Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (6)
(last modified Mon, 28 Sep 2020 09:14:36 GMT )
Қыр 28, 2020 15:14 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (6)

Жас нәсілдерге сенімді болу - исламдық жүйенің өткен кезеңдегі тәжірибесі.

Таңылған соғыстың тарихы Иран жастарының мақтан тұтар күрестеріне толы. Иранның жауынгер жастарының ішкі күшіне сүйенген бастамасының әлемдегі әскери соғыстардың тарихында теңдесі жоқ еді, өйткені ол жолындағы ірі тығырықтарды алып тастады. Жастардың майдандағы ерліктері имам Хомейнидің олардың мақтан тұтатын әрекеттерін мадақтауына себеп болды. Имам Хомейни: «Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде соғысқа аттанып және  майданда ерлігін көрсетіп жатқан біздің жастарымыздың арқасында Алланың көмегімен бұл елге ешкім зиян келтіре алмайды»,- деді.  

Либералдар мен Бани Садр фракциясы соғысқа тек армия қатысуы керек деп санады. Бірақ дұшпанның жүйе мен революцияны құлату мақсаттарынан хабардар болып, бұл қастықты залалсыздандыру үшін шахтың зорлық-зомбылық режиміне қарсы көтерілгендей, халық жаппай көтерілуі керек деп сенді.

Қасиетті қорғаныс жауынгерлері жаңашылдықтың бір түрі болып саналатын техникасымен жаудың мықты стратегиясы мен доктринасын жеңіп,  бекітілген маңызды әскери қағидаларды бұза алды. Хурдағы шайқасқа мүмкіндік  жасау үшін географиялық және эксплуатациялық орталары бар  Кәусар және Хайбар көпірлер сынды инженерлік жабдықтар құрылысы, көпірлерді салу және өту мүмкін емес өзеннен өту үшін қалқымалы көпірлерді жобалау және салу сынды жұмыстар имам Хомейнидің бастамасымен іске асырылған қасиетті қорғаныстың инженерлік жобаларынан. Имамның «біз жасай аламыз» деген ұраны революцияшыл жастардың батылдығына себеп болды.

БААС режимінің әуе шабуылдарының артуымен 1363 жылы ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі 25 жастағы жас қолбасшысы Хасан Теһрани Моқаддам басқарған Сақшылар корпусының артелериялық бөлімнің 13 адамын әскери білім алу үшін Сирияға аттандырды. Бұл білім алу кезеңнен кейін аттанған адамдарға Иранның алғашқы зымырандық бөлімшесін іске қосу міндеттелді. 1363 жылдың 3 абанында Сақшылар корпусының артилерия бөлімшесінің қолбасшысы болған жігіт Хасан Теһрани Моқаддам қасындағы адамдарымен Сирияға аттанып, білім алуын бастады. Көп ұзамай Теһрани Моқаддам мен тобы қажет дайындықтан өтті.  11 дейде ирандық жас офицерлер Ислам республикасының зымыран саласындағы алғашқы офицерлері ретінде Теһранға қайтып оралды. Бұл топ елдің батысындағы шәһид Монтазари атындағы базаға жетіп, Сақшылар корпусының зымырандық тобының жұмыстарын бастады.

Шәһид Хасан Теһрани Моқаддам

Хасан Бақери – қасиетті қорғаныс кезінде жарқыраған жастардың бірі. Ол соғыстың қайталанатын әдістерінің тиімсіздігін мойындай отырып,   соғыс стратегиясын өзгерту қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Ол батыл болу керек, соғыс стратегиясын өзгерту қажет деп санады. Шәһид Хасан Бақери 25 жастағы студент. Ислам революциясының Сақшылар корпусының барлау және әрекет ету бөлімінің құрылуы соғыс барысын өзгерткеніне ешкім сене алмады. Таңылған соғыстан үш ай өткен соң қауіпсіздік күштер  барлық оңтүстік бағыттарда дұшпанның ең кішкентай әрекеттері туралы мәлімдеме жасады.

Шәһид Хасан Бақери

Солтүстік және Оңтүстік Мажнун аралдары басып алынып, е оңтүстік Мажнун аралын материкпен байланыстыра алмағаннан кейін, солтүстік арал мен жағалау арасында 14 шақырымдық қалқымалы көпір салу қажет болып көрінді. Бұл қалқымалы көпірдің құрылысы Ирактың БААС әскеріне қарсы соғыстағы инженерлік шеберліктің бірі болды. 1984 жылы 23 наурызда Францияның ақпарат агенттігі AFP мұндай көпірдің құрылысын қазіргі әскери тарихтың  бұрын-соңды болмаған деп мәлімдеді. Сондай-ақ бұл операциядағы ирандық күштердің әскери бастамасы ИИР  басшыларының саясатын ілгерілетуге қолайлы жағдай жасады. Инженер Бехрузпур Шарифи елдің зауыдтарында тез орнатылатын қалқымалы көпірді жасау жобаны ұсынды.

 Хейбар көпірі

Хайбер көпірі солтүстік Мажнун аралы мен Хоралхвайзе жағалауы арасында орнатылған қалқымалы көпір. Бұл көпірдің артықшылығы Хур суы көтеріліп, төмендеген сайын, ол да көтеріліп, төмен түсіп отырды. Басқа жағынан,   көпірдің кез-келген бөлігі жау ұшақтарымен немесе отпен жойылған кезде,  оны   жауынгерлер  дереу қалпына келтіретін. Бұл көпір 8 айда елдің әртүрлі зауыттарында жасалып, бірнеше күнде орнатылды. Көпірдің дайын бөлшектерін зауыттардан әрекеттер аймағына жеткізудің өзі үлкен операция  болды.

Жас нәсілдерге сенімді болу - исламдық жүйенің өткен кезеңдегі тәжірибесі. Ислам революциясы жетекшісінің әрекеттері мен қуаттаулары бүгінгі және ертеңгі жолды белгіледі және жастар жүйенің сақталуына және революция мұраттарының алға жылжуына кепілдік береді.