Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (7)
(last modified Mon, 28 Sep 2020 09:31:22 GMT )
Қыр 28, 2020 15:31 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (7)

Исламның көзқарасынша, жоғары мақсаттар, шындық пен әділетті орнату жолында қаза болған адам ең жоғары дәрежеге, шәһид болуға жетеді.

 

Қасиетті қорғаныс жылдар тарихтағы басқа соғыстардан ерекше ететін қадір-қасиеттерге ие болды. Құрандағы шәһидтер туралы хабарлар бойынша Исламның ұлық пайғамбарының кезінде де Алла жолындағы күрескерлердің арасында шәһид болу арман кеңінен таралған болатын.  «Әл-Имран» сүресінде Алла Тағала шәһидтерді тірі деп атайды. Бұл сүренің 169-шы аятында: «Алла жолында өлтіргендерді өлі деп ойлама, әрине олар тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөлендіріледі»,- деп айтылды. Құран көзқарасынша шәһидтер Алланың оларға сый еткен көптеген нығметтеріне қуанышты. Алла елшісі: «Кез келген жақсылықтан артығырақ жақсылық бар. Алланың жолында шәһид болудан артық жақсылық жоқ»,- деген. Исламда шәһид болу - адамның Алланың жолында хабардар және мақсатты өлім. Исламның көзқарасынша, илаһи жолда шындық пен әділетті орнату үшін қаза болған адам е жоғары дәрежелердің бірі, шәһид болу мүмкіндікке жетеді.


 

Илаһи діндерде, әсіресе Ислам дінінде жанкештілік пен шәһид болу мәдениеті жоғары бағаланады. Бірақ материалдық мектептер өз жақтастарын материалдық сыйларсыз жанкештілікке шақыра алмайды. Өйткені бұл мектептер материалдық мүддеге негізделген. Құранның көптеген аяттары өз жаны мен мүлкіне қарсы жиһадқа шығатын аамдарды мадақтайды. Мұндай адамдар Алламен мәміле етеді. Сондықтан оларды жәннәт пен илаһи риазлық күтуде. Илаһи аяттар Алла елшісінің әдемі хабарларымен бірге мұсылмандар жүрегінде орын тапты. Исламның басында Алланың жолындағы жиһад иманы бар адамдардың қолдауына ие болды. осыған орай шәһид болуды адамның өміріндегі еңжоғары құбылыс деп атауға болады. Шәһид болу жансыз жүректерге өмір береді, шәһид – адамзаттың шырағы.

Шәһид болу – Алланың алдында көптеген сыйға ие жанкештіліктің ең жоғары дәрежесі. Илаһи адамдар шәһид болу дәрежеге жетуді армандайды. «Әл-Имран» сүресінің 169-171-ші аяттарында: «Алла жолында өлтіргендерді өлі деп ойлама, әрине олар тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөлендіріледі. Олар Алланың кеңшілігімен өздеріне берген нәрселеріне мәз-мейрам болады да, әзірше өздеріне қосылмай арттарында қалғандарды да: «Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды» деп шүйіншілегілері келеді. Тағы олар Алладан болған нығметке, кеңшілікке қуанады. Шынында Алла мүміндердің сауабын жоймайды»,- деп айтылды.

Иранның шекарасы мен жерін қорғаған жастардың пікірінше, жиһад  ысырапшылдық, өктемшілдік немесе экономикалық пайда табуды көздейтін күрес емес. Олардың мақсаты Алланың жолында талпыныс, зорлық-зомбылыққа қарсы табандылық болды. қасиетті қорғаныстың колбасшыларының бірі шәһид Хұсейн Харази: «Барлығымыз діни жетекшінің бұйрығы бойынша барлық қиындықтарға қарамастан, бар күшімізді салып соғысты жалғастыруға міндеттіміз. Өйткені бұл біздің діни міндетіміз»,- деді. Шәһид Мәһди Раджаби: «Біз хазірет Ибрахимне  басталып, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіре Әлимен (ғ.с.) жалғасып, имам Хомейнидің жүрегіне жеткен жолды сақтап қалу үшін майданға баармыз»,- деп жазды. Жауынгерлерді бірі: «Соғыс майданында 17 жастағы жүзі нұрланған жігітті көрдім. Оның бетінде шаршағаны көрініп тұрды. Оның үстінде қарапайым таза киім болды. Өзі арық еді. Жастығына   қарағанда ол майдан  мен соғыстың не екенін білмейді деген ой туатын. Бірақ оның көзі: «Майдан үлкен және кішіні танымайды, махаббатты таниды»,- деп айтып тұрды. Оған: «Неге мектепті тастап кеттің?»- деп сұрадым. Ол таңғалып: «Майданның өзі мектеп. Ол махаббат пен жанкештіліктің мектебі. Майдан - адамды тәрбиелейтін мектеп»,- деп жауап берді. Содан соң күлімдеп: «Діни жетекшінің шақыруымен келдім»,- деді.  Біраз жылдардан кейін анасы маған оның суретін көрсетіп: «Кербала-5» операциясында шәһид болды»,- деді.

Шәһид Хұсейн Харази

Қазіргі кезде, Ирактың БААС режимінің соғысынан 40 жыл өткеннен кейін Иранда жанкештілік пен шәһид болу мәдениеті ұмытылмады. Сегіз жылдық қасиетті қорғаныстың жауынгерлерінің бірі: «Егер исламдық отанды қорғайтын жағдай туатын болса, жастарымыз мен жасөспірімдеріміз қасиетті қорғаныс кезіндегіндей сахнаға шығады. Қасиетті кесеңелерді қорғаушылардың шындық пен жалғандық майданына қатысуы бұл шындықты куә етеді»,- деді.