Нау 02, 2021 20:03 Asia/Almaty
  • Сириядағы үрейлі қылмыстардың бірі (3)

Сириялық азамат Әбу Башир: «Алеппоның азат етілген күні - өмірімнің ең жақсы оқиғасы. Оған сену қиын болды. Яғни халық қатыгез террористерден азат етілді ме? Сирия армиясы мен қарсыласу күштерін қарсы алу үшін халық көшелерге шықты. Халықтың қолында Башар Асадтың суреттері болды. Азаттық пен қауіпсіздіктің қадірін енді түсіндік».

 

Сирия үкіметінің қарсыласы Әбу Башир 2011 жылы елінде үкіметке қарсы көтерілісті қолдап, отбасымен бірге ДАИШ-тың қолына түскен Алеппо қаласына кеткені туралы айтты. Бірақ бұл лаңкестік топтың зорлық-зомбылығымен  кезігіп, олардың мүшесі болып енген жалғыз ұлынан айырылды. Біраздан кейін ДАИШ қолбасшыларының бірі кішкентай қызы Лейланы әйелі қылып, өзімен бірге алып кетті. Әбу Башир оны құтқаруға талпынып, қызы туралы хабар алу үшін топтың мүшелерінің біріне ақша беруге мәжбүр болды. Бұл оқиғалар Сирия армиясы мен оның одақтастары Алеппоны қайтарып алу үшін қызу шайқасты бастаған кезде орын алды. Әбу Башир: «Алепподағы жағдай күннен күнге нашарлай берді. «Сирия әскері Алеппо қаласын өз бақылауына алуға дайындалып жатты және ДАИШ күштері қатты алаңдауда» деген хабарлар таратылды. Көшеге шыққан кезде, ДАИШ күштерінің алаңдаулары олардың беттерінде көрінді. Мен Алладан ДАИШ пен басқа барлық террористік күштердің жойылуын тіледім. ДАИШ пен күштері орналасқан жерлер мен Алеппо аймағы сириялық минометтермен нысанаға алынды»,- деп айтты.

Сирияның солтүстік-батысындағы Алеппо облысы

Әбу Баширдің де жағдайы жақсы болмады. ДАИШ мүшесі оған ешқандай жаңалық әкелген жоқ және бүкіл отбасы алаңдады. Ол: «Әйелім, Умм Айша Лейланы ойлап, күн сайын жылады. ДАИШ жігіттен хабар болмады. Бір күні Аллаға сыйынып, қызымды алып кеткен ДАИШ қолбасшысы Әбу Насырдың үйіне бардым.  Тексеріс пунктіндегі кзетші кім екенімді сұрады. «Әбу Баширмың, қолбасшы Әбу Насырдың жақынымын»,- дедім. Олар күліп, мені масқаралап: «Әбу Насыр қашаннан бері сириялық отбасын тапты? Жоғал, әйтпесе басыңнан айырыласын»,- деді. Мені қорқыныш басып, қайтып оралдым. «Уа, Алла, біз қандай жабайылардың құрығына іліндік?»  Әбу Башир үйіне оралғаннан кейін  тағы бір үмітсіздендіретін хабар келді. Лейла туралы хабар әкелуге келіскен ДАИШ мүшесі сағыста өлімге ұшырады. Әбу Башир не ітерін білмеді. Ол оқиғаны жалғастырып, былай деді: «Мен ерекше оқиғаны күттім, одан басқа еш нәрсе ойыма түспеді. Алеппо қаласы да соғыс жағдайында болды. Келесі күні таңертең тағы да ДАИШ қолбасшының үйі тұрған ауданға бет алдым. Минометтердің атуынан үйлердің бір бөлімдері қирап, ДАИШ-тың тексеріс пункті де жойылған. Қатынас жасап жүрген адамдар да көрінбеді. Одан сайын алаңдадым, не болып қалды? Түнде аймақты әскери ұшақтар бомбалаған. Әбу насырдың үйіне бардым, ғимараты қирап, ішінде ешкім болмады. Уа, Алла, Лейла өлді ме, әлде үйінділердің астында қалды ма? Одан сайын қоярға жан таппадым, бірақ қолымнан ешнәрсе келмеді.  Уа, Алла, бұл қиындыққа қалай төземін. Ұлым Баширден айрылдым,  енді Лейланың басына қиындық туды. Ол туралы хабар жоқ. Бұл күндер мен және отбасым үшін өте қиын болды. 

 

2016 жылдың соңында, ДАИШ-тың Әбу Баширдің қызын ұрлап кеткеннен бері  төрт ай өтті. Алеппоның маңындағы соғыстардан жақсы хабарлар жетіп, Әбу-Баширді үміттендірді. Сирия армиясы мен қарсыласу майданының күштері Алеппоны өз бақылауына алып, ДАИШ пен Джабхат ан-Нусра күштерін қаладан шығару қарсаңында болды. Ол Сирияның маңызды қаласының өкіндіретін жағдайы туралы: «Алеппо – Сирияның экономикалық орталығы. Сирияның ең маңызды сауда қаласы қазіргі уақытта Тәкфиршіл лаңкестердің базасын айналды. Алепподағы ірі зауыттар бөлшектеліп, 2013 және 2014 жылдары Түркияның қолдауына ие лаңкестік күштермен Түркияға жіберілді. Қасқырлар жан-жақтан Сирияға шабуыл жасады, бір жағынан Түркия, басқа жақтан Сауд Арабиясы мен БАӘ, Израиль мен АҚШ. Әртүрлі оқиғалардың есіме алып, Сирияның барлық қирауларының халықтың надандығы және Сирия дұшпандарына алдануларының нәтижесі екенін түсінемін»,- деді. Алеппоны азат ету қарсанында тәкфиршіл лаңкестер бұл қаланың халқына ауыр шығын келтірді. Әбу Башир сол кездегі жағдай туралы былай деді: «ДАИШ пен басқа террористік топтар халық күштері, әйелдер мен балаларды өздерін қорғау үшін қалқан ретінде пайдаланды. Зарелері ұшқан әйелдер мен балалар ДАИШ күштері үшін қалқан болып, күн сайын олардың көбі қаза болды. ДАИШ бізге мал ретінде қарады. Олар ызалы болып, өлімнің жақындағанан көрді. Алеппоның азат етілетін күні жақындады, әртүрлі аймақтардағы ДАИШ үкіметі бірте-бірте құлап, біздің азаттығымыз туралы хабар жиі естілетін болды. ДАИШ пен ан-Нусраның лаңкестері қашып, қашқан жолындағы барлық нәрені бұзып кетті. Қала қиралған жерге айналды. Уа, Алла, мыңау Алеппо қаласы ма?»

Алеппо азат етілгеннен кейінгі халықтың қуанышы

Ақырында Алеппо стратегиялық қаласы азат етіліп, ДАИШ пен Джабхат ан-Нусра террористеріне қатты соққы берілді. Әбу Башир бұл маңызды оқиға туралы: «Бірнеше апта қақтығыстан кейін Алеппо азат етілді.  Алеппоның азат етілген күні - өмірімнің ең жақсы оқиғасы. Оған сену қиын болды. Яғни халық қатыгез террористерден азат етілді ме? Халық Сирия армиясы мен қарсыласу күштерін қарсы алу үшін көшелерге шықты. Халықтың қолында Башар Асадтың суреттері болды. Азаттық пен қауіпсіздіктің қадірін енді түсіндік.  Мен де әйелім мен қыздармды ертіп,  көшеге шықтым.   Бірнеше айдан кейін Әбу Баширге сүйікті қызын табуға жаңа үміт пайда болды.  Ол: «Сирия армиясының күштері Алеппода орналақаннан кейін мен олардың штабына барып, соғыста жоғалып кеткен адамдар туралы сұрадым. Сөйлестім, олар: «Аллаға деген үмітіннен айырылма, егер тірі болса, Алланың көмегімен табылады»,- деді. Менің Лейлам сол жерде болуы мүмкін. Қайтадан ойым Лейла болды. Ол қайда? Тірі ме? Алепоның азат етілуінен үш ай өтті. Мен әйеліммен күн сайын  соғыста жоғалғандармен айналысатын комитетке барып, табылған адамдар туралы хабар алдық. Сабыр сақтап, күтуіміз керек, бірақ күту өте қиын болды»,- деді.  Бір күні Әбу Баширге үміттендіретін хабар жетті. Сирияның батысындағы Латакия порт қаласында оның қызына келетін бір қызы анықталды. Әбу Башир әйелімен ойланбастан Латакияға асықты. Олар үміттерінің ақталатынын және бұл қыз олардың жоғалған перзенті ме, әлде жоқпа екенін білмеді...

 

Тегтер