлемнің басқа аймақтарынан гөрі көптеген қақтығыстар, тынышсыздықтар мен өзгерістердің куәсі болды. Бірақ Араб одағы мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі сынды ұыймдар Сауд Арабиясы сынды мемлекеттің мүдделері мен мақсаттарына қызмет етіп, араб әлемінің дағдарыстарын шешу үшін ешбір шара қолданбады. Қазіргі кезде Біріккен Араб Әмірлігінің сионистік режиммен келісімге отыруы кез келген уақыттан көбірек араб әлеміндегі бұл ұйымдардың тиімсіздігін дәлелдеді.

Палестина сионистік режиммен соғысып отырған араб елдерінің бірі. Палетсинаның араб елі және Араб одағының мүшесі болуына қарамастан бұл одақ БАӘ  мен сионистік режимнің келісім жөнінде ешбір отырыс өткізбеді, тіпті Палестина автономиялық құрылымынның төтенше отырыс өткізу талабын қабылдамады. Бұл тақырып араб әлемінде БАӘ-нің сионистік режиммен келісімге келуіне байланысты ауызбірлігінің жоқтығын көрсетеді. Мысыр, Оман мен Бахрейн бұл келісімді әшкере қолдады, Сауд Арабиясы мен бірнеше кішкентай араб елдері үнсіз қалды. Кувейт бұл келіісміді айыптады. Сондықтан БАӘ мен сионистік режим арасындағы келісім араб ұйымдарының араб әлемінің мәселелерін шешу саласындағы әлсіздігін көрсетті. Осыған орай араб әлемі институттарының түбегейлі өзгерісті қажет ететіндері анық.  

 

Тегтер