«Фаджр» онкүндігі : Әйелдер - Ислам революциясын алға ілгерлетушілер (7)
Иран әйелдері әлі күнге дейін ел жастарының қаны төгіліп, жеңіске жеткен революциясына адал болып, оны қорытынды мақсатына жеткізуге талпынуда.
Биыл Иран Ислам революциясының жеңісіне 42 жыл. Әрқашан өсу және даму туралы айтылған және революцияның мақсаттары мен мұраттарына қауіп төнген кезде, әйелдердің есімдері ерлермен қатар естіледі және олардың әлі күнге дейін ел жастарының қанымен жеңіске жеткен революциясына адал болып, оны қорытынды мақсатына жеткізуге талпынуда. Күн сайын, Иранның ғылыми әлеуеті күшейіп, Ислам революциясының тиімділігі атап көрсетілген кезде, ирандық әйелдердің жүзі оның сарапшыларымен бірге жарқырайды. COVID-19 басқа елдермен бірге Иранда таралған кезде дәрігер және медбике әйелдер науқастарға көмекке асықты. Кейбіреулері тіпті тұрмыс құруларын кейінге қалдырды, ал кейбір мұғалімдер өз шәкірттеріне ауруханалық төсектерінде онлайн режимінде оқытты. Коронавирусқа қарсы ирандық вакцинаның жасалуымен Фатима Мохбер оны сынақ үшін өз еркімен егкен алғашқы ирандық болды. Сондай-ақ, елдің ядролық ғалымы отбасының алдында шәһид болған кезде, оның әйелі: «Бұл террор біздің мақсатымызға кедергі бола алмайды. Мен жұбайымның жолымен жүріп, оны ұмтылыстарын орындаймын»,- деп айқайлады.
Бұдан бұрын, өткен жылы АҚШ ирандық әскери қолбасшы генерал Солейманиді террор етті. АҚШ бұл террормен Ислам революциясы тоқтайды деп ойлады. Бірақ дәл сол кезде оның қыздары Зейнаб пен Фатима сабыр сақтап, әкесінің жолын жалғастыратынын жариялады. Зейнаб джиһад пен қарсыласу жолына түсіп, шәһидтер жолын жалғастыру үшін шәһид Солеймани қорын басқарды. Соғыс күндерінде сабыр сақтап, соғыс алаңы мен тылда маңызды рөл атқарған әйелдер, әсіресе шәһидтердің әйелдері мен аналары аз емес.
Иранның күресі мен Ислам революциясының контекстінде болғандардың барлығының пікірінше, әйелдер революцияның жеңіске жетуіне және осы елде исламдық жүйенің орнауына маңызды рөл атқарды. Әйелдер өздерінің сыртқы сенімдері, хабардарлықтары мен міндеттеріне берік болып, шетелдік жаулар мен олардың ішкі агенттерінің қастандықтарына қарсы тұрып шыңға жетті және олар кез келген кездегі өз мойндарына алған жауапкершілікті шынайы орындады. Қоғамның әртүрлі мәдени, әлеуметтік, саяси және экономикалық жұмыстарына тиімді және кең қатысуымен олар Ислам революциясының негіздерін қорғауға өз үлестерін қосты және әрқашан Ислам революциясының мақсаттарын алға жылжытушылар ретінде танылды. Әйелдердің исламдық қозғалысқа қатысуының маңыздылығы имам Хомейнидің қозғалыстың жетекшісі ретінде әрдайым әйелдердің күрестегі рөлі мен маңыздылығын еске салуына себеп болды. Имам Ислам революциясының жеңісінің алғашқы айында бұл жеңістегі әйелдердің рөлі туралы сөзінде әйелдердің күрестің көшбасшылары атап: «Сіздер, банулер алғашқы шебте екендерінде дәлелдедіндер. Иранның ерлері Иранның әйелдерінен ғибрат алды. Құм ерлері де сіздерден ғибрат алды. Сіздер қозғадыстың алғашқы қатарындасыңдар»,- деді. Мұсылман ерлер мен әйелдердің өз діні мен жерін қорғаудағы тарихи рөлі ислам мәдениетінен бастау алады. Исламда жиһадтың жауапкершілігі әйелдерден алынып тасталғанымен, бұл әйелдер күреске қатыспайды дегенді білдірмейді. Керісінше, әйелдер дін мен Отанды қолдау мен қорғау үшін ер адамдармен бірге белсенді қатысуы қажет. Исламның басында әйелдер исламды қорғауда маңызды рөл атқарды.
Ислам діні тұрғысынан әйелдер де ер адамдар сияқты әртүрлі салада еркін жұмыс істейді. Әрине бұл азаттық әйелдің болмысына зиян келтірмейді. Иран Ислам революциясында әйелдер әртүрлі мәдени, ғылыми, саяси және әскери салаларда кеңінен қатысты. Ирандық әйелдердің көбі ана және өмірлік серік ретінде жақындарын күрес майдандарына қатысуға жігерлендірді. Әйелдер тобы дәрігер, медбике, құтқарушы ретінде ең қауіпті шекара аймақтарында ер адамдармен бірге болды. Бұл әйелдер хазірет Хадиджа, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) және хазірет Зейнаб сынды әйгілі тұлғаларды үлгі тұтып, күрес майданына аяқ басты және ерлерге отанын қорғауға көмектесті. Имам Хомейни сан рет ирандық әйелдердің шәһид болуды талап етуі мен жанкештілігін мадақтап: «Сіздер, әйелдердің шәһид болудан қорықпауларын және жастарымыз, ерлер мен әйелдеріміздің шәһид болуға дайын болулары иманның нұры»,- деді. Әйелдердің митингтер мен демонстрацияларға қатысуы және озбыр режимге қарсы үнпарақтар таратуы олардың саяси белсенділігін білдірді.
Әйелдер адамды тәрбиелеушілер. Сондықтан егер бұл тәрбиеші әйелдерден айырылатын болсақ, халық сәтсіздікке ұшырайды. Олар хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен хазірет Зейнабты үлгі тұтып, тағұт режимге қарсы тұрып, жақындарын соғыс майдандарына жігерлендірді. Иранда шәһидтердің аналары Аллаға деген иманы және шәһидтердің қоғам өміріндегі рөлі туралы білімдерімен Жаратушының ризалығына ие болу жолында қадам жасады. Бұл аналар ерекше рухқа ие болып, жақындарының шәһид болғаны туралы хабарды естігенде, Алладан олардың шындық жолындағы құрбандықтарын қабылдауын сұрады. Олардың кейбіреулері шәһид перзенттерін теңдессіз сабырлығымен жерледі. Екі баласы шәһид болған ана Алланың ризалығы үшін үшінші ұлың отаның қорғау үшін майданға баруға жігерлендірді.
ХХ ғасырдағы ең үлкен қоғамдық-саяси оқиға - Ислам революциясына мұсылман әйелдерінің қатысуы олар туралы жаңа көзқарас тудырды. Иран әйелдерінің әртүрлі ғылыми, мәдени, саяси және әлеуметтік салаларға көбірек қатысатынын көріп, бүкіл әлем халқы таңданды. Ислам елдеріндегі көптеген әйелдер ирандық әйелдердің әрекеттері мен қозғалыстарын үлгі етті. Француз журналистерінің бірі революцияның алғашқы жылдарында Иранға сапар шеккен соң: «Иранда барлығы үлкен әлеуметтік-саяси өзгерістердің ортасына түсіп, исламдық жүйе құруға талпынуда. Бұл арада - ең таңқаларлық нәрсе - әйелдердің ерлермен қатар төзімділік білдіріп, талпыныс жасауы»,- деп жазды.
Ислам революциясының жеңісімен әйелдер үшін әртүрлі деңгейдегі қабілеттерін арттыруға мүмкіндіктер пайда болды. Шын мәнінде, исламдық жүйеде әйелдер құрметтелді және олардың қозғалысының алға ілгерлеуін жылдамдатты. Мұсылман әйелдер әйел мен ердің Алланың жаратылысы және адами тұрғыдан тең екенін біледі. «Әл-Имран» сүресінің 195 –ші аятында: «Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел амал істеушілердің амалын зая қылмаймын»,- деп айтылды.