Ирактың БААС режимінің ИИР-на қарсы соғыстың шабуыл жасаушысы жарияланған күн
18 азар Иранның күнтізбесінде ұмытылмайтын күн. Бұл Иран халқының БҰҰ мен оның қарамағындағы күштерін бұл халықтың еркіне мойынсұнуға мәжбүр ете алған күн.
Ирактың БААС режимі Иранға қарсы соғысын бастағанынан 11 жыл мен Қауіпсіздік кеңестің №598 қарарының бекітілуінен үш жыл өткеннен кейін және соғыс ақталған соң Иранның қорғанысының заңдылығы әлемдік қоғамдастық үшін дәлелденді. БҰҰ сол кездегі Бас хатшысы Перес де Куэльяр 1991 жылдың 9 желтоқсанында Қауіпсіздік кеңеске дайындағын ресми мәлімдемесінде: «Ирактың БААС режимі 1980 жылдың 22 қыркүйегінде Иранға шабуыл жасады және шапқыншы»,- деп жариялады. Ирактың БААС режимінің соғыс бастаушы болғаны және соғысқа жауапты екенін жариялау үлкен саяси жеңіс болды. бұл қорғаныс пен шайқас екі алпауыт пен олардың әлемнің түпкір-түпкіріндегі қолдаушылары соғысты кім бастағанын біліп, оған кез келген көмегін аямаған жағдайда жалғасып, аяқталды. Олар Иракқа жіберген қарулары өздеріне қарсы шығып, Саддамның БААС режимі Кувейтке шабуыл жасап, Парсы шығанағы аймағын соғысқа шырмаған кезде ғана естерін жиді. Ирактың шабуыл жасаушы болғаны кеш жарияланғанымен, маңызды жеңістердің бірі саналып, ИИР тарихында үлкен оқиға ретінде тіркелді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирактың Иранға шабуыл жасағанынан бір күннен кейін 1980 жылдың 23 қыркүйегі мәлімдемесін шығарып, соғысқа байланысты бірінші қадамын жасады және бес күннен кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі алғашқы қарарын бекітті. Бұл үдеріс 8 қарар мен 15-тен астам мәлімдеменің шығарылуымен жалғасты. Бұл қарарлар мен мәлімдемелердің көбі жай ұсыныстар болды, бірақ №598 қарар – ерекше қарар болды. Өйткені бұл қарар Ирак пен Иран арасындағы 2870 күндік соғысты тоқтату туралы шешім қабылдауымен бірге, оны іске асыру жолдарды ұсынды. Саддам режимінің ИИР-ның жеріне қарсы шабыулының басынан БҰҰ мен оның қарамағындағы алпауыт құдыреттер соғысты бастаушының жариялағысы келмеді. БҰҰ-ның бұл әрекеті хабарсыз болуынын емес, толық хабардар болуынын нәтижесі болды. Алпаут құдыреттер хабардар түрде Саддам режимінің Иран жеріне жасаған шабуылын қолдады.
Имам Хомейни басқарған Иранның Ислам революциясының жеңісі Таяу Шығыс аймағы мен әлемдегі саяси саладағы өзгерістерге себеп болды. Ислам революциясының Батыс пен Шығыстың қолдауына ие диктатуралардың зорлық-зомбылығын көрген халықтар үшін үлгіге айналуына алаңдаушылық білдіру оларды барлық әскери және әскери емес ресурстарымен Саддам режимін қамтамасыз етулеріне сылтау болды.
1980 жылдың 22 қыркүйегінде Ирак Иранға қарсы әуе және құрлық шабуыл жасап, соғысын бастады. Сегіз жылдық соғыс кезінде ирандық жастардың АҚШ пен Кеңес Одағының қолдауына ие шапқыншы армияға қарсы табандылығы мен қарсыласуымен тұспа-тұс ИИР үкіметі халықаралық қоғамдастықпен әлемдіктерге шапқыншыны таныстыру үшін қажет ынтымақтастық етті. Шапқыншыны анықтау Иран үшін халықаралық сахнадағы саяси жеңіс саналады.
Соғыстың алғашқы аптасында атысты тоқтату үшін Пәкістан Президенті Зия-ул-Хақ Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы Хабиб Шаттимен бірге Теһранға келіп, имам Хомейнимен кездесті. Иран атысты тоқтатуға жол ашу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында Ирактың соғыс бастағанын жария еткісі келді, бірақ олар бас тартты. Пәкістан ол кезде үлкен державалардың ықпалында болды. Ірі үкіметтер де Саддамның Иранға қарсы соғыс ашқанын ресми түрде жариялауға да, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі де соғыс кезінде бейтарап және дұрыс ұстаным жасауға дайын болмады. Дәл осы мәселе соғыстың 8 жылға созылып, екі елдің халқының қырылуы мен көптеген шығынына себеп болды. Ирактың Иранға шабуыл жасап, БААС күштерінің Иранның шекаралас аудандарын жаулап алуы адам құқығы мен халықаралық құқықты бұзды. Ирактың БААС режимінің армиясы кез келген қылмысты іске асырды. Жаулап алған қалалар мен ауылдардың тұрғындарын тұтқынға алу, қаалар мен ауылдарды үнемі бомбалау және химиялық қаруды кеңінен пайдалану сынды қылмыстар Саддам режимінің Иранға жасаған шабуылын айыптап, диктатордың әрекетін соғыс қылмысы деп атауға мүмкіндік болды. Бірақ адам құқығын қорғау туралы уәжденушілер Саддамның бүкіл қылмыстарына көзін жұмып, Саддам режиміне Иран жеріне басып кіруін жалғастыруға рұқсатын берді.
№598 қарар басқа оған дейінгі қарарлардан өзгеші болып, оның баптарының бірінде шабуыл жасаушы анықталды. ИИР 1988 жылы №598 қарарды қабылдауымен атысты тоқтатуды қабылдады. Бірақ Саддам режимі атыс тоқтатумен келіспеді. Сондай-ақ Иран атысты тоқтатуды әлсіздігі және экономикалық-әскери дәрменсіздігінен қабылдады деп ойлап, Иран жеріне қарсы ке ауқымды шабуылдарын жалғастырды. Бірақ ирандық жастардың табандылығы мен қарсыласуы және БААС режимінің армиясын артқа шегінуге мәжбүрлеуі бір айдан кейін Саддамды №598 қарарға келісіп, атясты тоқтатуға мәжбүрледі. Соғыстың аяқталуынан бір жарым жыл бойы Ирактың БААС режимінің БҰҰ-ның арағайындығымен Иранмен келіссөз жүргізген тобы Иран жеріне шабуыл жасағанын қабылдамады және келіссөзб үдерісі алға ілгерлемеді. Бірақ Саддамның Кувейтке жасаған шабуылы саяси теңгерімді толық өзгертті. Саддам Иранның алдындағы ұстанымынан артқа шегініп, 1975 Алжир келісімн қабылдап, Иранның бүкіл талаптарын орындады. Басқа жақта араб үкіметтері және олардың батыс демеушілері үшін Саддамнын жарамдылық ерзімі аяқталды. Сондықтан БҰҰ арағайындығымен өткен Иран мен Ирактың келіссөздері жыламдықпен алға ілгерледі. БҰҰ да бұрынғысынан керісінше №598 қарардың баптарын өз жұмыс кестесіне енгізді. Ирактың Кувейтке жасаған шабуылынан ек жылдан кейін БҰҰ Бас хатшысы №598 қарардың 6 және 7-ші баптарын іске асырып, 1991 жылдың 14 тамызында Иран мен Иракқа хат жазып, олардан соғысты бастаушы елді жариялауды сұрады. Бұл хат Ирак үкіметінің масқаралауымен бетпе-бет келіп, бұл мемлекет 1991 жылдың 16 тамызында өз құжаттарымен бірге БҰҰ Бас хатшысына негізсіз жауабын жіберді. Алайда ИИР 1991 жылдың 15 қыркүйегінде БҰҰ Бас хатшысына кітаптың көлемінде дәлелдері көрсетліген құжатты тапсырды. 9 желтоқсанда сол кездегі БҰҰ Бас хатшысы Перес де Куэльяр Иракты соғысты бастаушы деп атаған пікірін айтып, оны 9 баптан тұратын ресми мәлімдемесінде БҰҰ Қауіпсздік кеңесіне жариялады. Иран Иракқа басып кіру деп аталатын мәселеге сүйене отырып, аймақтағы және халықаралық қоғамдастықта аймақтық және халықаралық заңдылыққа иеленді. Халықаралық қауымдастықта Саддамды қолдағандарына байланысты ұят күшейе түсті. Сондықтан аймақтық және трансаймақтық елдер Теһранмен осы ұяттың орнын толтыру үшін саяси әрекеттесуге талпынды. Басқа жағынан, Иран халықтың қатысуына сүйене отырып, ел ішіндегі күштерді жұмылдырып және ең аз мүмкіндіктермен халықаралық күштердің қолдауына ие болған Саддамға қарсы сегіз жылдық соғысты өзінің пайдасына аяқтай алғанын көрсетті. Бұл нәтиже аймақтық және халықаралық жүйедегі Иранның қуатын арттырды. Иран халқы сегіз жылға созылған қасиетті қорғаныс кезінде ғана емес, сонымен бірге бүкіл тарих барысында өздерінің шетелдік агрессияға өте төзімді екенін және кез-келген уақытта өзінің ұлттық қауіпсіздігі мен бірлігін көрсете алатын қабілетке ие екендігін көрсетті.