Кербала көтерілісіндегі ақыл мен махаббаттың жақындасуы
Кербаладағы имам Хұсейннің (ғ.с.) қозғалысы көптеген көзқарастар айтылды. Тарих бойында тарихшылар, теологтар, заңгерлер, саясаткерлер, тіпті революционерлер мен әділеттілік іздеушілер имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісін талдап, өз сабақтарын алды.
Имам Хусейннің (ғ.с.) көтерілісі кез келген уақыт үшін - сабақ. Кербала оқиғасы махаббаттың көрінісі. Исламдық ғылымдар ғалымы ұстаз шәһид Мұттахари Ашура ағымында ақыл мен махабат бір-бірін толықтырады, сондықтан олардың екеуінің қайсысы басымды деп айту пайдасыз деп санайды. Шәһид Мұттахари: «Исламның кемелділігі туралы айтатын болсақ, имам Хұсейннің (ғ.с.) қозғалысына шолу жасауымыз керек. Адам Кербала оқиғасына назар аударған кезде, таңғалдыратын істерді көріп, бұлар кездейсоқ болуы мүмкін емес, имамдар (ғ.с.) бұл оқиғаны есте сақтау қажеттілігі туралы кеңес берген және Кербала оқиғасының ұмытылмауына талпынған. Бұл оқиға шынайы Исламның көрінісі»,- деген болатын.

Имам Хұсейн (ғ.с.) кемел адамның үлгісі және Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша, имамның қозғалысы мен көтерілісі мейірім мен махаббатың, ақыл мен қисынның көрінісі. Бұл оқиға ағымында имам Хұсейннің екі түрлі жүзін көруге болады: біріншіден, еш уақытта бағынбайтын, ешбір зорлық-зомбылықты қабылдамайтын; екіншіден, Жаратушымен мүнәжәт ететін, Алла үшін барлық нәрсені кешіретін. Сонымен қатар Кербала оқиғасының екі айқын аспектісі бар: бірінші аспект - ғашықтық, Мұттаххари сөзімен айтсақ, «Құдай жолындағы тазалық». Екінші аспект – ерлік және билік басындағылардың зұлымдығына қарсыласу. Имам Хұсейн (ғ.с.) өз заманының мәдени, саяси және әлеуметтік жағдайларын түсініп, исламдық қоғамның біртіндеп құлдырауына және дін мен исламдық құндылықтарынан айырылуына қарай бет бұрғанын көріп, исламды жаңғырту және қоғамды реформалау үшін қанды көтеріліс пен ерліктің керек екенін жақсы білді.
Ашура оқиғасында ақылы адал және амалының ниеті таза кез келген адам имам Хұсейннйң (ғ.с.) көтерілісін түсініп, имаммен бірге болуға дайындығын жариялады. Тарихи деректер бойынша, имам Хұсейннің (ғ.с.) қозғалысында басынан соңына дейін бірте-бірте кереуеннен алыстаған және керісінше оған қосылған адамдар болды. Адамдардың Хұсейн (ғ.с.) кереуеніне қосылуы ақыл мен махаббаттың белгісі. Мәселен, Хур бен Язид Риахи сынды адам нұр мен қараңғылықтың ортасынан Алланың көмегі, дұрыс ақылы және болмысындағы құпия махаббатымен нұрды таңдап, шәһид болды. басқа жақтан Умар бен Саад зұлымдықты таңдап, қарғысқа ұшырады. Имам Хұсейн (ғ.с.) хазірет Зейнабтың жұбайы Абдолла бен Джафар мен бауыры Мұхаммад бен Ханафиенің ақыл-кеңестерін естіп: «Алланың жолында жының қиюға дайын адамдар бізбен жолға шықсын»,- деді.
Имам Хұсейн (ғ.с.) Меккеден Куфе мен Кербалаға аттанған кезде «Біз Алладанбыз және Оған қарай ораламыз» деп ұранданып, жағдайдан хабардар екенін және бұрмаланған ой-пікірлер мен өнегесіздікке қарсыласу үшін дін мен исламдық құндылықтарды жаңғыртып, яғни жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру арқылы шындық пен жалғандық күресіне қылышын көтеру қажеттілігін көрсетті.
Имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісінің ерекшеліктерінің бірі имамның көтерілісі кезінде пайда болған маңызды нәтижелер болды. Бұл нәтижелерге Омейядтар билігінің бұзақылығы мен заңсыздықтарын әшкерелеу және сол кезде ұйықтап жатқан адамдарды рухтандырды. Ашура қозғалысының тағы бір нәтижесі шииттер мен әлемнің басқа азаттық іздеушілері арасындағы зорлық-зомбылық рухының жалғасуы. Имамның өз көтерілісін Құран мен Пайғамбар (с.ғ.с.) құндылықтарына негізделуін, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа қарсы болуын қуаттауы, сонымен бірге әділдік пен бостандықты орнатуды көздеуі хазіреттің сөздерінде айқын көрінеді. Имам Хұсейн (ғ.с.) Құранның ақыл-кеңестеріне сәйкес жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді баршаның міндеті деп біліп, азаттық талап ететін кез келген адамды зорлық-зомбылық пен зұлымдыққа қарсы көтерілуге шақырды.
Әрине, имам Хұсейн (ғ.с.) илаһи ақылдың кемел көрінісі болғандай, илаһи махаббаттың кемел көрінісі. Илаһи ақыл болмағанда, илаһи махаббат болмайтын еді, имамның (ғ.с.) көзқарасынша оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Жаратушыға ғибадат жасауға, Онымен сырласуға ғашық болу хазіреттің (ғ.с.) илаһи тұлға екенін көрсетеді. Алланың пәк имамдарға (ғ.с.) ғайып жағдайдан хабардар болу ілімді сый еткен, сондықтан имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілістің нәтижесінен хабардар болды. Бірақ шәһид болудан бас тарпай, Аллаға деген махаббатын дәлелдеді.
«Ахзаб» сүресінің 23-ші аятында: «Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады»,- деп айтылды.
Профессор Мұхаммед Реза Хакими, ирандық ойшыл, философ және жазушы: «Кербала оқиғасына қараған адам оны әдемі, жанқияр оқиға ретінде көріп, ғашық болады. Яғни, залымдардың қатыгездігін көріп, жеккөрушілікке білдірудін орнына, адам имам Хусейннің (ғ.с.) ғашықтығы мен жанкештілігін көріп, махаббат пен жақсылыққа бөленеді»,- деді. Әрине Ашура оқиғасы ақыл мен махаббатқа толы. «Ақыл көзбен» Кербала оқиғасының себептерін, көтерілістер мен құлдырауларын, ащысы мен тәттілігін, сондай-ақ «махаббат көзбен» рухани сұлулық, жанқиярлық, шәһид болу және оның қасиетті жақтарын көруге болады. «Ғашық және ақылды көз» сұлулықтарды көріп, залым басшылардың зорлық-зомбылығына жиіркенішін білдіреді.

Имам Хусейннің (ғ.с.) өте қисынды қозғалысы нақты әдістермен іске асырылды. Құран түскен кезде шыңдықтың жалғандыққа қарсы соғысымен басталған соғыс шындықты бұрмалаумен бітпе-бет келіп, имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісімен нәтижеге жетті. Имам Хұсейннің (ғ.с.) қозғалысы ақыл мен махаббатың тоғысуымен Омейядтар билігінің екіжүзділік пердесін алып тастап, таза Исламды қайта жандандырды.
Кербала көтерілісінің мәңгі ұмытылмауының сыры - Ашура оқиғасының діни парасаттылық пен илаһи сүйіспеншілікке сәйкес келуінде. «Бүкіл күндер - Ашура, бүкіл жер - Кербала» деген ұран дәл осы мәселені көрсетеді. Имам Хұсейн (ғ.с.) сияқты кемел адамның бойындағы ақыл мен махаббаттың жақындасуы - өзінің өмірін, мүлкін және отбасын Алла үшін құрбан еткен пәк имамның ең әдемі бейнесі. Имам Хұсейн (ғ.с.) қорлықпен өмір сүруден гөрі абыроймен өлуді артық көріп, азаттық терминің мәңгі етті.

.