Бүгін хазірет Зейнабтың туған күні
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i49379-Бүгін_хазірет_Зейнабтың_туған_күні
Джамади аууаль айының 5 жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) немересі, хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) перзенті хазірет Зейнабтың туған күні.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 19, 2020 22:40 Asia/Almaty
  • Бүгін хазірет Зейнабтың туған күні

Джамади аууаль айының 5 жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) немересі, хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) перзенті хазірет Зейнабтың туған күні.

 

Хазірет Зейнаб – пайғамбардың білімі мен мағрифатының, имам Әли (ғ.с.) ғибадатының, анасы хазірет Фатиманың (ғ.с.) жанкештілігінің, имам Хасанның (ғ.с.) сабырлығы мен имам Хусейн (ғ.с.) ержүректілігінің көрінісі. Хазірет Зейнаб имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін хазірет қозғалысының жолдауын жеткізуді илаһи міндеті санап, теңдессіз батылдығы және шешендігімен зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа қарсы шықты.

Иранда хазірет Зейнабтың туған күні «Медбике күн» деп атанды. Өйткені медбикелер науқас адамдарға көмектесіп, олардың дерттерін азайтуға талпынады. Медбикелердің қоғамдағы және науқастарды емдеудегі рөлін көпшілік мойындағанымен, олардың биылғы жылы коронавирусты жұқтырған миллиондаған адамға күтім жасаулары баршаның оларға алғысын білдірулеріне себеп болды. Осы күнге дейін медбикелердің көбі коронавирус жұқтырған адамды құтқару жолында дүниелен озды. Бұл олардың жанкештілігінің көрінісі.