Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (2)
(last modified Tue, 22 Sep 2020 13:12:00 GMT )
Қыр 22, 2020 19:12 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (2)

Қасиетті қорғаныстың құнды нәтижесі қоғамдағы ақлақ пен руханияттың дамуы болды.

 

Руханият пен адамгершілік адам өміріне жігерлілік пен шабыт сыйлайды және оны материалдық әлемнің дүрбелеңі мен азғындықтан қорғайды. Өзін Жаратушысына жақын санап, басқа әлемді мәңгі өмірінің жері деп білетін адам Алланың ризалығына ие болып, мәңгі жәннәтқа жету үшін бұл дүниеде беделді болып, жақсылық жасауға талпынады. Ислам революциясы жетекшісі айтқандай, «руханият пен ақлақ адамның жеке және қоғамдық белсенділігі мен әрекеттерінің бағытын анықтаушы және қоғамның негізгі қажеттілігі болып табылады. Олар материалдық тапшылықтарға қарамастан өмірді жәннәт, сондай-ақ материалдық қажеттіліктерге ие бола тұра, өмірді тозақ ете алады.

Саддам режимінің ИИР-на қарсы соғысы ағымында және Иранның майданында бүкіл нәрсе рухани сипатқа иеленді. Сол кезде ғибадат пен тақуалықтың ең әдемі көріністері байқалды. Намаз және Құранмен бірге дұға жауынгерлерге күш-қуатты сый еткен келесі құрал болды. Жауынгерлердің  дұғалары мен түнгі ғибадаттары елдің кеңістігін руханият пен адамгершілікке бөледі.  Исламның қолбасшысы шәһид Чамранның сөздері мистика мен махаббатың көрінісі. Шәһид Чамран: «Уа, Алла мені тәуелділіктерден азат етіп, маған зұлымдық пен дінсіздікке қарсы күрестің ләззатын сый ете гөр»,- деген. Уа, Алла маған тәуекел мен ризалық нығметін сый еткенін және қиын жағдайда сенімділік пен тыныштық бергені үшін шүкір айтамын. 

Шәһид Чамран Саддамның Иранға қарсы соғысының майданында

Қасиетті қорғаныстың құнды нәтижесі қоғамдағы ақлақ пен руханияттың дамуы болды. Иран қоғамның әртүрлі топтары жауынгерлер әрекеттерінің әсеріне түсті. Бұл жағдай қасиетті қорғаныстың көрінісі. Жауынгерлер қиын жұмыстарды орындау үшін бір-бірінен озғылары келді. Қолбасшылар сондай-қарапайым болып, басқалардың арасында айырмашылығы байқалмады. Исламның үлкен қолбасшыларының бірі ұшқыш шәһид Аббас Бабаи кейде өз әрекетін іске асырған соң су таситын көлікке отырып, қиын жағдайда жауынгерлерге су жеткізді. Ирактық қолбасышлардың бірі ирандық жауынгерлердің қарсыласуын сипаттап: «Ирандық жауынгер миналардың арасынан өтіп, бізге шабуыл жасайды. Ирактық сарбаз аяқ киімін шешіп, ақырын-ақырын қашады. Мұндай сарбазбен қалай соғысуға болады?»- деді. 13 жасар жасөспірім қолына гранатаны ұстап, дұшпанның танкісін жарып жіберіп, оны тоқтатты. Имам Хомейни бұл 13 жасар жасөспірімді өзінің жетекшісі деп атады.

Мұхаммад Хұсейн Фахмиде - гранатаны қолына алып, дұшпанның танкісіне қарсы шыққан 13 жасар жасөспірім

Қасиетті қорғаныс дәуіріндегі илаһи жігер мен рухани өлшем өте күшті болды және іс жүзінде соғыс қолбасшылары мен жауынгерлердің маңызды қасиеті болды. Аллаға арқа сүйеу, руханият, қарапайымдылық, достық  барлық жас жауынгерлерден айқын көрінді. Жастар түнгінамаздарын оқып, Алланың жолындағы жиһадын мақтан тұтатын. Олар оңай өмір мен немқұрайдылықты жеңіп, алғы шебте болу үшін бәсекеге түсетін. Жастардың бірі жерге құлаған кезде, келесісі оның орнына тұратын. Аятолла Хаменеи  адамгершілікті дұшпанды жеңетін күш деп біліп: «Бізге  қарсы тек Ирак ғана соғыспады. Шығыс, АҚШ, НАТО, аймақтың асыра сілтеушілері, ақша, қару, жабдықтар, тактика, жерсерік хабарлары бізге қарсы болды. Бүкіл әлем оларға көмектесті. Бірақ олардың бүкіл қолдауларға қарамастан исламдық Иранға қарсы шығып, өз мақсаттарына жете алмауларына не себеп болды? Әлем бұл оқиғадан сабақ алды»,- деді. Қасиетті қорғаныстың жауынгерлері намаз арқылы Алланы еске алып,  қиындықтары мен мәселелерін шешу үшін намаздан көмек алды.

Ирандық жауынгерлер соғыс майданында ғибадаты мен дұғасын ұмытпаған

Жауынгерлердің бірі «Сахеб әл-Заман» операциясы туралы: «Жамағат намазы оқылып, дұғаның әтірі бүкіл жерге жайылған еді. Бригада командиры бұл операция кезінде шәһид болған баатлион орынбасары Аббасәли Сахаватидің қолын қысып: «Мен жауынгерленіңнің намазын көрдім. Күмәнсіз бүгін кешке үмбет имамына жақсы хабар жетеді»,- деді. Айтқаны келді. Ислам әскери жауынгерлерінің шабуылы дұшпанды сәтсіздікке ұшыратты. «Саралла 41» дивизиясының қолбасшысы сардар шәһид Хұсейн Юсеф Иллаһи туралы: «Мен жауынгерлердің бірге жерге құлағанын көрдім. Ирактық қарауылмен бетпе-бет келдік деп ойладым. Олардың сәжде жасап жатқанын көрдім. Содан соң барлығы бірге тұрып, екі рекет намаз оқыды. Қатты таңғалдым. Қатты таңғалдым. Хұсейнді шетке шығарып, не істеп жатқандарын сұрадым. Ол: «Жігіттер шүкір сәждесін жасап отыр. Бұл әр түнде жасалады»,- деп жауап берді. Мен: «Неге бұл жерде? Өз жерімізге жеткенше сабыр етпедіндер ме»,- дедім. Ол: «Біз күнде қайтып келе жатқан кезде дұшпанның миналарынан кейін шүкір сәжде жасап, екі рекет намаз оқимыз. Содан соң артқа орынымызға шегінеміз»,- деді.