Діни жетекшінің Наурыз күнгі жолдауы
(last modified Wed, 24 Mar 2021 13:13:43 GMT )
Нау 24, 2021 19:13 Asia/Almaty

Шамси күнтізбесінің Жаңа 1400 жылдың алғашқы күні 1 фарвардинінде коронавирустың таралуының алдын алу мақсаттағы санитарлық-гигиеналық ережелерге байланысты діни жетекші теледидар арқылы сөз сөйлеп, маңызды мәселелерге тоқталды.

 

1400 жылдың 1 фарвардин күні Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи теледидардан сөз сөйлеп, Иран мен әдемнің маңызды мәселелеріне тоқталды.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің басында 1400 жылдың және жаңа ғасырдың басталуымен құттықтап: «Егер өткен ғасыр, яғни 1300 жылдың басталуымен қысқаша салыстыратын болсақ, 1300 жыл Резаханның тәуелді диктатурасының бастамасы болды. Бұл іс жүзінде Британияның Резаханның қолымен жасаған төнкерісі болды.  Бірақ сайлау өтетін 1400 жылға ену, биліктің тәуелсіздік пен халықтың дауысына сүйенуді және ұлттық рөлімізге сенімді көрсетеді. Алла қаласа, Оның біздің бүкіл істермізге көмектесіп, алға ілгерлеуге және дамуға жол нұсқайтынына үміттімі»,- деді.

Діни жетекшінің Наурыз жолдауы

Аятолла Хаменеи Наурыз жолдауында Жаңа жылды «Өндіріс: қолдау және оның жолындағы кедергілерді жою жылы» деп атап, бұл мәселені қуаттап басшылардан өндірістің алдындағы кедергілерді жоюға талпынуды талап етті. Аятолла Хаменеи халықтың экономикасы мен тіршілігіндегі қиындықтарды үкімет қарсыластарының халықтың көңілін қалдыру және оларды тұрмысының жақсаруына үмітсіздендіруге себеп болуына сілтеме жасады. Діни жетекші: «Әсіресе киберкеңістік пен кейбір ішкі ақпарат құралдар және көбінесе шетелдік насихаттау жолды тұйыққа тірелді деп көрсеткілері келеді. Алайда олай емес. Иран экономикасы көптеген ішкі әлеуеттер мен мүмкіндіктерге ие, сондықтан мықты басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, сондай-ақ  жан-жақты бағдарламамен аймақ пен әлемдегі ең гүлденген экономикалардың бірі бола алады»,- деді.  

Аятолла Хамени бұл салада Дүниежүзілік банктің Иранның экономикасының 200-ден астам мемлекеттің экономикаларының арасында 18 орында тұрғанын және егер әлеуеттерінен қолданса, 12-ші орынға көтеріле алатыны туралы есебіне тоқталып: «Дүниежүзілік банкінің пікірінше, әлеуеттер екі түрге бөлінеді. Біреуі - аумақтық, келесісі - адами  әлеуеттер. Аумақтық қуаттылықтардың мысалы елдің көлемі, елдің ашық суға қол жетімділігі. Біз Оман теңізі мен Үнді мұхитына шекараласпыз және ашық суларға шығу мүмкіндікке иеміз. Біз 600 миллионнан астам халқы бар 14-15 елмен шекаралыспыз. Бұл өте маңызды мұрсат және маңызды мүмкіндік. Шығыс пен батыстың және солтүстік пен оңтүстіктің транзиттік-көліктік жолы қазіргі кезде біздің елдің мүмкіндігіне айналды. Жұмыс күші - бұл еңбекке қабілетті жастағы халық. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында кейбір адамдар «неге ұрпақты есепсіз көбейтіп жатырмыз» деп уәжденді. Бүгін олар еңбек нарығына шыққан жастар, яғни Иран жастар елі,  еңбек нарығына шығатын жұмыс күші көп», - деп мәлімдеді.

Дүниежүзілік банктің  есебінде көрсетілген мүмкіндіктерден басқа, Иранның ішкі нарық потенциялдарына ие. Бұл сексен миллиондық нарық ирандық өндірушінің ықтиярында дегенді білдіреді. Табиғи ресурстар – тағы бір мүмкіндік. Қазіргі кезде олардың көбі, олардың ішінде мұнай мен газ шикі  түрінде қолданылады. Сондай-ақ, ауылшаруашылық жерлері немесе жайылымдар мен ормандар Иран халқының орасан зор қазына. Аятолла Хаменеи бұл мүмкіндіктерге тоқталып: «Біз әлемде мұнай мен газ сияқты жерасты кеніштері, мырыш, мыс, темір рудасы бойынша жоғары бірінші-екіншіден  тоғызыншы орынға дейінгі жоғары рейтингтерге ие. Бізде осындай бай табиғи ресурстар бар. Бұл өте маңызды мүмкіндік. Сонымен қатар, соңғы отыз жылда елде болмаған маңызды инфрақұрылым салынды: бөгеттер, электр станциялары, теміржолдар, автомобиль көлігі маршруттары және сол сияқты көптеген инфрақұрылымдар салынған. Мұндай мүмкіндіктері бар мемлекет, дұрыс экономикалық бағдарламасы мен мықты басқару болса, экономикалық дамыған елге айнала алады және ешбір санкциялар оған әсерін тигізе алмайтын болады»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи сөзінің бір бөлігінде санкциялар мәселесін қозғап, оны үкіметтердің үлкен қылмыстарының бірі деп атап: «Елдің азық-түлік пен дәрі-дәрмекке жете алмауы – қылмыс. Оған қарамастан Иранға қарсы жасалған санкциялар мен қылмыстардың пайдасы болды және біздің халқымыз бұл қатерді мүмкіндікке айналдыра алды»,- деді. Діни жетекші санкцияларға қарсыласу үшін екі жолды атады.  Бір жолы - санкция салушыдан оны азайтуды немесе алып тастауды сұрау. Әрине, мұндай жағдайда санкция салушы талаптарын үстелге қойып, оны жасауыңыз керек дейді. Бұл қорлау, құлдырау және артта қалудың жолы. Екінші жол - ішкі күштерімізді белсендіру және санкция салынған тауарларды елде шығару. Бұл жол екінші жақтың біртіндеп бізге жығылып,  санкциялардың жойылуына немесе нәтижесіз болуына себеп болады. Аятолла Хаменеи: «Біздің халық екінші жолды сайлады және бұл жолда үлкен жетістіктерге жетті. Соңғы жетістіктер коронавирус мәселесіне қатысты. Коронавирус басталған кезде, ойларыңызда болса, бізде тіпті масқада болмады. Халықтың маска тағу мүмкіндігі жеткілікті болмады немесе дезинфекциялаушы заттар болмады. Елдің ішінде талпыныс жасап, маска тұрғысынан өзімізді қамтамасыз ете алдық. Құдайға шүкір біз қазір вакцинаға, әртүрлі тәсілдермен және бірнеше жолмен оны өндіру мен сынауға қол жеткіздік. Бұл елдің абыройына айналды. Кейбір әділ шетелдік сарапшылар біздің елімізді мақтайды. Иран халқы осы жолды сынап көрді және Құдай қаласа, осы жолмен жүреді»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі осыған байланысты мыңдаған жастардың білімге негізделген және білімге негізделмеген өндірістік компаниялардағы жұмысына және олардың санкция салынған  тауарларды сапалылау әрі арзандау шығаруына  тоқталып: «Нанология сияқты дамып келе жатқан ғылымдар саласында біз әлемдегі нанотехнологиялар саласындағы үздік елдердің қатарына кіреміз. Ғаламдық ғылыми орталықтар ғылыми мақалалар,   тұрғысынан Иранның соңғы жиырма жыл ішінде үлкен жетістіктерге жетенін мәлімдеді. Мысалы 2001 жылы Иран нано туралы 10 мақала ұсынса, 2020 жылы 12000 мақала тапсырды. Яғни, 20 жыл ішінде біз нано туралы он ғылыми мақаладан он екі мың ғылыми мақалаға жеттік. Алланың көмегімен елде мұндай жұмыстар атқарылуда, бұл өте маңызды.  Қорғаныс бөлімдерінде де көріп отырсыздар,  күннен күнге елдің қорғаныс саласы алға ілгеріп,   жарқындау болып келеді, ал кейбіреулердің пікірінше, бұл таңқаларлық жәйт. Еліміздің қорғаныс өнімдері елдің сыртқы қауіпсіздік коэффициентін арттырады. Бұл ел үшін өте маңызды»,- деп мәлімдеді.

Иранда Жаңа жылда президенттік сайлаудың өтуіне және дұшпандардың оған кедергі жасауға талпынуына байланысты діни жетекші оның ішкі және сыртқы тұрғыдан маңыздылығын еске алып: «Ішкі тұрғыдан сайлау нәтижесінде билікке жаңа адамдар еніп, атқару органға жаңа дем береді. Сыртқы тұрғыдан сайлау мен халықтың оған жаппай қаытсуы ұлттық құдыреттің белгісі»,- деді. Аятолла Хаменеи президент лауазымының маңыздылығын қуаттап, халықты кімді сайлағанына мұқият болуға шақырды. Себебі президенттік қызмет елдегі ең жауапты басқару болып табылады және шамамен барлық басқару орталықтары мен мемлекеттік мекемелер президенттің қолында. Ислам республикасының президенті сенімі, әділ,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы, революциялық және джихадтық ұстанымға ие, ішкі мүмкіндіктерге сенетін, жастарды елді алға ілгерлететін күші санайтын және болашаққа үмітті  білікті адам болуы керек»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің соңында «Ортақ қадам» бағдарламасы мен аймақ мәселелерін қайталап, АҚШ-тың Иранды әлсіретуді көздеген қастықтарын сәтсіздікке ұшырады деп тауып: «АҚШ-тың мейілінше қысым көрсету саясаты сәтсіздікке ұшарды және егер қазіргі үкіметі бұл саясатты жалғастыратын болса, ол да сәтсіздікке ұшырайды. Ал исламдық республика күн сайын күшейеді»,- деді.  Діни жетекші «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы: «Америкалықтар санкцияларды қағаз жүзінде емес, іс жүзінде алып тастаулары керек және Ислам республикасы оны тексереді. Егер санкциялардың шынайы алынып тасталғанын көрсе, аталмы келісімдегі өз міндеттемелеріне қайтады»,- деді.  Ислам революциясы жетекшісі кейбір америкалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылған жылға қарағанда жағдай өзгерді, сондықтан келісім де өзгеруі керек деп санайтындарына сілтеме жасап: «Иә, 1394 жылға қарағанда жағдай өзгерді, бірақ АҚШ-тың пайдасына емес, біздің пайдамызға өзгерді.  Иран 1394 жылдан осы кезге дейін күшейді. Сондықтан егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы өзгертілетін болса, Иранның мүддесіне өзгереді. Біз санкцияларды әсерсіз қалдырдық. Керісінше АҚШ әлсіреді. Өйткені билік басына келген АҚШ үкіметі өз елін масқара етіп, экономикалық қиындықтарға шырмады. Бүгін де АҚШ президентінің тағдыры белгісіз»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі Иранның бұл бағытта асықпайтындығын қуаттап, АҚШ-тың Иран мен аймақтағы саясатын, сионистік режимді қолдауын, Сириядаға заңсыз орналасуын, Евфраттың шығысында орналасуын, Сауд үкіметін қолдап, Йеменнің зорлық-зомбылық көрген халқын басып-жаншуы мен Палестинаға қатысты саясатын қателік деп атап, ислам әлемінің Палестина мәселесін еш уақытта ұмытпайтынын қуаттады.