Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озған күн
(last modified Thu, 15 Oct 2020 14:19:49 GMT )
Қаз 15, 2020 20:19 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озған күн

Сафар айының 28 жұлдызы - Алланың теңдессіз тұлғасы хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) дүниеден озған күні.

 

Алла Тағала бүкіл әлемді хазірет және оның таза тегі үшін жаратқан. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – Алла Тағала Құранда сан рет мадақтаған пайғамбар. Хазіреттің қасиеттері мен ұлылығы туралы көп айтылды, бірақ  соңғы илаһи пайғамбар Мұхаммадтың (с.ғ.с.) апаты туралы айту қажет. Имам Бақер (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Апатқа ұшыраған кез келген адам,  пайғамбарға жасалған зорлық-зомбылық есте сақтауы керек. Хазіреттің апаттары ең үлкен апаттардың бірі»,- деп айтылды.

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) дүниеден озған және имам Хасан бен Әлидің (ғ.с.) шәһид болған күні барша мұсылмандарға көңіл айтамыз. 

Исламның ұлық пайғамбарының дүниеден озуын хазіреттің болмысының нұры бүкіл әлемге таралды. АҚШ Pew зерттеу орталығы 2010 жылғы есебінде алдағы 20 жылда исламның Еуропадағы ең үлкен дінге айналатынын жариялады. Қазіргі кезде дүниежүзінің 55 мемлекетінде көбірек мұсылмандар өмір сүріп, олардың саны артуда. Бірақ заманауи надандық Исламның таралуына алаңдап, Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізді. Батыс басылымдары сөз бостандығын сылтауратып, хазірет Мұхаммад-Мұстафаға (с.ғ.с.) құрметсіздік білдірді. 2015 жылдың қаңтар айында франциялық Charlie Hebdo бірінші рет өзінің бірінші бетінде «Мен Шарлимын» деп аталған мақаласымен пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізді. Бұл әрекет мұсылмандар реакциясымен бетпе-бет келді. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде аталмыш апталық Пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатураларын қайта басып шығарды. Бұл әрекет қайтадан миллиондаған мұсылмандардың жүрегін жаралады.

Надандық туралы сөз қозғағанда, надандық тек өткен кезеңмен байланысты болып көрінеді. Бүгінгі адамзаттың парасаттылық дәуірінде де бұл тақырып маңызды болып табылады.  Надандық өмір дегеніміз - нәпсі мен ашуға негізделген өмір салты екені белгілі. Сыбайлас жемқорлықты, қысым мен өлтіруді қазіргі батыстық өмірден бөлуге болмайды. Ислам революциясы жетекшісінің мәліметінше, надандық, кең мағынада, адамның нәпсі күші мен ашуының тіршілік ортасына үстемдігін білдіреді. Бұл надандыққа айналады. Надандық дегеніміз - адамзат қоғамдары өз билеушілерінің нәпсіқұмарлық тілектерінің әсерінен ізгіліктер жоғалып, жаман қасиеттер үстем болатындай етіп айналады.

Исламға дейінгі тарихқа шолу жасасақ, адамдардың кісі өлтіру мен талан-таражға салу, нәпсіқұмарлық, зорлық-зомбылық,   пұтқа табынушылығы, қыздарды тірідей көму және ырымшыл ойларға еруін көреміз. Хазірет Әли (ғ.с.) бәдәуи арабтардың ерекшеліктері туралы: «Адамдар адасушылық, бүлік пен надандыққа және сыбайластыққа бөленді, нәпсі оларды ақиқат жолынан шығарды, олардың надандықтары  олардың ақыл-ойларына  ауыртпалық әкеліп, оларды жол айырығына тіреді.

Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) адам өміріндегі адасушылыққа қарсы тұрды, ол бала кезінен пұтқа табынушылықтан аулақ болды. Хазірет 40 жасында пайғамбарлық міндетке сайланды және ең маңызды жолдауы тауһидке шақыру еді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) беғсатының мақсаты - ахлақты кемелдендіру. Құранда: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің»,- деп айтылды. («Калам» сүресі, 4-ші аят).  

Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) иман, бауырластық, әділет және адамгершілікке шақырушы болып, кез келген адаммен оның мүмкіндігі мен ақылына сай сөйлесті. Хазіреттің кешірімділігі зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келген кез келген адам үшін танымал болды. Меккені жеңіп алған соң, Пайғамбар (с.ғ.с.) жалпы амнистия туралы шешім қабылдады.  Тіпті өз көкесі Хамзаның өлтірушісі және Исламның ежелден келе жатқан дұшпаны Абусофьянды кешірді.  

Исламның ұлық пайғамбарының келуімен даңқы, мәдениеті, әдебиеті мен өркениеті бүкіл әлемге таралған ұлт өркендеді. Исламдық  ғылымдар алдымен Испанияға, Италияға, Германияға, Англияға, Еуропаның басқа ұлттары мен мемлекеттеріне, содан кейін бүкіл әлемге таралды. Мейірімділік пайғамбары қасиетті Құран тәлімімен ғылымды кеңейтті.  

Құран Кәрім Алла елшісін «нұрлы шырақ» деп атап, «Ахзаб» сүресінің 46-шы аятында: «Алла жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік»,- деді. Бұл аят бойынша, Исламның ұлық пайғамбары күн сынды өмір, өсу және дамудын қайнары болып, қараңғылық пен зұлыматты жойып, жанарлар мен жүректерді өзіне қарай бұрады. Сондықтан, ол адамды құтқарудың айқын әрі тегіс жолын тауып, сол бойынша жүріп,   алға ілгерлеуге шақырды. Бүгінгі күннің өзінде надандықтан, тәкаппарлықтан және бүлікшілдіктен құтылудың жалғыз әдісі - дін мен илаһи заңдарға негізделген хабаршы Алла елшісіне (с.ғ.с.) жүгіну. Адам - Алланың ​​жаратылысы, сондықтан жақсы өмір сүру және адамгершілігін жоғалтпау, өзінің адамдық болмысын өзгертпеу үшін Жаратушы қалаған және пайғамбарлар уағыз еткен жолмен өмір сүруі керек.