Нау 13, 2021 18:03 Asia/Almaty
  •  Сириядағы үрейлі қылмыстардың бірі (4)

Сириялық азамат Әбу Башир: Алланың ең жоғары нығметі – қауіпсіздік пен тыныштық. Оның қадірін білу қажет. Ақылды әрі зерек болып, жаудың алданбаңдар... Сирия мен Дамаск араб елдерінің келіні, Алеппо аймақтың ірі экономикалық орталығы болды. Біз көне және бірегей мұралар мен туристік жерлерге ие болдық. ДАИШ пен басқа терористер олардың барлығын қиратты.

Сириялық наразылық білдірушілерінің бірі Әбу Башир шетелдік үкіметтер мен олардың қарамағындағы топтардың елдің ішінде халықтың наразылықтарын өз жолынан бұрмалағаны және Алеппо қаласындағы ДАИШ-тың рақымсыздығы мен қантөгістеріне тоқталып: «Бұл алдануымның нәтижесінде ұлымнан айырылдым»,- деді. Әбу Баширдың тағы бір қайғысы кішкентай қызы Лейланың Сирия армиясы мен қарсыласу ағымының күштері Алеппоны босатқан кезде, қаладан қашқан ДАИШ қолбасшыларының бірінің қолына түсуі болды. Әбу Башир көптеген қиындықтарды көрген кезде армия орталығынан Сирия Латақия қаласында оның қызына ұқсас қыздың табылғаны туралы хабар жетеді. Ол алаңдауы және үмітпен әскери ұшақтардың бірімен Латақия қаласына аттанды.

Әбу Башир бұл қалаға келгені туралы: «Латақия портына жетсімен жоғалғандарды іздестіретін комитеттің мекен-жайына бардым. Бұл жерде адам өте көп болды. Сирияның көптеген қалаларынан жиналған халық жоғалтқан жақындарын іздеп келген. Мен өзім мен Лейла туралы мәліметтерді комитетке тапсырып, күттім. Бұл жерде көргенімді, еш уақытта ұмытпаймын. Жоғалғандар мен олардың отабсыларының көз жасы, күлкісі, қуанышы, уайым-қайғысы, мен де Лейланы күттім. Бір сағаттан кейін мені шақырды. Жүрегім жиі қағып, аяғым жүру қабілеттен айырылды. Қыз бала Лейла ма, Лейла емес пе? Көзім жасқа толды. Бір жағынан қуандым,  басқа жағынан алаңдадым»,- деді.

Сириядағы соғыс пен қираулар

Не дегенімен Әбу Баширдің ұзаққа созылған ынтызары аяқталады, қыз бала бөлмеге енді. Әбу Башир: «Есік ашылып, бөлмеге офицермен бірге түсі қашқан, өте әлсіз қыз бала еріп келді. Мен оны көріп қорқып кеттім. Оған жақындап, бетіне қарадым. Уа, Алла, бұл Лейла?!! Ол мені көрсімен жылай бастады, оның жылаған әлсіз дауысы жүрегімді одан сайын жаралады. Оны құшақтадым, ол әлсіреген әрі шаршап-шалдыққан. Уа, Алла, тек он ай өтті, бірақ Лейла он жылға қартайғандай көрінді. Ол еш нәрсе айтпай, тек жылай берді. Жоғалғандарды іздеумен айналысатын комитеттің адамы ащы шындықты және рухылық әрі физикалық зардаптарға байланысты баланың сөйлей алмайтыны туралы айтты. Мен Лейланы құшақтадым, екуіміз жарты сағат жыладық. Мен онымен сөйлесіп: «Лейла, сөйле, мен әкеңмін, анаң мен апаларың Алеппода сені күтіп отыр. Айналайын, бір ауыз сөз жауап бер маған»,- дедім. Бірақ одан бір сөз жауап естімедім, ол тек жеке түсініксіз сөздер айтты. Уа, алла, Лейлама не істеген? Мен әдемі ерке қызым қайда, мыңа жаны шала Лейла қайда? Оны тілі қандай тәтті еді»,- деді.  Лейла сөйлей алмағандықтан, басынан өткен ащы оқиғаны қағазға жазып берді. Әбу Башир хаттың қысқаша мазмұны туралы былай айтып берді: «Алеппо азат етілген соң тәкфіршіл террористер Лейланы Джебхат ан-Нусра басып алған Идлиб қаласына апарып, өздеріне ұқсас басқа бір қылмыскерге сатып жіберген. Көптеген азап-қорлықтан кейін Лейла мүмкіндік тауып, оның үйінен қашып, бір отбасын паналаған. Лейла ол үшін төлқұжат дайындалғанша, бұл жерде бірнеше апта өмір сүрген. Бұл отбасы Идлибте Лейлаға көп көмектесіп, Джебхат ан-Нусраның тексерісіне және бұл қаладан оны шығарып жіберуге жағдай жасайды. Лейла бірнеше көлікті ауыстырып, соңында жанармай танкерімен Латакияға жіберілді. Латакияда оны жоғалғандармен айналысатын комитетке тапсырған».

Сирия армиясының жеңісі

Жоғалғандарды іздеумен айналысатын комитеттің дәрігері Лейланың парағына былай деп жазған: ««Бұл қыз тұтқында болған кездегі   қиындықтар мен психикалық және физикалық азап-қорлықтардың қатты қорқып, сөйлеу қабілетін жоғалтқан.  Науқасқа логопед  пен психиатр қажет. Алдыңғы күйге оралу үшін ерекше күтімде болуы керек.  Оның тұтқында болғанын еске салмаған және одан бұл туралы сұрамаған жөн». Енді Абу Башир  мәселесі осы жағдайда қызын анасына қалай қайтарамын деп ойлады. Әбу Башир: «Ұшақ аеппо әуе-жайына қонды. Умм Айша қызалыммен бірге бізді күтіп тұрды. Анасы мен он ай көрмеген және алаңдап-қорқып күткен қызының кездесуі өте қайғылы сахна болды. Олар лейланы құшақтап, барлығы жылады.  Ана мен сөйлеу қабілетінен айырылған қызы. Лейлаға қарағанымда, жаным ашып, жасымды тыя алмадым. Умм Айша: «Әбу-башир, Лейла неге сөйлемейді? Неге Лелйа қартайып кетті?»- деп сұрады. Кеңістік ерекше сезімге бөленіп, Лейла ес-түсінен айырылды. Оны жылдам ауруханаға жеткіздік. Жолда Лейланың оқиғасы мен дәрігердің ақыл-кеңестерін отбасыма айттым»,- деді. Сол кезде Әбу Башир дәрігердің бұйрығын орындау және азап шеккен қызына арналған логопедиялық сеанстарды бастаудан басқа  еш нәрсе қолынан келмеді. Ол бұл туралы: «Алты ай үйде демалып, бірнеше медициналық кезеңнен кейін Лейла қалпына келе бастады. Ол енді ақырын-ақарын сөйлеп, көңіл-күйі жақсарды. Бірақ ДАИШ-тың атауы мен оның байрағына жиікеніш білдірді. Үйде ешқайсымыз олар туралы айытпадық, өйткені Лейла қалтырап-дірілеп кететін. Жабайылардың қызыма не істегенін білмедім»,- деді.

Біраз сириялық босқын қайтып оралды.

Әбу Башир ақыры Дамаскідегі бастапқы үйіне оралуға шешім қабылдады. Ол шешімінің себебін: «Менде Алеппо туралы жақсы естелік болған жоқ. Алеппода мен жалғыз ұлымнан айырылып, кішкентай қызым азап-қорлықкөрді. Біз қарғыс атқан ДАИШ пен барлық жабайы террористерді иттің етінен жек көрдік. Біз қазір тек бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалаймыз. Олар бізде болған, бірақ біз  бағаламағанбыз. Біз Алепподан ащы естеліктермен шығып, Дамаскке аттандық. Дамаскке жеткенде, бұрынғы үйіміз орналасқан қаланың оңтүстігіндегі ауданға бардық. Бұл жерде тек қираулар қалған. Көшелер, үйлер, дүкендер миномет снарядтарына толы болды. Біз қолда бар нәрселерімізден  оңай айырылдық»,- деп айтты. Абу Башир қазір ел президенті Башар Асадтың жақтаушысы.  Сириядағы азаматтық соғыстың ащы тәжірибесіне сүйене отырып, оның басқа мұсылман елдерінің халқына да кеңестері бар.  Әбу Башир: «Алланың ең жоғары нығметі – қауіпсіздік пен тыныштық. Оның қадірін білу қажет. Ақылды әрі зерек болып, жаудың алданбаңдар... Сирия мен Дамаск араб елдерінің келіні, Алеппо аймақтың ірі экономикалық орталығы болды. Біз көне және бірегей мұралар мен туристік жерлерге ие болдық. ДАИШ пен басқа терористер олардың барлығын қиратты»,- деді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 

Тегтер