16 азар – Студенттер күні; Иран халқы үстемдікке қарсы күресті тоқтатпайды
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i49205-16_азар_Студенттер_күні_Иран_халқы_үстемдікке_қарсы_күресті_тоқтатпайды
Хиджри-шамси күнтізбесінің 1332 жылының 16 азар күні (1953 ж. 7 желтоқсан) Иран күнтізбесінде «Студенттер күні» атанды. Бұл күн Иран халқының әлемдік үстемшілерге қарсы күресін еске салады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 06, 2020 08:49 Asia/Almaty
  • 16 азар – Студенттер күні; Иран халқы үстемдікке қарсы күресті тоқтатпайды

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1332 жылының 16 азар күні (1953 ж. 7 желтоқсан) Иран күнтізбесінде «Студенттер күні» атанды. Бұл күн Иран халқының әлемдік үстемшілерге қарсы күресін еске салады.

 Бұл күні Теһран университетінің студенттері тобы АҚШ-тың Иранның істеріне араласу саясаттарына наразылық білдіріп, революцияшыл қозғалысын бастады. Бұл оқиға студенттер қоғамымен шектелмеді. Бұл күні студенттер тобы сол кездегі АҚШ вице-президенті Никсонның сапарына наразылық білдіріп, Ирандағы Американың араласушылығын айыптады. Бұл наразылық білдіру қозғалысқа шах режимінің басып-жаншушы күштері оқпен жауап қайтарды. Оқ атудың салдарынан Теһран университетінің үш студенті қаза тапты. Студенттердің төгілген қаны Иран халқының әлемдік үстемшілдікке қарсы күресіне жаңа дем берді.

16 азар мен Иран күнтізбесінде "Әлемдік үстемшілдікпен күрес күн" деп аталған 13 абан күндері оқиғаларына жасаған шолу АҚШ-тың Иранға қарсы араласуын көрсетеді. АҚШ Иранға қарсы дұшпандылығы 60 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Иран халқы АҚШ-пен қатынасы тарихында қиянат, адап-арбау, араласу және адамға қарсы әрекеттерінен басқа ешнәрсе көрмеді. Ислам революциясының жеңісіне дейінгі Иранның артта қалуы осы қарым-қатынастың нәтижесі болды. Ислам революциясының жеңіске жетуінен кейін де АҚШ-тың қылмыстары жалғасты, олардың ішінде  төңкеріс, қоқан-лоққылар мен қастандықтар, соғыс жариялау және Саддамның шапқыншы режимін қолдау, Иранды тұрақсыздандыру мақсатпен террористерді қолдау, экономикалық дамуға қарсы қастандық пен Иранға барынша қысым жасау үшін санкциялар енгізуді атап кетуге болады. Бүкіл жылдар бойы бұл әрекеттер әртүрлі түрде жалғасты. Өткен онжылдықта АҚШ әртүрлі санкциялары мен ОББ мен Мосадта жобаланған «жұмсақ соғыс» тәсілін және әлеуметтік желілерді пайдаланып, ИИР жүйесіне қарсы қысымды күшейтті. АҚШ Иранға мейілінше экономикалық қысым көрсету саясаттан үмітсізденіп, мейілінше қауіпсіздік қысым көрсету саясатын бастады. 2019 жылдың қаңтар айында Ирак үкіметінің рәсми шақыруымен бұл елге сапар шеккен Құдс күштері қолбасшысы сардар Қасем Солейманиді шәһид етті.   

Шахид Фахризадеге қарсы террор бұл көрнекті ядролық   ғалым басқарған ирандық ғалымдардан тұратын ғылыми топ  Иран азаматтары, оның ішінде әйелдер мен балалар үшін коронавирусты анықтайтын жергілікті тест пен коронавирус вакцинасын шығаруға талпынды, сондай-ақ бұл қауіпті аурудың алдын алуды көздейтін халықаралық талпыныстарға қатысты. Шын мәнінде  АҚШ басшылары өткен кезеңде және қазіргі кезде Иранға соққы бере алмады. Дұшпандылық әрекеттердің жалғасы АҚШ-тың билеп-төстеу көзқарасымен бұрынғыдай Иранға жоғарыдан қарайтынын көрсетті. Бұл дұшпандылық аяқталмайды, өйткені АҚШ үстемшілдігінің бір бөлігі. Саяси мәселелер сарапшысы Наум Чамски  Ираға қарсы Американың дұшпандық әрекеттерін сынап: «АҚШ пен Израиль аймақтағы тәуелсіз күштерді көре алмайды, өйткені өздерін аймақтың иесі деп біледі»,- деді.    

АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандықтарының басты себептерінің бірі  Ислам респубикасының Сирия, Ливан және Ирактағы АҚШ пен Израильдің сепаратистік сценарийлерінің алдын алуы болып табылады. Ислам республикасы жүйесінің дұшпандары өткен қырық жылда әртүрлі қастықтармен Иран халқын өз мақсаттарынан бұрмалағысы келді. Бірақ күткен нәтижелеріне жетпеді. Сондай-ақ сардар Солеймани мен ядролық ғалымдарда қарсы терррорлардан кейін Иран халқының бірлігінің артуының куәсі болды. АҚШ-тың Ислам республикасына қарсы дұшпандылығы бір үкімет немесе белгілі бір партияға ғана байланысты емес.  АҚШ-тың кез келген үкіметі Ислам революциясы мен Ислам республикасына қарсылығын білдірді.   Ислам республикасын өзгерту үшін ішінен құлату жұмсақ күшін пайдалану және әскери күш пен қоқан-лоққы  және санкциялар қолдану АҚШ үкіметінің Иранға қарсы қолданған кейбір сценарийлері болып табылады. Трамп өз билігі кезінде өз мақсаттарына жету үшін Иранға қарсы өткен кезеңнің қателіктерін қайталады. Иранның қас дұшпаны және сионистік режимге тәуелді Джон Болтон  Трамптың кеңесшісі болған кезде  2017 жылдың шілдесінде «Мұнафеқин» тобының алдында сөйлеген сөзінде: «АҚШ-тың қазіргі президенті Теһран үкіметіне үзілді-кесілді қарсы. АҚШ Президентінің саясатты қайта қарастыруы 1979 жылы құрылған имам Хомейни үкіметіне 40 жылдығын тойлауға мүмкіндік бермейді»,- деді. Бұл ұлттық қауіпсіздікті зерттеу институты Хенсон мен Ақ үйдің қауіпсіздік басшыларының қарамағындағы идеологиялық орталықтың бос сөздері. Осы жоба АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан екі күннен кейін Вашингтонның ақпарат құралдарында  жарияланды.   Арнольд Оливер, Огайо штатындағы Гейдельберг колледжінің саясаттану профессоры АҚШ-тың Иранға деген араласушылығы мен дұшпандылығына тоқталып: «Осы оқиғаларға берілген әділ баға Иран халқының АҚШ үкіметін неге жек көретіндігін көрсетеді»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи: «АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандылығы америкалықтарды соқырлап, олардың қателіктерді қайталауларына себеп болды»,- деді.   Негізінде АҚШ-тың шынайы болмысын анықтау үшін қырағы болу керек. 16 азар оқиғасына осы тұрғыдан қарау қажет. 16 азар Иран халқының қырағылығының және еш уақытта АҚШ-тың араласуы мен билеп-төстеуін қабылдамауының белгісі.