Діни жетекшінің 19 дей күнгі сөзі
(last modified Tue, 12 Jan 2021 11:37:27 GMT )
Қаң 12, 2021 17:37 Asia/Almaty

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1356 жылы 19 дей күнгі көтеріліс Құм қаласында өткен Пехлеви режиміне қарсы маңызды наразылықтардың бірі болды.

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1356 жылы 19 дей, сәйкесінше 1977 жылғы 10 желтоқсандағы көтеріліс Құм қаласында өткен Пехлеви режиміне қарсы маңызды наразылықтардың бірі болды. «Этелеат» газетінде аятолла Хомейниге тіл тигізетін мақаланың жарық көруі  Ирандағы 14 айдан кейін жеңіске жеткен Ислам революциясы үшін  жағдай тудырды. Бұл күнді еске алып, Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеи теледидар арқылы сөз сөйлеп, маңызды мәселелерге назар аудартты.

Аятолла Хаменеи 19 дей күні теледидардан сөз сөйледі

Аятолла Хаменеи теледидар  арқылы сөйлеген сөзінде сардар Солеймани мен Абумәһди Мухандестің шәһид болған күнің, украиналық ұшақтың құлауы, шәһид ғалым Фахризаденің қырықы және  19 дей көтерілісі елдің тарихындағы жарқыраған күндердің бірі ретінде еске алынғанын қуаттап, бұл оқиғаларды үлкен ерлік ретінде есте сақтауды насихаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша, Құм оқиғасы бір қалада аяқталмады, ол Иранның басқа қалаларына таралып, бірте-бірте үлкен көтеріліске айналды. Бұл көтеріліс эмоциядан туындаған жоқ,    диктаторлық, тәуелді, жемқор және дінге қарсы режимге  халықтың наразылығының ашуы мен күші болды, ол имам Хомейнидің  зияткерлік дарындылығының қолдауына сүйенді. «Құмдағы бұл қозғалыс антиамерикандық және үстемшілдікке қарсы қозғалыс болды. Бұл өз мүдделері үшін диктаторлық, дінге қарсы және жемқор Пехлеви режимін қолдап, Иранды олардың негізгі базасына айналдырған зорлық-зомбылық күштеріне қарсы қадам болды. Бұл көтерілістің  Америкаға қарсы және діни жағы болды. Шын мәнінде 19 дей көтерілісі хазірет Ибрахимның балтасының  пұттың денесіне жасаған бірінші соққысы деп санауға болады және бұл қөтеріліс кейін де жалғасты».

Ислам революциясы жетекшісі үстемшілдіктің үлкен пұтының құлдырауына тоқталып: «Сайлау жанжалы, бірнеше күн сайын қара нәсілді адамның өліміне әкелетін адам құқықтары әлемге және тіпті өз достарының мазағына себеп болған  АҚШ-тың уәжденген құндылықтарының негізін әшкереледі. Экономикалық тоқырау,   миллиондаған жұмыссыздар, аштар мен үйсіздер АҚШ-тың ауыр жағдайын көрсетеді. Әрине, бұл таңқаларлық жәйт емес, бірақ кейбір адамдардың әлі күнге дейін АҚШ-ты армандайтын және құбыла ұстайтыны – таңқаларлық»,- деді.

Ислам төңкерісінен кейінгі 42 жыл өткенімен АҚШ-тың әрекеттері тек Иранға ғана емес, бүкіл аймаққа үстемдік іздеуін жалғастырып жатқанын көрсетеді. Аятолла Хаменеи: «Аймақтың тұрақсыздығын АҚШ өз мүддесіне деп біледі. Ол аймақты толық өз бақылауына алғысы келеді. Оған дейін аймақты тұрақсыздығын өз мүддесіне деп санайды. Мұны өздері айтады. Америкалық танымал сарапшылардың бірінші айтуынша, «американдықтар бүкіл аймақты билегенше дейін  мүдделерін Иран, Ирак, Сирия, Ливан және аймақтағы басқа елдерді тұрақсыздандыру арқылы қамтамасыз етуге талпынады және бұл мақсатына жету үшін кейбір уақыттарда Ирандағы 88 жылдағы бүлік немесе ДАИШ-ты құру сынды әрекеттерін іске асырады». Олар 1388 (2009) жылы ылаң салып, ішкі соғысты ұйымдастырғысы келді. Бірақ Алла Тағала рұқсат етпеді. Ал енді 99 (2021) жылы Алла Тағала бұл бәлені олардың бастарына жіберді»,- деп  мәлімдеді.

Бүгінде Иранның қазіргі жағдайда дәйектілігі, күші, тереңдігі мен жетілгендігі зияткерлік, практикалық, саяси және әскери күштермен жабдықталғаны жасырын емес. Аятолла Хаменеи: «Иран жаңа ислам өркениетін құру мақсатымен алға жылжуда. Бұл біздің түпкі мақсатымыз. Бір ұрпақ бұл мақсатқа жете алмауы мүмкін, бірақ бұл жол жалғасады және Құдай қаласа, келесі ұрпақ осы мақсатқа жетеді. Біз жолымыздағы айла-шарғылар және дұшпандардың біздің елге қарсы жасайтын зиянды саясатынан арылуымыз керек. Біздің АҚШ үкіметіне деген көзқарасымыз осы ой-пікір мен философиядан туындайды».

Аятолла Хаменеи сөзінің басқа бөлігінде АҚШ бастаған үстемшіл майданның Иранға қарсы уәждеріне жауап қайтарып, «санкция», «Иранның аймақтағы орналасуы» және «елдің қорғаныс және зымырандық құдыреті» сынды үш тақырыпқа назар аудартты. Санкциялар – Иран мен АҚШ арасындағы дағдарыс тақырып. Аятолла Хаменеи бұл әрекетті сатқындық пен қаскүнемдік және Иран халқымен үлкен және мағынасыз әрекет деп атап: «Батыс майданы мен біздің жауларымыздың міндеті - бұл зұлымдықты тоқтату, яғни Иран ұлтына санкция беру және оны дереу тоқтату; Барлық санкцияларды алып тастау олардың міндеті. Біз елдің экономикасын санкциялардың салынуы және алынуымен қиындықтарға тірелмейтіндей жобалауымыз кере. Бұл іске асырылатын іс. Мұны мен емес, экономистер айтады. Жанашырлар «бұл істі іске асыру мүмкін» дейді. Елдің ішкі ресурстары мен мүмкіндіктері өте көп»,- деді.  

Ислам революциясы жетекшісі «неге Иран аймақ мәселелеріне араласады» деп айтатын адамдарға: «Ислам республикасы аймақтағы достары мен жақтастары дамитындай әрекеттенуі керек. Бұл біздің міндетіміз. Біздің араласуымыз достарымыз бен жақтастарымызды нығайтады. Ислам республикасының аймақта орналасуы тұрақсыздықтың себептерін залалсыздандыруға көмектеседі. Мәселен, Ирактағы ДАИШ-ты құртып және Сириядағы әртүрлі мәселелерді шешуге әкеледі. Сондықтан аймақтағы орналасуымыз нақты және шынайы болуы керек»,- деп жауап берді.                                                                    

Аятолла Хаменеи өз сөзінің бір бөлігінде жастар мәселесі мен исламдық жүйенің жас дарын күшке назар аударуы туралы айтты. Содан соң Иранның зымырандық күш-қуатына тоқталып: «Ислам республикасы жүйесі елдің қорғаныс жағдайын Саддам Хусейн сияқты абыройсыз адам келіп, Теһран қаласын бомбалай алмайтындай, зымыран ата алмайтындай және МИГ-.25 ұшақтарының Теһранның аспанында ұша алмайтындай қылып қалыптастыруы керек. Бұл іс Ислам респубикасының қолынан келеді. Бұл жұмыс жасалды. Бүгін біздің қорғаныс күшіміз дұшпандарымыз онымен санасатындай деңгейге жетті. Ислам республикасының зымыраны Иранның әуе кеңістігіне келген американдық агрессор құсты атып түсіре алатын  және ирандық зымырандар АҚШ-тың Айн әл-Асадтың базасына соққы бере алатын мүмкіндікке ие болғандықтан дұшпан  әскери шешімдерін  қабылдаған кезде бұл елдің күшімен  санасуға мәжбүр»,- деп баса айтты.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы діни жетекшінің сөзінде тоқталған тақырыптарыынң бірі  болды. Аятолла Хаменеи: «Ислам республикасы АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтаруға асығыс білдірмейді. Біздің ұтымды және саналы талабымыз - санкциялардың күшін жою. Санкциялардың күші жойылуы керек. Бұл Иран халқының тартылып алынған құқығы. АҚШ болсын, АҚШ-қа тәуелді Еуропа болсын Иран халқының құқығын қайтаруға міндетті. Егер санкциялар алынып тасталса, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуының мағнасы болады. Мәжіліс пен үкіметтің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту қисынды әрі ақылды шешім болды. Екінші тарап «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өзінің ешбір міндеттемесін орындамаған жағдайда, Ислам республикасы келісімдегі бүкіл міндеттемелерін орындады. Егер олар өз міндеттемелеріне қайтып, оларды орындаса, бізде міндеттемелерімізге қайтып ораламыз»,- деп айтты.

Коронавирус індеті және оған қарсы жасалған талпыныстар Ислам революциясы жетекшісінің сөзінде қозғалған соңғы мәселе болды. Ол ирандық вакцинаның  жасалуын елдің абыройы  деп атап, Денсаулық сақтау министрлігіне және тексерілген вакцинаның өндірісіне қатысқандарға алғысын білдіріп, елдегі кез-келген үлкен жұмысты жоққа шығаратын адамдарды сынға алды. Аятолла Хаменеи: «Осыдан бірнеше жыл бұрын, елдің жастары центрифугалар жасап шығарған кезде, кейбіреулер бұл уәждерге алданбауды өтініп хат жазған. Марқұм Каземи мен оның жас әріптестері бағаналық жасушалар саласында үлкен жетістікке жеткен кезде де  кейін де ұқсас хабарламалар жіберілген болатын.  Бірақ бұл жетістіктер шынымен сенімді болды, содан кейін жетістіктер он есе өсті. Қазір дәл солай. Вакцина  жасалды және адам сынағынан өтті. Алла қаласа, бұл жұмыс жетілдіріп, толық іске асырылады»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи   АҚШ пен Британия вакциналарының елге келуіне тыйым салынуын жарияланып: «Егер американдықтар вакцинаны шығара алса, елдерінде коронарлық дағдарыс  болмас еді  және күнделікті  шамамен 4000 адам қайтыс болуының алдын алатын еді. Сонымен қатар, олар негізінен сенімсіз және кейде  вакциналарын халықтарға сынақ өткізуге пайдаланады. Франциялықтардың қанды ластау оқиғасынан кейін сенім артпаймын, бірақ вакцинаны басқа елдерден сатып алу мәселе емес»,- деп мәлімдеді.