«Фаджр» онкүндігі: Иран санкцияларға қарсы табандылық көрсетті
(last modified Tue, 09 Feb 2021 21:28:56 GMT )
Ақп 10, 2021 03:28 Asia/Almaty
  • «Фаджр» онкүндігі: Иран санкцияларға қарсы табандылық көрсетті

«Санкция» - Иран халқы үшін таныс сөз.

 

Иран халқы АҚШ-қа тәуелді монархиялық жүйені өзгерту үшін көтеріліп, имам Хомейнидің басшылығымен ИИР құрды. Исламдық Иран басынан бастап, «Шығыс та емес, Батыс та емес» деген ұранымен бүкіл үстемшілдерге, Шығыс пен Батыстың күштеріне тәуелді болмай, жастардың күш-жігерімен көтеріліп, тамыр жайып, өз аяғында тұратынын жариялады. Революциясын жеңіске жеткізу жолында көптеген жастарынан айырылған Иран халқы басынан бастап, АҚШ пен оның одақтастарының әртүрлі дұшпандылығымен, олардың ішінде санкциялармен бетпе-бет келді. Иранда АҚШ-тың тыңшылық ұясы ретінде танымал болған АҚШ елшілігі басылып алынып, оның мүшелері революцияшыл жастармен қамауға алынған соң, АҚШ-тың санкциялар түріндегі қысымдары басталды. АҚШ Ирандағы соңғы үмітінен айырылып, бұл революцияның алдын алу үшін санкциялар қолдануға кірісті. Жылдар бойы  одақтастарының көмегімен ИИР-ның халқы мен жүйенің ерік-жігерін бұзу үшін  ең қатаң санкцияларды қолданды.

Иранға қарсы санкциялар - АҚШ пен оның кейбір одақтастарының ИИР оларға бағындыру  және тәуелсіздігі мен азаттығынан бас тартуға мәжбүрлейтін әрекеттерінің жиынтығы. Санкция енгізу яғни мақрұм ету. Иранға қарсы санкциялардың мақсаты – елдің экономикасын құлдырату.  ИИР-на қарсы алғашқы санкциялар Ислам революциясының жеңісінің алғашқы айлары мен жылдарында енгізілді және Иран атом қуатына иеленген соң одан сайын күшейтілді. Иранға қарсы санкциялар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары, ЕО санкциялары, АҚШ сияқты елдердің біржақты санкциялары және АҚШ Конгрессінің санкциялары деп  төрт топқа бөлінгенімен, олардың көбін ИИР-на қарсы  АҚШ үкіметі салды. Санкциялар стратегиясы  Иранның экономикалық және өнеркәсіптік өсуін біршама төмендетіп, шетелдік инвестицияларды шектегенімен, ирандық ерлер мен әйелдердің қарсыласу экономикасының жаңа моделін құру және шетелдерге тәуелділіктен бас тарту жөніндегі күш-жігерін едәуір арттырды.  

Санкциялар қиындықтар тудырып,  Иран халқына тек өз күшіне сүйену керектігін көрсетті. Иран халқы   өзіне  сенім арту және дарындарын дамыту мен негізгі білімді арттыру арқасында әлемде маңызды жетістіктерге жетті.  Иранның әсіресе соңғы отыз жылдағы ғылыми, технологиялық, өнеркәсіптік, әскери және медициналық жетістіктері ешкімге жасырын емес.  Құрылған кезінен бастап қатаң санкцияларға ұшыраған ел үшін бұл жетістіктер мақтанышы болып табылады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл туралы: «Олар біздің елге көптеген шектеулер қойды. Олар барлық экономикалық салаларда санкциялар енгізді. Олардың мақсаты Иран халқы мен жүйені тізе бүктіру болды. Бірақ Ислам республикасының жүйесі халықтың шыдамдылығы мен  көрегендігінің көмегімен барлық  саясаттар мен саясатты жүргізушілерді тізе бүктірді. Біз бұл шектеулерді мүмкіндік ретінде пайдалана алдық. Бұл тыйымдар, санкциялар мен шектеулер аймақ елдері көптеген жылдар бойы қол жеткізе алмаған барлық салаларда, олардың ішінде инновациялар мен бастамалар саласында алға ілгерлеуге итермеледі»,- деді.

       

Жер серігін («Умид») жасау және оны ғарышқа жіберу, генетикалық модельдеу туралы білімді меңгеру, дің жасушалары туралы ғылымға қол жеткізу және оны пайдалану, сондай-ақ нәрестенің кіндігін қан банкасында сақтау, жетілдірілген әскери техниканы, әсіресе  айтарлықтай қашықтыққа  жететін құрылық және теңізден атылатын  зымырандар жасап шығару, дизель отыны технологиясын пайдалану, атом энергиясы мен ядролық отынға қол жеткізу, ағзаларды, әсіресе жүректі трансплантациялау және нанотехнологияларды игеру Иранның әлемдегі ғылыми рейтингін көтерді. Көптеген аталған ғылымдарда Иран әлемдегі алғашқы он елдің қатарына кіреді. Бұл ғылыми және технологиялық жетістіктер көрнекті жастар мен мамандардың және дәрігерлердің күшімен Иранның даму жолына түскендігін көрсетіп, залым санкциялардың ирандықтардың күш-жігері мен табандылығын әлсірете алмағанын,  керісінше үмітін арттырғанын көрсетті.  Қазір Иран әртүрлі салаларда, әсіресе нанотехнология және оны өнеркәсіп, денсаулық сақтау саласында және аэроғарыш пен қорғаныс сияқты әртүрлі ғылымдарда мақан тұтатындай жетістіктерге жетті.  Денсаулық сақтау саласындағы нанотехнологияның рөлі, әсіресе коронавирус эпидемиясы кезінде айқындала түсті.  Бұл технологияның көмегімен исламдық Иран маскалар мен желдеткіштер сияқты қажеттіліктерін елдің ішінде қамтамасыз ете алды. Осы уақытта ирандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина өндірісін адамдарға сынау сатысына жетті және бұл салада жақсы жаңалықтар күтілуде. 

Ирандық вакцина бірінші ерікті адамға егілді

Даму жолын сайлаған халық үшін санкциялар кедергі бола алмайды. Соңғы хабарламаларға сәйкес, Иранның Ұлттық нано штабының басшысы 2019 жылы нанотехнология саласындағы 12000-нан астам жаһандық мақалалар жариялап, исламдық Иран әлемде 57-орыннан 4-орынға көтерілгенін және қазіргі кезде жаһандық деңгейде нано стандарттарын белгілейтін үздік жеті мемлекеттің қатарына кіретінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Иранның ғалымдары нанотехнология саласында   2001 жылы небәрі 2 патентке ие болса,  2019 жылы өнертабыстарының санын 260 дейін көбейтті. Бұл әлемдік патенттердің 24 пайзын құрайды.

Қазіргі кезде ирандық жастардың жетілдірілген әскери техниканы жасауы ешкімге құпия емес. Исламдық Иран сан рет жетілдірілген әскери техниканы құрудағы мақсатының тек елді қорғау және аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік деңгейін арттыру ғана және Иран ешқандай соғыс ашпайды деп сан рет мәлімдеді. 17 қаңтарда исламдық Иран жаттығу  өткізіп, кемеге қарсы баллистикалық зымырандарды Үнді мұхитындағы қолдан жасалған нысанға қарай ұшырып, өзінің тежегіш күшін көрсетті.

Иранның қорғаныс өнеркәсібі санкциялар кезінде алға ілгерледі

Ядролық технологиялар саласындағы соңғы жаңалықтар Иранның табиғи уранды қолданып, металл ураның жасағысы келетінін көрсетеді. Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Казем Ғарибабади: «Теһранның зерттеу реакторы үшін жаңартылған отын түрін жобалау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстар басталды. Бұл жұмыстар үш кезеңде іске асырылып, бірінші кезеңде  табиғи уранды қолданып, металл ураны өндіріледі»,- деді. Ол  Иран  жоспарының екі жыл бұрын АҚХА хабарланғанына тоқталып: «Бұл шара техникалық жағынан Иранды жаңа отын өндіретін жетекші елдердің қатарына қосады»,- деп мәлімдеді.

Революцияшыл жастар  аятолла Хаменеидің басқаруымен санкциялардан қорықпайтындықтарын көрсетіп қана қоймай, санкциялық тосқауылды бұзып, елді күш-қуатты етуге талпынатындарын көрсетті. Аятолла Хаменеи бұл салада: «Санкцияларды жеңетін жол бар, бірақ ол артқа шегіну емес. Санкцияларды тек ұлттық мүмкіндіке сүйену арқылы жеңуге болады. Бұ қабілетті сақтап, жаңа қабілеттер табуымыз кере. Әрине біздің мүмкіндіктеріміз көп, сондықтан оларға сүйеніп, оларды жаңартуымыз керек. Жастарамызды ортаға шығарып, қарсыласу экономикасын жүргізуіміз керек»,- деді.