Исламның ұлық пайғамбарының өмірі мен мінезі
(last modified Thu, 29 Oct 2020 07:14:38 GMT )
Қаз 29, 2020 13:14 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбарының өмірі мен мінезі

Әлемнің барша мұсылмандарын мәуліт айы және бірлік аптасымен құттықтаймыз!

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) туған күні кезеңінде бірлік пен бауырластықтың жүрекке қонымды әтірі кез келген мұсылманның жүрегі мен жанынан орын тапты. Бірлік аптасы Алла елшісінің исламдық үмбетті дау-дамайды ұмытып, бірлік пен жанашырлыққа шақыруы сынды.  Сүннит мұсылмандар рауаяттары бойынша раби ул-аууал айының он екінші жұлдызы, ал шиіттердің пікірінше осы айдың он жетінші жұлдызы Исламның ұлық пайғамбарының туған күні саналады. Иран Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни мұсылмандар бірлігіне жету үшін бұл күндерді «Бірлік аптасы» деп атауды ұсынды. Исламның ұлық пайғамбары әлемдіктер үшін бірлік пен рақымның көрінісі.

Әлемнің барша мұсылмандарын мәуліт айы және бірлік аптасымен құттықтаймыз!

Кез-келген сөз бен сурет Алла елшісінің ұлылығын көрсете алмайды. Құран Кәрім әлемдіктерге Алла елшісінің жоғары мінез-құлқы мен рақымын таныстырды. Алла Тағала Пайғамбарымыз Мұхаммадты (с.ғ.с.)  үлкен басшылық пен пайғамбарлық жүгін көтере алатындай етіп тәрбиеледі. Алла елшісі  бала кезінен қиындықтармен таныс болды. Рауаяттар бойынша Пайғамбар (с.ғ.с.) дүниеге келгеннен бірнеше айдан кейін әкесі Абдолла қайтыс болып, хазірет әкесін көрмеген. Арабстанның сол кездегі асыл отбасылардың салты бойынша, олар балаларын таза және асыл әйелдерге тапсыратын. Сөйтіп хазірет сәби кезінде Халима деген әйелге берілді. Халима Мұхаммадты (с.ғ.с.) өз еліне әкетіп, сүтін беріп, шамамен алты жыл оны тәрбиеледі. Кейбір уақытта бала анасы Аминаны көруге баратын. физикалық тұрғыдан мықты, әдемі, ақылды, шыдамды, ақкөңіл, өзін-өзі ұстайтын  бала алты жылдан кейін  анасы мен отбасына оралды. Анасы әкесі Абдолланың қабіріне зиярат ету үшін баласын Ясребке апарады. Қайтып келе жатқан кезде Абуа деген жерде анасы қайты болып, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) жетім қалады.  Содан соң хазіретті (с.ғ.с.) атасы Абдулмуталиб тәрбиелейді. Осылайша, болашақта әлемді бір аллаға құлшылық етуге (монотеизмге) және ағартушылыққа жетелейтін бұл баланың жаны күннен күнге биіктей түсті.

Ол жас кезінде надандық пен ырымшылдықтың шаң-тозаңында гауһар тастай жарқырады. Жастық шағында хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) «амин» деген лақаб атқа ие болды. Халықтың аманатына берік болу хазірет үшін өте маңызды болды. Исламға шақыру басталып, құрайштармен дұшпандылық артқан кезде, дәл осы жағдайда дұшпандардың өздері кез келген затты аманатқа қалдырғысы келсе, Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасына келетін. Алла елшісі Меккеден Мединаға хиджарт еткен кезде халыққа аманаттарын қайтару үшін Меккеде хазірет Әлиді (ғ.с.) қалдырды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Арабстанның исламға дейінгі бүлінген моральдық ортасында қарапайымдылығы мен пәктігімен танымал болды және барша Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ешқашан азғындыққа салынбағанын қабылдады.

Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с) илаһи мейірім мен қамқорлықтың аясында  жарқырай түсті. Хазірет асыл, адал, шыншыл, шыдамды, өнегелі және пәк болатын.  Ол адал болды және хазіреттің адамдар арасындағы қарым-қатынасы жеке қулық пен жеке бастың мүддесіне емес, толығымен шындық пен тазалыққа негізделген. Сөздері әдемі және жағымды болды. Хазірет барлық адамдармен және тіпті балалармен амандасатын. Еш уақытта ешкімді балағаттамаған және ешкімге басқа адамға балағаттауға рұқсат етпеді. Зорлық-зомбылық көргендерді қорғайтын. Ол жас кезінен және пайғамбарлық міндетіне кіріспестен бұрын мұқтаждарға көмектесуге асыққан. Күндердің бірінде бөгде адам Меккеге еніп, затын бір адамға сатады. Бірақ сатып алған адам Меккенің ақсүйегі болып, адамға ақшасын бермеген. Бөгде адам кез келген адамнан көмек сұрайды, бірақ ешкім көмектеспеді. Сондықтан ол Абуқабис тауының төбесіне шығып, оған зұлымдық жасалғаны туралы айқайлады. Пайғамбар (с.ғ.с.) мен көкесі Зубейр бен Абдолмуталиб бұл айқайды естіп, оның құқығын қорғау шешім қабылдады. Олар ақсүйек адамның қасына барып, ақшасын төлеуді сұрады. Ол қорқып, ақшасын төледі. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) сол күні көкесімен зорлық-зомбылық көрген адамдарға көмектесуге келісті. Пайғамбар (ғ.с.) өз міндетіне кіріскеннен кейін: «Мен әліде өзімді бұл келісімге табандымын деп санаймын»,- деді.  Кәпірлер мен мүшріктер адамдардың құқыларын бұзып, жауыздар пайғамбарды бірнеше рет таспен ұрды және сан рет тіл тигізді.

Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) сабырлығы Құранда Алламен мадақталды. Рауаяттарда ешбір пайғамбардың хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) сынды зорлық-зомбылық көрмегені айтылды. Кейде тіпті мұсылмандар да немқұрайлылықтан немесе білместіктен пайғамбарға тіл тигізетін сөздер айтса да, хазірет күлімсіреп және үнсіз қалатын. Ол адамдармен жақсы қарым-қатынаста болған және әрдайым көпшілік алдында көңілді болып, схабаларымен әзілдесетін. Қайғысы жалғыз қалған кезде ғана байқалатын. Ол уайым-қайғысын адамрға көрсетпей, Алламен сырласатын. Жас кезінен Хира тауына барып, Алламен сырласып,дұға жасайтын. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ғибадаты ерекше ғибадат болып, михрабта ұзақ тұрғанынан аяқтары ісіп кететін. Түндердің көбін ояу, ғибадат жасау, дұға оқу, кешірім сұраумен өткізетін. Рамазан айынан басқа шағбан, режеп айларында және жылдың басқа күндерінде Арабстанның ыстығына қарамастан күнара ораза тұтатын. Сахабаларының бірі: «Уа, Алла елшісі, сіз күнә жасамайсыз, осыншама ғибадат, дға мен тәубе ету не үшін?!»- деп сұраған кезде, хазірет: «маған соншама нығметті сый еткен Аллаға алғысымды айтпаймынба?!»- деп жауап берді.

Алла елшісі беғсатынан кейін мұсылмандардың арасында бірлік пен тілектестік орнатты. Рақым мен мейірімнің пайғамбары үмбетінің адамдары арасында бірлік болмай, Ислам дінінің жоғары әрі қасиетті мақсаттарына жете алмайтынын білді. Сондықтан Меккеден Мединеге хиджрат еткен соң бұл қаланың мұсылмандарын жинап, ансарлар мен мұхаджерлерді бауырластық келісімге отырғызып, олардың әрқайсынан кезкелгн ансар мен мұхаджержі бауыры деп санауға шақырды. Бұл келісімнен кейін ансарлар (Медине тұрғындары) мұхаджерлерге (Меккеден келген адамдар) тұрмыстарын дұрыстауға көмектесті. Исламдық бауырластық тарих бойында кездеспеген құбылыс болды.

Бүгінгі таңда әлем мұсылмандары өздерінің ортақ қасиеттеріне, яғни Құран Кітабына, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) және жалғыз қыбыла Қағбасына сүйеніп,    бірігіп, бауырластық пен жанашырлық әнін шырқайды деген үміт бар. Қазіргі кезде мұсылман үмбеті бір-біріне көмектесу және әлемге шынайы исламның қадір-қасиетін көрсету үшін бірлік пен ынтымақтастықты қажет етеді.