Пайғамбардың (с.ғ.с.) мұсылмандарды біріктіру талпынысы
(last modified Mon, 02 Nov 2020 10:30:15 GMT )
Қар 02, 2020 16:30 Asia/Almaty
  • Пайғамбардың (с.ғ.с.) мұсылмандарды біріктіру талпынысы

Алла елшісі (с.ғ.с.) нәсілшілдік, өзін немесе ұлтың артық санау сияқты бірлікке кедергі болатын нәрселерді әртүрлі тәсілдермен жойып, қоғамда бірлік орнатты.

 

Жыл сайын Исламның ұлық пайғамбарының туған күні кезеңінде исламдық қоғамдағы бірліктің  орнатылуы деген арманмен Иран мен ислам әлемінде бірлік аптасы өтеді. Мұсылман реформаторларының мақсаты - әлем мұсылмандарын біріктіру. Өйткені әлем Жаратушысы адамдарды біртұтас және тең қылып жаратқан. Сондықтан мұсылмандарды бірлікке Алла елшісінің жолын үлгі етулері жеткізеді. Хазірет жарқыраған күн сынды миллиондаған мұсылмандарға жылуы мен жарығын сый етіп, кек пен дұшпандылыққа толы жүректерді Аллаға деген иманмен толтырып, олардың бір-біріне жақындатады. Ислам тарихындағы барлық оқиғалар Пайғамбардың (с.ғ.с.) мұсылмандардың бытырап кетуіне жол бермеудегі және бірлік факторын пайдаланудағы рөлін көрсететін дәлелдерге толы. Кез-келген халықтың егемендік даңқы олардың бірлігі мен ынтымақтастығына байланысты. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) адамдардың сезімдерінің тоғысқан жеріне  және исламдық қоғамның орталығына айналған кезден бастап, бірлік туралы сөздерін бастады.

Мұсылмандар бірлік пен жанашырлық аясында қысқа мерзімде әртүрлі елдердің халықтары исламмен таныстыра алды. Сөйтіп олар Алланың бір болуына иман келтіру, таза исламдық ойға, бейбітшілік пен достыққа  негізделген адамзат ең үлкен өркениеттерінің бірін құрды. Исламның алғашқы тарихын зерттеу Пайғамбардың (с.ғ.с.) іс жүзінде бірлік жолымен жүріп, мәдени, саяси және әлеуметтік салаларда мұсылмандарды біртұтас ұлтқа айналдырғанын көрсетеді. Бірлікті құру және жүректерден өшпенділікті алып тастау, ұлттар арасында бауырластық туралы келісім жасасу, оқуға және жан-жақты білім алуға ынталандыру, ең бастысы, адамдарды бір Аллаға, Құран мен Пайғамбардың айналасына жинау - мұсылмандар арасында бірлік құру жолдарының бірі болды. Мұсылмандар әрқашан Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөздерін тыңдады.

Исламның ұлық пайғамбарының Меккеден Мединаға қоныс аударуы Ислам тарихының маңызды оқиғаларының бірі саналады. Пайғамбардың (с.ғ.с.) Мединаға енуі мен бұл қалада орналасуы қоғамға маңызды өзерістер әкелді. Пайғамбар діні халықты ой-пікірі мен мәдениетін тереңдетуге жіберді.  Бұл бағдарламалар біртұтас ұйымды қажет етті.  Егер Пайғамбардың  ақылы, қырағылығы,  мен амалының дәлдігі болмағанда,  исламдық  үкімет құру жүзеге аспас еді.

Пайғамбардың жолындағы кедергілердің бірі - сол күнгі қоғамда біртұтас құрылымның болмауы. Әр тайпа мен ру  өз   әдет-ғұрыптарына ие және олардың арасында көптеген қайшылықтар байқалды. Осындай жағдайда Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) толық есептелген жолмен мұсылман  мұсылманның бауыры деген заңды ұсынды. Хазірет қоғамдық бірлікті құру арқылы рулық және ұлтаралық шекараларды бұзды. Пайғамбардың бұл жобасы сол күнгі қоғамға көптеген әсерін тигізді.

Исламның ұлық пайғамбары күндердің бірі сахабаларының біріне: «Уа, Абу Аюб, сені Алла мен Оның елшісі жақсы көретін садақа туралы хабардар етейін бе?»,- деді. «Иә, Алла елшісі»,- деп жауап берді. Хазірет: «Халық арасындағы келісім мен татуласты және өзгеріс енгізуге талпыну. Халықты татуластыруға талпынатын адамның  сауабы Алланың жолында соғысқан адамның сауабына тең»,- деді.

Исламның ұлық пайғамбарының бұйырығымен діндарлар арасында араздық пен алауыздық тудыру үшін екіжүзділер тобы салған Зарар мешіті қиратылды. Бұл шара қоғамда саяси алауыздықтар мен жіктердің пайда болуына жол бермеу үшін болды. Исламның ардақты пайғамбары тіпті соңғы кеңестерінде де мұсылман үмбетіне ескерту жасап: «Халайық, менің сөзімді тыңдаңдар. Білмеймін, енді сендерді бұл жерде көрмеуім мүмкін. Сендердің қандарың мен мүліктерің бір-бірлеріне харам. Кез келген мұсылман басқа мұсылманның бауыры, мұсылмандар бір-біріне бауыр»,- деді.                                                         

Пайғамбар (с.ғ.с.) ислам үмбетінің біртұтастығын орнату жолында нәсілшілдікті және әділетсіз кемсітушілікті теріске шығарды. Пайғамбардың (с.ғ.с.) монотеизмге және теңдікті құруға шақыруы надандық мен залым кемсітуді жойып, әртүрлі нәсілдердің жаңа дінге қосылуына жол ашты. Пайғамбардың (с.ғ.с.) теңдік пен әділеттілікті сақтауы исламдық бірлікті нығайту үшін өте тиімді шешім болды. Хазірет Зайд ибн Хариса сияқты адамдарды Ислам әскерінің қолбасшысы қылды, қара нәсілді Біләл Хабашиді өзінің азаншысы етті және Ираннан келген Салман Фарсиді мадақтады. Осылайша ол кемсіту мен жалған әлеуметтік артықшылықтарға қарсы тұрып, біртіндеп жаңа құндылықтармен алмастырды. Осыған байланысты сарапшылар Алла Елшісінің тартымды көзқарастарын Ислам үмбетін біріктіретін маңызды факторлардың бірі деп атады.  

Алла елшісінің (с.ғ.с.) тағылымдары бойынша, әлем мұсылмандары ұлттық және жергілікті мәдениеттер мен әдет-ғұрыптардағы айырмашылықтарға қарамастан, өз ұстанымдары мен дүниетаным негіздеріне сүйеніп біріккен. Сондықтан мұсылмандардың географиялық жағдайын олардың бірлігіне кедергі деп санауға болмайды. Себебі олардың ойлау мен сенімнің ортақ тұстары соншалықты терең және тамырлас, олар шашыраңқы болғанымен біртұтас бола алады. Сондай-ақ  бірлік пен келісімнің негізгі факторы -   нанымдар мен дүниетанымдық ортақтықтар.  

Бірлік - болмыстың мәні мен дәйектілігі пайғамбарларға адамзат қоғамында бірлік орнату міндеті жүктеген. Құран аяттарын сілтеме жасай отырып, Алла Елшісі (с.ғ.с.) исламдық қоғамдарды Құдайға қызмет ету көлеңкесінде күшті илаһи жіпті ұстануға шақырды. Сондай-ақ, мұсылмандар бірнеше ғасырлар бойы ғылым мен өркениет пен адамзаттың ілгерілеуін пайғамбардың кеңесіне құлақ асу тұрғысынан бастады. Шын мәнінде, Исламның ұлық пайғамбары өмір сүруі әр дәуірдегі мұсылмандардың тіршілігі мен бірлігі болды. Қазіргі кезде де бұл ұлы тұлға әлемдегі барлық мұсылмандар бірлігінің қозғаушы күші болып табылады.