Ақп 15, 2021 01:21 Asia/Almaty
  • Имам Хади (ғ.с.) - қараңғылықтағы жарық

Реджеп айының үшінші жұлдызы – Алла елшісінің (с.ғ.с.) ұрпағынан шыққан имам Хадидің (ғ.с.) шәһид болған күн.

Имам Әли бен Мұхаммад (ғ.с.)  «Хади» - (тура жолға нұсқаушы) деген лақап атпен аталды, өйткені Аббасидтердің жалған сенімдері мен езгісіне толы заманда ол таза айна тәрізді жүректерге илаһи нұрды жаудырды және тұншығып, алаңдаған қоғамды шындық жолына нұсқады. Имам Хади (ғ.с.) – имам Джавад деген лақап атымен танымал болған Мұхаммад Тақидің (ғ.с.) перзенті.  Хазірет анасы Сумаиенің тәрбиесін көріп, хиджри-қамаридің 220 жылы әкесі шәһид болған соң басшылықты өз мойнына алды. Имам Хади (ғ.с.) көптеген шәкірттер тәрбиеледі.  

Имам Хади (ғ.с.) мен имам Хасан Аскаридің (ғ.с.)қасиетті кесенесі

Имамдар адами және рухани ізгіліктерге қарай жол сілтейді, адамдарды өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Егер ақыл-ойы адамның ең жақсы жетекшісі болса, Алла ешқашан адамзатқа пайғамбарларын жібермес еді. Тақуа адамдар өмірлерін адамдарға басшылық ету және илаһи хабарларды жеткізуге  міндетті болды және бұл жолда олар көптеген қиындықтарға төзді. Алланың елшісінен (с.ғ.с.) кейін таза исламның ілімдерінің ауытқып кетуіне жол бермеу үшін ұлы имамдардың әрқайсысы  саяси және әлеуметтік жағдайларына сәйкес мұсылмандарға басшылық етудің үлкен миссиясын қабылдады. Алла тағайындаған және ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) өз ұрпағының жетекші имамдарына олардың он екі екенін және жер бетіндегі Алланың дәлелдері, сондай-ақ жердің еш уақытта илаһи дәлелдерінен құр қалмайтынын бірнеше рет айтқан болатын.

Мұсылмандардың оныншы имамы - имам Хадидің (ғ.с.) қасиетті болмысы билеп-төстеушілердің билігі күндерінде адамзат өміріне жарық пен жылылық сыйлады. Ол небәрі 8 жасында  ерекше илаһи нығметтері арқылы өз заманындағы ғылымдардан хабардар болды. Таза ислам ілімдерінің таралуынан қорыққан және шынайы исламның таралуымен олардың жағдайының шайқалуына алаңдаушылық білдірген Аббасидтер Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіне терең дұшпандылық білдірді. Имам Резаның (ғ.с.) немересі имам Хади (ғ.с.) Аббаси  билеушілерінің бақылауында болып,  имаматы кезінде ең қиын күндерді басынан өткерді. Имам (ғ.с.), әсіресе Мутавакел есімді залым, парақор, маскүнем және қанішер билеуші ​​кезінде сансыз қорлық көрді. Мутавакел, сырт көзге имамдарға құрмет көрсететін басқа Аббаси халифаларға керісінше имам Хадиді (ғ.с.)   құрметтемейтін.   

Әйгілі ғалымдардың бірі Ибн Шахр Ашубтың пікірінше, имам Хади (ғ.с.) кемел адамның және исламдық ахлақтың үлгісі. Ол имам (ғ.с.) туралы: «Имам Хади (ғ.с.) ең жақсы және ең адал адам болды. Оны жақыннан көрген адам ең мейірімді адамды көрген, ал   оның дауысын алыстан естісе,   ең кемел адамның дауысын естіген. Ол ресалят пен имаматтың тұқымынан болды»,- деп жазды.

Ибн Саббағ Малики имам Хадидің (ғ.с.) адамгершілік қасиеттері туралы да былай деп жазады: «Әбу әл-Хасан,  Әли ибн Мұхаммад әл-Хади (ғ.с.) жер бетіне кеңінен таралып, аспан жұлдыздарына қосылды»,- деді.

Бір күні Мутавакел имамға өзінің қуатын және қоқан-лоққы көрсету үшін әскерлеріне үлкен үйінді дайындауды бұйырды. Содан кейін ол имамды шақырып, бірге оның үстіне көтерілді.  Сол кезде қару-жарақпен қаруланған 90 мыңдық әскері олардың алдынан өтті. Аббаси халифасы хазіретке күшін көрсетіп, өзіне қарсы көтерілістің алдын алғысы келді. Имам (ғ.с.) Мутавакелдің ойлағанын залалсыздандыру үшін: «Менің сарбаздарымды көргін келеді ме?»- деп сұрады. Мутавакел бір кезде жер мен көктің арасында хазіретке бағынуға дайын көптеген періштені көрді.  Залым халифа бұл күшті көріп, қорыққанынан есінен таңып қалды. Ол есіне келген кезде, хазірет: «Біз бұл дүниеде сендермен соғыспаймыз, өйткені біз ақырет туралы ойлап өмір сүреміз. Сондықтан ойлағанын, жұрыс емес»,- деді.

Мотавакельдің бұйрығымен Мединадан Самераға қудаланған және қатаң бақылауға алынғанына қарамастан имам Хади (ғ.с.) исламдық жерлерде мұсылмандармен жасырын түрде қатынас орната алды. Бұл мақсатқа жету үшін ол имам Садеқтың (ғ.с.)  кезінен бері құрылған уәкілдер алқасын нығайтып, кеңейтті. Уәкілдер мұсылмандар мен имамның арасында байланыс орнатып, халықтың діни сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін шешетін.

Имам Хади (ғ.с.) хадистердің ойдан шығарылуының алдын алу үшін тиімді шаралар да қабылдады. Имам барлық исламдық мазхабтар қабылдаған қасиетті Құранды хадистердің шынайылығының өлшемі ретінде ұсынып, бұл туралы трактат жазды. Құран кітабын барлық исламдық ағымдар қабылдағандықтан, бұл шешіммен жалған хадис   шығарушылардың жолы жабылды. Имам Хади (ғ.с.) көптеген шәкірт тәрбиелеген, олардың көбі көрнекті ғалымдар болып, құнды кітаптар жазған.

Имам Хади (ғ.с.) туралы көптеген кітаптар жазылған. Олардың бірі аятолла Шейх Азизолла Атардидің имамның (ғ.с.) өмірі мен жұмысы туралы кітабы. Бұл кітап  имам Хадидің (ғ.с.) өмірі мен ерекшіліктері, имамның өзі аятқан жаңалықтар мен хадистер және рауаятшылардың   имамның (ғ.с.) өзі туралы хадистер сынды үш бөлімнен тұрады. Соңғы онжылдықтарда имам Әли ан-Нақи (ғ.с.)  туралы араб тілінде жазылған  жазылған тағы бір кітап - төрт томдық «Имам әл-Хади (ғ.с.) энциклопедиясы». Бұл кітапты Сейед Мұхаммад Хұсейн Вахиди Казвинидің жетекшілігімен авторлар тобы жазды. Тарих кітаптарында хиджри күнтізбесінің 254 жылының  үшінші реджеп күні имам Хадидің (ғ.с.) шәһид болған күн ретінде жазылған. Имам Хадиді (ғ.с.) Мотамед Аббаси уландырды. Имам Хади (ғ.с.) перзенті Хасан Аскаридің (ғ.с.) Самерадағы үйінде дүниеден озып, осы қалада жерленді.

 

Тегтер