Жел 31, 2020 15:14 Asia/Almaty
  • Шәһид Солейманидің мектебінде

Сардар Солейманидің шәһид болған күнінен бір жыл өтті...

 

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1398 жылының 13 дейінің (2020 жылдың 3 қаңтарында) сардар Солеймани шәһид болды. Сардар Солеймани Батыс Азияның мұсылман және мұсылман емес халықтары, әсіресе Ирак халқы өмірі, мүлкі, қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін өзін бұл сардарға борыштар деп біледі. Шәһид Солеймани -  ИИР Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы 3 қаңтарда таңертең Ирак үкіметінің шақыруымен Бағдад әуежайына енді. Оны Ирактың Хашд әш-Шааби қарсыласу күштерінің аға қолбасышларының бірі Абумәһди әл-Мохандес күтіп алды. Абумәһди әл-Мохандес сардар Солейманимен бірге Ирак халқын ДАИШ лаңкестерінің үрейлі шабуылынан қорғады. 3 қаңтарда Трамптың тікелей бұйрығымен бұл екі азаматты тасымалдайтын көлігі зымыранның нысанасына алынды. Оның салдарынан екі сардар, яғни қонағы мен күтушісі шәһид болды.

Сардар Абумәһди әл-Мохандес және сардар Қасем Солеймани

Бұл күннен бір жыл өтті. Бірақ сардар Қасем Солейманидің ерлігі еш уақытта ұмытылмайды, жарқын және сабырлы жүзі баршаның есінде қалады. Шәһидтердің жанұялары әрқашан осы ұлы адамның қамқорлығын ұмытпайды. Өйткені сардар олар үшін жанашыр әрі мейірім әкедей болды. оның есімі дұшпанды дірілдетіп, шәһидтер перзенттерін жұбататын. 3 қаңтар оқиғасы оны қаншама адамның жақсы көретінін және оның қаншама жүректе орын тапқанын көрсетті. Алайда оның шәһид болғаны әлемге әсерін тигізді.

Шәһид Солейманиге қастандық жасау туралы шешім американдықтар үшін стратегиялық қателік болды. Бұл террор сардар Солейманидің Иранның бүкіл достары мен үстемдікке қарсылар үшін   шабыттандырушы мифке айналды.  Ол аймақтағы қарсыласу күштеріне  жаңа тыныс беріп, Иран қоғамындағы ұлттық ынтымақтастық сезімін арттырды.

Үстем құдыреттер шәһид болудын қадір-қасиетін түсіне алмайды. Ешбір материалдық мектеп өз жақтастарын жанкештілікке шақыра алмайды. Бүгінгі күннің өзінде залым және әділетсіз үстемшілер қоғамдық пікірді алдау үшін мұсылмандардың шәһид болу мәдениетін терроризм деп атайды. Жанқиярлық пен құрбандық ақыреттегі мәңгілік өмірге сенетін мектептерде ғана баяндалады. Қайтыс болғаннан кейінгі бақытқа сенетін және Аллаға жақындау   үшін өзін құрбан ететін адам ғана жанкеш бола алады. Шәһид болу ғайып дүние мен ақыретке иман келтірген адамның қолынан ғана келеді. Ислам мәдениетінде шәһид деп - ақиқат пен ізгілік жолында жүріп, басқалар оның нұрына бөленіп, өздеріне жұбаныш табуы үшін шамдай жанып кететін адамға айтылады.

Шәһид Қасем Солейманидің қызына жазған соңғы хатында шәһид болу үлкен арманы туралы былай деп жазды: «Фатима жаным! Осы хатымның бірнеше бетін саған арнаймын. Өйткені мені шынайы жақсы көретінінді білемін. Бұл сөздерді сен үшін неге жазып отырғанымды білмеймін, бірақ біреуге ашылуым керек екенін сезінемін. Өлімім, қайдасың? Асыға күтемін... Бұл сәтті күтемін, бұл сәт қандай әдемі. Ғашықтың жолында жан тапсыру қандай әдемі... Уа, Алла! Бұл сәтті 30 жыл күттім. Бұл сәт үшін жарақатталдым, делдалдарды жібердім. Бұл қандай әдемі сәт, мен оны сондай жақсы көремін».

Сардар Солеймани жаулары  қасиетті қорғаныс кезінде де, қазір аймақтық дағдарыстар кезінде де оның батылдығын, ақылдылығы мен әдептілігін мадақтауға мәжбүр болатындай өмір сүрді. Соғыс кезінде ол ең жақсы шабуыл жоспарларын құрды және оларды өзі бастап орындады. Ол шаршауды білмейтін және қырағы қолбасшы болды. Сардар Солеймани басқарған Керманның 41-ші Саролла дивизиясының   8 жылдағы қасиетті қорғаныстағы жетістіктерінің ең үлкен факторы оның операция кезінде  жолдастарына «барыңдар» деп емес, «келіңдер» деп айтқаны болды. Оның басқару кеңсесі ұрыстың алдыңғы шебі болды. Ол үшін күштерінің өмірі өте қымбат болды. Сондықтан ол ұрыс алаңын анықтаудан және күштерді жоғары басқарудан бастап барлық жедел әрекеттер жауапкершілігін өз мойнына алып,  ұрыс алаңы мен жаудың позициясы туралы мәліметтерді мұқият тексеріп шыққаннан кейін ғана күштерін жорыққа жіберді.

Сардар Қасем Солеймани

Қолбасшының басқа ерекшелігі – ұстамдылығы. Ол саяси және әлеуметтік сахнада өте байсалды болды, сондықтан елдегі бірде-бір саяси фракция оны өзінен емес немесе тек бізден деп айта алмады. Саяси істер жөнінде сөйлескен сайын жанашырлықпен сөйлейтін. Оған ешкім қарсы тұра алмады, өйткені ол  билік пен пайдасы туралы ойламады. Ол айтқанын орындайтын өте танымал адам болды. Қоғамдағы жастарға мейірімді және әкедей болды.

Ақ ниеттілік - маңызды адамгершілік қасиеттердің бірі.   Шын жүректің маңыздылығы, негізінен Алланын әрдайым сенім мен шынайылыққа негізделген істерге үлкен әсер ететіндігін білгенде айқын болады. Шын мәнінде, адамның шын жүректен істеген істерін Алла жарылқайды, ал материалдық есеп жасау арқылы істеген ісі нәтижеге әкелгенімен қабылданбайды. Сардар Солейманидің халық жүректерінде орын табуының сыры - оның ықыласы. Ислам революциясының жетекшісі сан рет сардардың ықылас ерешкелігіне назар аудартты. Мәселен, сардардың отбасымен кездесуінде: «Халықтың қажы Қасем үшын не істеп жатқанын көрдіңіздер. Бұл сіздер үшін жұбаныш. Халық әкелеріңіздің қадірін білді, бұл оның ықыласыынң нәтижесі. Егер ықыласы болмағанда, халық жүректерінен орын таппайтын еді. Жүректер Алланың қолында. Халықтың сүйіспенділігі бұл елдің үлкен ықыласын көрсетеді»,- деді. Тіпті сардар Солейманидің жаназа намазанда оның ықыласына назар аудартып: «Уа, Алла! Олардың жаның Өзіңнің ризалығын үшін   қанға малынған және бір-бірінің алдында шәһид болған кезде алдыңыз. Олар шәһид болу үшін болмыстарын тазартқан адамдар болды»,- деді.

Аятолла Хаменеи және Қасем Солеймани

Солеймани адамгершілік, қайырымдылық, батылдық, билік, жиһад және күнделікті талпыныс, жанашырлық пен мейірімділік, қарапайым өмір, кішіпейілділік, еңбекқор, байсалдылыққа негізделген  мектеп құрды. Ол осы ұғымдардың барлығын іс жүзінде түсіндірді. Бос ужденбейтін сардар Солеймани сынды  ер адамдарға тән осы жақсы қасиеттер олардың Иран халқының және әлемдегі көптеген адамдардың жүректерінен орын табуына себеп болды.   Иран мен Иракта оның жаназасына халықтың жаппай жиналуы, сардар Солейманидің «жүректер сардары» деп атануына әкелді.  Исламның ержүрек сардары Қасем Солейманидің шәһид болуының исламдық үмбетті толқытуы шәһидтің қанының әр тамшысының жүздеген-мыңдаған тамшыға, теңізге айналуы қоғамның жаңдануына себеп болды.

    

 

 

Тегтер