«Фаджр» онкүндігі 1: Имам Хомейни – сүйікті басшы
Биыл Иран Ислам революциясының қырық екінші жылдығы. Әрине бұл революцияны имам Хомейидің есімінен ажыратуға болмайды.
Биыл Иран Ислам революциясының қырық екінші жылдығы. Әрине бұл революцияны имам Хомейидің есімінен ажыратуға болмайды. Сондықтан бұл онкүндікке арналған бағдарламаны Иран мен әлемге әсерін тигізген тұлғаның кейбір қадір-қасиеттеріне тоқталдық.
Хиджри-шамси күнтізбесінің 1327 жылының баһман айының 12 жұлдызы (1979 ж. ақпан айы) ерекше көңіл-күй мен ерлікке толы болды. Имам Хомейни жылдар бойы елінен алыста қуғында жүргенінен кейін отанына қайтып келе жатты. Имамға ғашық мыңдаған халық өз басшысын күтіп алу үшін Теһранның Халықаралық әуежайына жиналды. Имамның ұшағы жерге қонған кезде жүректер толқып, халық сүйікті көсемінің нұрлы жүзін көру үшін бір-бірінен озып, имамға қарай асықты. Имам Хомейнидің әуежайдан «Беһеште Заһра» зиратындағы шәһидтер қабірлеріне дейінгі жолы гүлмен безендіріліп, халық революция шәһидтерін еске аып, бірнеше шақырым жол бойын гүлмен әшекейледі.
Boeing 747 ұшағының есігі ашылып, имам Хомейни шықты. Ол хазірет Ибраһим сынды тағұт пұттарын бұзып, Ислам республикасының жарқырайтынын уәде етті. Салауаттың әтірі, гулабтың хош иісі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Иә, Рухолла Хомейни келді , үйлер мен көшелерде қуаныш дауысы естілді.
Иранның діни халқы имам Хомейнидің зорлық-зомбылықа қарсы дауысын шындықтың дауысы деп білді. Олар имам Хұсейн (ғ.с.) сияқты дін мен ислам құндылықтарын қайта жанғырту үшін көтерілген адамды көрді. Олар имам Хомейнидің шақыруын қабылдап, зорлық-зомбылыққа қарсы көтерілді. Имам Хомейни ұлттың санасы мен жүрегін өзгертті. Бұл өзгеріс «тәуелсіздік, бостандық, Ислам республикасы» деген ұранымен халықтың қатысуына негізделген исламдық жүйеге әкелді.
Шәһид Мұртаза Авени имам Хомейни туралы: «Имам Хомейни пайғамбар емес, бірақ хазіретті (с.ғ.с.) еске салушы болды»,- деді. Имам ата-бабалары сияқты жеке адамдар мен қоғамды тәрбиелеуге және жетілдіруге, бір сөзбен айтқанда адамгершілікті насихаттауға талпынды. Үкімет пен саясат адамгершілік пен адами және рухани ізгіліктерден бөлек емес, ал идеалды ислам қоғамы осы екі маңызды категорияның байланысында ғана қол жеткізіледі. Алла Тағала мұсылмандарға: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар»,- деп айтылды. («Ахзаб» сүресі, 21 аят). Алланың елшісі (с.ғ.с.) ислам билеушісінің үлгісі болды және одан кейін имам Әли (ғ.с.) өзінің исламдық үкіметінде әлеуметтік әділеттілік пен адамдық абыройдың ең әдемі көріністерін бейнеледі. Имам Хомейни қоғамда діни құндылықтарды жандандыруға және таратуға ұмтылды. Адамгершілік және рухани ізгіліктер көрінетін ислам қағидалары мен шиит құқықтануына негізделген қоғам. Имам Хомейни жас кезінен бастап өзін-өзі тәрбиелеуге және адамгершілік пен жағымды қасиеттерін нығайтуға күш салған. Діни оқу орталығындағы Хомейнидің бөлмелестері Хомейнидің екі ерекше қасиеті бар екенін оның семинариядағы жас кезіндегі бөлмелестері.
Адалдық - бұл Құрандағы Алланың бұйрықтарының бірі және дін лидерлерінің нұсқаулары және тақуалық пен иманның белгілерінің бірі. Адамдардың Имам Хомейниға деген сүйіспеншілігі барлық жақсылықтарға деген сүйіспеншілік болды. Имамның бұл сүйіспеншілігі одан да көп болған шығар. Имам адамдарды және олар имамды жақсы көретін. Ол адамдарды өзінің қамқоршысы және қызметшісімін деп атады. Имамның нәзік рухы және сөзбен айтып жеткізуге болмайтын мейірімі жүректерді магниттей тартты. Имам кедейлерге көбірек көңіл бөліп, шенеуніктерге адамдарға, әсіресе езілгендерге шын жүректен қызмет етуді ескертіп: «Бұл адамдарға қызмет ету және олардың қайғы-қасіретіне, қуанышына және проблемаларына ортақтасу біздің міндетіміз, және менің ойымша, әлсіздерге қызмет етуден жоғары ғибадат жоқ»,- деді. Имам қарапайым өмір сүріп, қанағатшыл болды. Имам Хомейни өзінің қасиетті ата-бабалары сияқты қарапайым және дүниеқоңыздықтан аулақ өмірді таңдап, ислам қоғамының билеушісі әлсіз және орта тап сияқты өмір сүруі керек деп есептеген. Имам ешқашан өзін адамдардан алшақтатпады және әрдайым адамдармен бірге және олардың қасында болды.
Имам Хомейни - әйгілі ғұлама, мистик әрі Батыс пен Шығыс державаларға тәуелді емес, диктатураға қарсы, қырағы саясаткер. Имам өз заманының қоғамы мен басқа елдердің жағдайынан хабардар болды. Ол тақуа және өте тәртіпті адам еді. Имамдар жас кезінен тазалығы және тәртіптілігімен танымал болды және имамның ғылым мен практикада, басшылық пен саясатта жетістікке жетуінің бір сыры - барлық мәселелерде өте тәртіпті болуына байланысты. Имам түнгі намазы және Алламен сырласуынан басқа өзінің бүкіл күнделікті жұмыстары үшін кесте дайындаған. Оның жұмыстарының дәл болғаны соншалық, айналасындағылар белсенділігін көріп, сағаттың неше болғанын түсінетін! Имамның тамақтану, ұйықтау және оянатын уақыттары белгілі болды. Кездесулері үшін де уақыт белгілейтін. Имамның қызы Заһра Мұстафави: «Имам сондай дәл әрі тәртіпті болды. Сондықтан егер имам түскі тамағына бес минут кешіксе, үйдегілер бұл кісі неге кешікт деп алаңдайтын. Барлығымыз имамның бөлмесіне қарай асығатынбыз»,- деп есіне алатын. Сөзімізді имам Хомейнидің шәкірті және орынбасары аятолла Хаменеидің сөзімен аяқтаймыз: «Имамның сөздерінің ерекше әсер етуінің себебі бұл кісінің руханилығы, ішкі тазалығы, Алламен байланысы, түн ортасындағы көз жасы болды. Көптеген оқиғалар басынан өткен, өзі бір халықты дүр сілкіндірген мықты адам болды. Әлемдік құдыреттердің айбыны ол үшін маңызды болмады, бірақ илаһи құдыреттің алдында дұға жасап, жылаған адам болды»,- деді. Аятолла Хаменеи имам Хомейни туралы басқа бір сөзінде: «Имам Алламен қарым-қатынасы үшін Оның ризалығына ие болды. Бізде иман, ықылас және талпынысымызбен имамның жолын жалғастырайық»,- деді.