Аятолла Месбах Язди – күрескер ғұлама
(last modified Mon, 04 Jan 2021 09:03:22 GMT )
Қаң 04, 2021 15:03 Asia/Almaty
  • Аятолла Месбах Язди – күрескер ғұлама

Мұхаммад Тақи Месбах Язди - исламдық философ, муджтахид. 1979 жылы Иран Ислам революциясы жеңгеннен кейін ол діни оқу орны мен университет арасындағы ынтымақтастық кеңсесін құру және діни оқу орны жүйесіне өзгеріс енгізіп, жандандыру саласында белсенді рөл атқарды.

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1399 жылының 13 дей (2021 жылдың 2 қаңтары) күні Имам Хомейни атындағы білім беру және зерттеу институтының жетекшісі және діни жетекшінің Хобрегон мәжілісіндегі Хорасан Разави облысының өкілі аятолла Мұхаммад Тақи Месбах Язди 86 жасында қайтыс болды. Ислам әлемінің әйгілі ғұламасы аятолла Месбах Яздидің дүние салуы туралы хабар таралсымен Иран қоғамы уайым-қайғыға батты. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша, «Аятолла Месбах Яздидің қайтыс болуы университтетік орта мен діни оқу орындары үшін ауыр қаза. Бұл кісі әйгілі ойшыл, беделді басшы және шындықты айтатын шешен тілге ие болды.  Тақуалық     оның жас кезінен бастап өмірінің соңына дейінгі ерекшеліктерінің бірі  болды».  

Аятолла Месбах Язди

Мұхаммад Тақи Месбах Язди - исламдық философ, муджтахид. 1979 жылы Иран Ислам революциясы жеңгеннен кейін ол діни оқу орны мен университет арасындағы ынтымақтастық кеңсесін құру  және дін оқу орны жүйесіне өзгеріс енгізіп,  жандандыру саласында белсенді рөл атқарды. Ол Құм қаласындағы Бақер әл-Улум ғылыми зерттеу қорын, содан кейін  Имам Хомейни атындағы білім беру және зерттеу институтын құрды. Ол діни жетекшінің Хобрегон мәжілісінде Хорасан Разави облысы халқының сайланған өкілі,   Мәдени революция жоғарғы кеңесінің бұрынғы мүшесі, Құм діни оқу орындары ұстаздары қауымдастығының мүшесі, Бүкіләлемдік Әһле-бейт ассамблеясының жоғарғы кеңесінің бұрынғы төрағасы және Құм діни оқу орындарының әйгілі ұстаздарының бірі болды. Ол аятолла Бруджерди, аятолла Араки, имам  Хомейни ме аятолла Бехджат сынды әйгілі ұстаздардан сабақ алып, әртүрлі исламдық ғылымдарды менгеріп, 27 жасында иджтихад дәрежесіне жетті. Танымал ұстаздардың ішінде марқұм Алламе Табатабаймен танысу және  ізгілік пен тақуалық туралы мифтің рухани және мистикалық билігі мен жетілуін түсінуі оның Құран мен оның тәпсірін көбірек  оқуға арнады. Ұстаз Месбах Язди семинариялық курстарды оқып жүріп, физика, химия, т.б. сабақтарға қатысып, шет  француз және ағылшын тілдерін үйренді. Ол сонымен бірге өзінің ғылыми уақыты мен капиталының үлкен бөлігін философияны зерттеуге арнады. Философияға бет бұрудың себебі оның Алламе Табатабаи мен   ислам мәселелеріне деген қатты қызығушылығы болды. Ол философияның жақсы ұстаздарының бірі болып саналды және оның философияны оқыту кітабы түрлі мәдени орталықтарда оқытылады.

Аятолла Месбах Язди

Аятолла Месбах Яздидің бай таланты  рухы, адамгершілігі, мықты логикасы,  ақылы және терең түсінікпен  және дінге қарсы күмәндар тасқынына қарсы тұру үшін  сенімді жауап беретін. Ол ондаған философиялық және діни кітаптар жазып, Исламның кемел дін екенін және социологияда, психологияда, білім беру және басқа ғылымдарына әсерін тигізетінін көрсетті.  

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Месбах Яздидің жетістіктерінің бірі - шәкірттер тәрбиелеуі, оның ішінде Имам Хомейни атындағы білім беру және зерттеу институтында студенттерді оқытуы деп санайды. Аятолла Хаменеи: «Месбах Язди басқаларға қарағанда өз білімімен көптеген шәкірттермен бөлісті. Мен Месбах Язди мырзаны шамамен қырық жыл бойы танимын, мен бұл кісіні діни заңгер, философ, ойшыл, Исламның негізгі мәселелерінің маманы санаймын. Қазіргі жастар ғұлама Табатабаи мен шәһид Мотахариден білім ала алмағанымен, Алланың мейірімімен біздің кезеңде Месбах Язди сынды ғұламалар болды»,- деді.

Аятолла Хаменеи мен аятолла Месбах Язди

Қасиетті Құран - Алланың ұлы мұғжизасы және Исламның мәңгілігін дәлелдейтін құжат. Бұл илаһи кітап әртүрлі қастандықтарға қарамастан өз өзін қорғап, ауытқу мен бұрмалаудан аман қалды. Құранның маңызды ерекшелігі - адамзатқа  басшылық ету мен дұрыс жолға нұсқаушы болуы. Алла Тағала бүкіл адамдарды өз оқырманы санап, қасиетті кітаптың «Құранның өзі мен тағылымдарын ұстанған  кез келген адамның дұрыс жолға нұсқалады» деген хабарын жариялады. Аятолла Месбах Язди Құран  тәпсіршісы және барлық мағынада Құран сипатына ие болған. Аятолла Месбах Яздидің анасы жүкті болған кезде,  босанғаны  және  дүниеге келген нәрсенің Құран екені туралы түс көрген. Түсті жорығандар: «Перзентіңіз Құран тәпсірші болады»,- деген. шын мәнінде ұстаз Месбах заманауи кезеңнің теңдессіз Құран тәпсіршісі болды.

Аятолла Месбах Язди саяси идеология мен іс-әрекет саласына  ерекше көңіл бөлді. Бұл кісінің саяси ойының негіздері зайырлылықтан өзгеше. Ол дінде саяси жүйенің міндетін анықтайтын ережелер бар деп санады. Исламдық қоғам өз мақсатына ұмтылуда  және бұл мақсат – бақыт деп білді.  Ал қазіргі идеологияның мақсаты әл-ауқат, қауіпсіздік және теңдік деп санайды. Аятолла Месбах Язди демократия, исламдық үкімет және діни халық демократия туралы пікірлер мен идеяларды ұсынып: «Бүгін біз исламға жат ұғымдармен бетпе-бет келудеміз, бірақ әлеммен ортақ тіліміз болу керек болғандықтан, біз бұл ұғымдарды талқылаймыз және оларға қатысты өз ұстанымдарымызды белгілейміз. Адам құқығы және демократия сияқты кейбір ұғымдар батыстық мәдениетте трансценденттік құндылықтарға айналды. Мұндай түсініктерге қарсы тұру - пікірталас мәселесі, сондықтан оларға қарсы үнсыз қалу дұрыс емес. Ислам диалогтың есігін жауып,   өзін-өзі шектегісі келетін дін емес. Құранда айтылғандай, кейбір жағдайларда жалпы және оң ұстанымдар туралы келісіп, содан кейін келісімге болмайтын жәйттер туралы тиісті ұстаным білдіру керек»,- деді.

Аятолла Месбах өзінің маңызды міндетін ислам мен Ислам республикасын теориялық қорғау саласында қызмет ету деп санады. Ол эклектикалық және марксистік идеяларды сынап, велаят факихке (діни билікке) негізделген Ислам Республикасы жүйесін теориялық тұрғыдан қорғаумен, діни оқу орындар жүйесіндегі өзгерістермен, дарын шәкірттерді тәрбиелеуі және ислам негіздерін қорғау бойынша отандық және шетелдік конференциялар мен форумдарға қатысумен  Ислам республикасына маңызды қызмет етті.  АҚШ Орталық барлау басқармасы (ОББ) бұрынғы агенті Рауль Марк  конференциялардың бірінде: ««Месбах Язди - Ирандағы ерекше діни қызметкерлердің бірі.  Демократияны құруға (американизациялауға) біздің жалғыз кедергі - аятолла Месбах Язди, тек аятолла Месбах Язди! Ол (американдық) демократияны дағдарысқа тіреген жалғыз адам», - деді.

Негізінен пайғамбарлар мектебін оқыту мен насихаттау үшін жауап беретін ғалымдар мен дінтанушылардың мәртебесі жоғары. Өйткені олар болмаса, қоғам руханият пен адамгершілік рухынан босап, құлдырайтын ережелер мен ілімдерді үйретеді.  Имам Ходи (ғ.с.): «Егер хазірет Мәһди (ғ.с.) (яғни уәде етілген Құтқарушы) жоқ кезде, адамдарды оған қарай бағыттайтын және илаһи дәлелдермен өз дінін қорғайтын ғұдамалар болмаса,  ешкім Алланың дінінде қалмайтын және барлығы діннен шығатын еді. Ғұламалар жүректерде орын тауып,   кеме капитаны сындыбасқаруды өз қолына алады. Сондықтан   Алланың алдында олардың мәртебесі  жоғары»,- деген болатын.  

Бұл көрнекті ғалым және заңгер Исламның ардақты ханымы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) шәһид болған күндері мәңгілік әлемге асықты. Мәдени және діни орталықтар, сондай-ақ оның көптеген жазбалары еске алынды. Шәкірттері аятолланың жолын жалғастырады.                                                                                                                                                                                                         

 

Тегтер