Ақп 10, 2021 09:13 Asia/Almaty
  • «Фаджр» онкүдігі: Ислам революциясы - исламдық өркениетті қайта жандандырушы

Ислам республикасы көптеген шарықтау мен құлдырауларға қарамастан, қазіргі кезде елдің ішінде және сыртында өз позициясын нығайтып, революциясының қырық екінші жылдығында жаңа исламдық өркениетті жүзеге асыру үшін қозғалысын жеделдетті.

Тарих бойында әлемнің түпкірінде-түкпірінде көптеген өркениеттер пайда болып, өркендеу мен түрлі салалардағы жетістіктерге жеткен кезеңінен кейін олар құлдырады. Иран, Ирактағы Месопотамия, Грекия, Рим, Мысыр, Қытай және тағы сол сияқты өркениеттер әрқайсысы адамзаттың ғылымы мен мәдениетінің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Бірақ осы өркениеттердің ішінде өзінің өркендеуін бастаған және ислам пайда болғаннан кейін көп ұзамай өз жемісін көрсеткен ұлы ислам өркениеті басқа өркениеттерден едәуір маңызды және артықшылыққа ие болды.  Исламдық тағылымға сүйенген бұл өркениет ғылымды үйренуге баса назар аударатын және мұсылмандарды бесіктен өмірінің соңғы сәтіне дейін кез-келген жолмен білім алуға шақыратын. Ғасырлар бойы көптеген ғалымдар әртүрлі ғылыми салаларда өздерінің өнертабыстарын, жаңалықтары мен теорияларын ұсынды және философтар, ақындар мен суретшілер көрнекті туындыларын қалдырды. Өкінішке орай, әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен ислам өркениетінің жарқыраған күні біртіндеп батып, исламдық елдердегі ғылыми және мәдени артта қалушылық пен бұл елдердегі отарлық үстемдік кезеңі басталды.

Исламдық өркениеттегі ғылымның дамуы

1979 жылының ақпан айында Иранда Ислам революциясының жеңіске жетуімен исламдық ойының жандануы және таралуына жаңа үміттер пайда болды. Ислам өркениетінің кейбір  руханият пен ғылымның дамуы, жергілікті күштер мен ойшылдарға арқа сүйеу, ұлттық қуатты арттыру және ислам әлемін  біріктіру талпыныс сынды факторлары Иранды исламдық өркениетті жандандыру жолына салды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл ұлы революцияның негізгі бағдарын жаңа өркениет құру деп атады. Ислам республикасы жүйесінің орнатылуынан қырық жылдан астам уақыт өткенімен бұл жүйе көптеген қастықтар, қиындықтар және дұшпандықпен кезігіп келеді. Олардың мақсаты -бұл халықтық жүйені жою немесе негізгі жолынан бұрмалау. Бірақ Ислам республикасы көптеген шарықтау мен құлдырауларға қарамастан, қазіргі кезде елдің ішінде және сыртында өз позициясын нығайтып, революциясының қырық екінші жылдығында жаңа исламдық өркениетті жүзеге асыру үшін қозғалысын жеделдетті. Осыған орай діни жетекші «Революцияның екінші қадамы» деп атанған Ислам революциясының қырық жылдыған арналған мәлімдемесінде жастарға жүгініп: «Алдағы онжылдықтар -   сендердің онжылдықтар. Сендер өз революцияңызды  қорғауға талпынып, оны жаңа исламдық өркениет  құру және әлемді хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуіне дайындау сынды өзінің ұлы мұратына мүмкіндігінше жақындатуларың керек»,- деп жазды.

Кез-келген өркениетті құру үшін дайындық, қажеттілік және инфрақұрылым қамтамасыз етілуі керек. Бұл қиын және ұзаққа созылатын жұмыс болғанымен, оның үлкен жемістері мен жетістіктері бар. Кез-келген өркениеттің маңызды сипаттамаларының бірі - оның мәдениеті мен идеологиясы. Исламдық өркениет, Батыстың материалдық өркениетіне қарағанда, руханилыққа, адамгершілікке және бір Аллаға сенуге негізделген. Мұндай өркениет өзінің ілгерілеуі мен дамуы үшін басқа ұлттардың құқықтарына немқұрайлық білдірмейді, сондай-ақ ғылымды заңсыз және адамгершілікке жатпайтын мүдделер қызметінде пайдаланбайды және оны монополияда ұстамайды. Демек, исламдық өркениет  мен мәдениетінің басқарушы рухы илаһи және рухани. Иран Ислам революциясы, оның аты айтып тұрғандай, исламның озық ілімдеріне негізделген және жеке адам  мен қоғамның  әл-ауқатын материалдық және рухани өлшемдерде қарастыратын биік мақсаттарға негізделген революция.  Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Жаңа исламдық өркениетте руханият материалдық өмірмен қатар, рухани өрлеу және қарапайымдылық материалдық өмірдің алға ілгереуімен қатар жүреді»,- деді. Бүгінгі күні әртүрлі елдердегі көптеген адамдар Иран Ислам республикасының бұл көзқарасын қолдады және ислам өркениетін құру үшін қолайлы жағдай жасалды.

Кез-келген өркениеттің айқын белгілерінің бірі - ғылым мен техниканың өркендеуі. Ислам революциясының жеңіске жетуінің басынан бастап,   Иранға қарсы сегіз жылға созылған соғыс жүргізіліп,  көптеген санкциялардың енгізілуіне қарамастан, бұл ел жарқыраған жетістіктерге жетті. Иран 10 пайыздық ғылыми дамуымен әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында орналасты.  Ислам республикасы нанотехнологиялар бойынша әлемде төртінші орын алады және ғарыш ғылымдары, ядролық технологиялар, діңгекті жасушалар, медицина, сондай-ақ күрделі әскери техникалар, әсіресе зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын құру саласындағы әлемдегі жетекші елдердің бірі болып табылады. Мұндай таңғажайып ғылыми жетістіктер елде тиісті және кең инфрақұрылымның болуына байланысты. Соңғы 42 жыл ішінде Иранда ғылыми білімнің атмосферасы толығымен қамтамасыз етілді және адамдар, әсіресе жастар білім мен оқытуға үлкен қызығушылық танытты. Елдегі сауаттылық деңгейі күрт өсіп, төрт миллионға жуық студент жоғары оқу  орындарында білім алуда. Жоғары ғылыми дәрежеге ие көптеген түлектердің болуы Иранның әртүрлі ғылыми салалардағы мамандармен қамтамасыз етілуіне себеп болды. Сондықтан алдағы жылдары Иранның ғылым мен технология саласындағы дамуы жылдамдатылады және басқа салалардың одан әрі ілгерілеуге әкеледі деп болжануда.

Ирандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері

Көбінде өркениеттер сыртқы қауіп-қатерге тап болды және әскери шабуылдардың салдарынан әлсіреді немесе жойылды. Мысалы, ислам өркениеті моңғолдардың Шығыстағы шапқыншылығымен тұспа-тұс келген еуропалық крест жорықтарынан қатты зардап шекті. ИИР жаңа ислам өркениетін құруды талап етуші ретінде басынан бастап дұшпандарының қоқан-лоққыларымен бетпе-бет келіп, тіпті әскери шабуылға ұшырады. Сондықтан Иранның әскери күштері елді және ислам өркениетін қорғауға толық дайын болатындай ұйымдастырылған. Жаудың әскери агрессиясына қарсы қорғансыз, әлсіз және тәуелді ел үлкен өркениет құрамын деп үміттене алмайды.   

Айта кететін жәйт, Батыс пен кейбір алдыңғы өркениеттерге қарағанда жаңа исламдық өркениетінің өркендеуі мен кеңеюі  басқа жерлерді жаулап алу емес, жоғары ой-пікірі мен илаһи мәдениетімен адамдар мен қоғамдар сенімдеріне әсер ету арқылы өз жолын ашады.   Батыстың Иранға қарсы кең таралған насихаттық агрессиясының себебі дәл осы мәселе. Ислам революциясының жетекшісі исламдық өркениетті мақсатына тоқталып: «Исламдық өркениет жаңа ой, жаңа сөз, адамзат мәселелеріне  деген жаңа көзқарасына сүйенген  және адамзаттың жаңа буындары  мен әртүрлі қоғамдардың мақрұм топтарының жүректері түсінетін жаңа тіл»,- деді.

ИИР басшылары бұл жүйе адамзаттың құтқарушысы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуіне жағдай жасайтын жүйе деп білгендей, исламдық өркениетті кемел деп санайды. Бұл туралы «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде анық айтылды. Өйткені   ұлы имамның (ғ.с.) кезінде әділеттілік пен әлем қауіпсіздігі және руханилық пен бауырластықтың аясында   ғылым мен технология және адамдарды түсінігі  ең жоғарғы деңгейге жетеді және олардың тұрмысы мен тыныштықты ең жақсы түрде  пайдаланады.  

 

 

 

 

 

Тегтер