Нау 16, 2021 21:09 Asia/Almaty

Шағбан айының үшінші жұлдызы – имам Хұсейннің (ғ.с.) туған күні. Исламның ұлық пайғамбары имам Хұсейн бен Әлидің (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

Шағбан айының үшінші жұлдызы – имам Хұсейннің (ғ.с.) туған күні. Имам Хұсейн (ғ.с.) – кемелді адам және ахлақ пен Аллаға құлшылық етудін үлгісі. Ол бүкіл адамзатқа тарих бойында адал өмірді үйрететін тұлғалардың бірі. Имамның (ғ.с.) өмірбаяны, жарқыраған айнадай, адамның бақытты өмір жолын көрсетеді.

Алланың Оның ризалығына ие болатын әрі шын жүректен жасалатын амалдар ғана құнды. Жеке адамдар Алланың алдында Оның  жолында жүру мәртебесіне ие. Имам Хұсейнның (ғ.с.) маңызды қадір-қасиеттерінің бірі оның Алламен терең қарым-қатынасы және бүкіл әлемнің Иесіне деген шынайы сүйіспеншілігі болды. Имам Хұсейн (ғ.с.) ғибадатта, мистикада және рухани ұстанымға ие болуда жоғары деңгейге жетті. Имам Хұсейннің (ғ.с.) қасиетті болмысы Аллаға деген сүйіспеншілік пен ғибадатпен тығыз байланыста болғаны соншалық, оны   теңдесі жоқ адам етті. Шын мәнінде, имам Хұсейннің (ғ.с.) Алланы жақсы білуі ме Оған ғашық болуы қозғалысының және күрестің қиын кезеңдеріндегі жанкештілігінің негізі.

Имам Хұсейн (ғ.с.) Аллаға ризалығының көрінісі, хазіреттің болмысында ықылас пен шынайы пенделігі айқын көрінеді. Ризалық яғни Алланың алдында қарапайым болу, Оған толық бағыну.

 

Имам Хұсейннің (ғ.с.) ең айқын ерекшеліктерінің бірі – бүкіл  өмірі бойы сөзі мен ісі Алланың жолында және алланың ризалығы үшін болды.  Хазірет алланың ризалығынан басқа ешнәрсені ойламады, Алладан басқаны көрмеді, Алладан басқаны естімеді. Бір сөзбен айтқанда Аллаға толық бағынды. Имам Хұсейннің (ғ.с.) хадистерінің бірінде. «Халықтың ашуына қарамастан тек Алланың ризалығына ие болуды ойлайтын адамға, Алла Тағала істеріне көмектеседі, ал Алланың ашуы туралы ойламай, тек халықтың ризалығы туралы ойлайтын адамды халыққа тапсырады»,- деп айтылған.

Имам Хұсейн (ғ.с.) Ашура ағымында және Умар бен Саад әскерінің оларға жасаған зорлық-зомбылығы кезінде: «Уа, Алла! Біздің мақсатымыз билік немесе дүниенің құнсыз мүлкін арттыру болмағанын Өзін білесін. Біз Өзіңнің дініңді таратып, өзгерістер енгізіп, жжәбір көрген пенделеріннің құндылықтардың иелері болып, Өзіңнің сүннетің мен уәжіптеріңе сай амал етсін деп ойладық»,- деді.

Имам Хұсейн (ғ.с.) Меккеге барардан бұрын Мединада Пайғамбардың (с.ғ.с.) қабірінің қасында тұрып, Алладан: «Уа, Алла! Мен расында жақсылықты жақсы көремін және жамандықты жек көремін. Уа, Алла! Маған бұл көтерелісте Өзің мен Пайғамбарыңның (с.ғ.с.) ризалығына ие болатындай әрекеттенуге көмектес»,- деп тіледі. Содан соң имам Хұсейн (ғ.с.) Мединадан Меккеге қарай жолға шығып, Меккеде ұқсас сөздерді көп айтты. Олардың бірінде: «Аллаға рақмет, Алланың қалағаны болады, Алладан басқа құдырет жоқ. Алланың ризалығы Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің ризалығы, Оның қиындықтарының алдында сабыр сақтаймыз»,- деді.

 

Имам Хұсейн (ғ.с.) – илаһи ризалықтың кемел үлгісі. Хазірет сөзі мен істерінде Аллаға толық бағынып, Алланы еске алып, тыныштық табатын. Ашура күні Аллаға қарай асығып, бүкіл болмысымен оған бағынатынын дәлелдеді. Имам Хұсейн (ғ.с.) барлық жағдайда Алланың ризашылығын бірінші орынға қойып қана қоймай, өмірінің соңғы сәтінде де «Алла разылығы үшін» деді. Хазірет әрдайым осы дұғаны таңертең және кешке оқыды. Бұл дұға Алланың ризалығына негізделген: «Алланың атымен және Алланы еске алу үшін, Алладан және Оған қарай, Оның жолында мен Оның Пайғамбарының дініне және Өзіне тәуекел еттім,  Алланың құдыретінен басқа құдырет жоқ. Уа, Алла! Мен Өзіне бағынып, істерімді Өзіне тапсырдым, дүние мен ақыреттегі кез келген жамандықтан аман қалуды сұраймын». Имам Хұсейн (ғ.с.) өмірінің соңғы сәтінде: «Уа, Алла! Бір Өзіңе бағындым. Өзіннен басқаны ешкім баланы тәрбиелей алмады.

 

 

Тегтер