Наурыз және хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келу кезеңінің қуанышы
(last modified Fri, 26 Mar 2021 15:12:37 GMT )
Нау 26, 2021 21:12 Asia/Almaty

Көктем табиғаттың жандануы себеп болатындай, имам Мәһди (ғ.с.) зорлық-зомбылық пен қысымның салдарынан өлген қоғамды жандандырып, әділ қоғамға айналдырады және абыржыған және надан адамдардың жүрегін ақылы және білімімен өміріне қайтарады. Имам Заман (ғ.с.) келген кезде, адамзат қоғамы қоғамдық мәдениет тұрғысынан өзінің өсу шыңына жетеді және сыбайлас жемқорлықты жояды. Мұндай қоғамдағы өмір өте жағымды болатыны табиғи мәселе.

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1400 жылының Наурыз күндері хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күнімен тұспа-тұс келіп, қуанышты екі есе арттырды. Бүкіл өтпелі ләззаттар хазірет Мәһдидің (ғ.с.) кезеңінде өмір сүру ләззатымен салыстырғанда маңызды емес.

Әлем жаратушысы Алла Тағала әлемді адамды өзіне бағынатын етіп жаратты және адам одан жақсы өмір сүріп, одан көп ләззат алу үшін оны пайдалана алады. Мұндай Мейірім Иесі барлығына көктемнің көркі мен берекесін сыйлады. Дастархан басында әділдер мен мүміндер, кәпірлер мен мүшріктер отыр. Көктем - Алланың мейірімінің көпшілікке арналған дастарханы және Құдай Тағала бізге осы мейірімділікті, сүйіспеншілік пен қайырымдылықты көрсетеді.

Жаратушы «Рум» сүресінің 50-ші аятында: «Алланың рахметінің әсерлеріне қара. Жер жүзі өлгеннен кейін оны қалай жандандырды. Рас Ол, өлілерді тірілтеді, Оның әр нәрсеге күші толық жетеді»,- деді.  Әрине көктем – Алланың рақымының белгісі. Алла Тағала көктемнің кез келген күнінде өз пенделері үшін достық жолдауын жібереді. 

 

Негізінде қуаныш – адамның қасиетінің бірі. Адам тамақтану, ұйықтау, араласу, табиғатта болу, достарымен сөйлесу   және басқа нәрселерден ләззат алады. Өзінің істеген ісінен ләззат алуды ойламайтындар депрессияға ұшыраған адамдар және олар өмірін көңілсіз өткізеді. Сондай-ақ, Ислам діні мұсылмандардың өз істерін ықыласпен атқаруы керектігін қуаттады.

 

Ислам ләззат алуға қарсы емес және Алланың ризалығына сәйкес келетін заңды ләззаттарды пайдаланумен толық келіседі. Ислам құлышылық етушілеріне жіберетін ләззаттына негіз белгілеп, ләззаттарды заңды және заңсыз деп бөледі. Ислам діні адам және оның  айналасындағыларға зиян тигізбейтін және тек дүние үшін ғана емес, ақырет үшін де пайдалы заңды ләззаттар деп санайды. Расында Ислам ілімдері адамдардың кемелділігіне және олардың кейінгі өміріне пайдалы ләззаттармен келіседі және азап шегу мен адамның өзіне зиян келтіретін ләззаттарға қарсы тұрады.

Алла Тағала жағымды ешнәрсеге тыйым салмады және тіпті бекерден өзін немесе өзгелерді илаһи нығметтерден мақрұм ететіндерді айыптап, «Ағраф» сүресінің 32-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.): «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті» де. «Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін. (Алайда кәпірлер де ортақ) Қиямет күні мүміндерге ғана» де. Білген елге аяттарды өстіп түсіндіреміз»,- деді. Шындығында, Құран өтпелі ләззаттарды айыптайды. Сондай-ақ ақыл мен қисын да мәңгілік ләззаттардың өткінші ләззаттардан артық екенін көрсетеді.

Мүмін адамның көзқарасынша, Алланың ризалығына ие болудан артқан ләззат жоқ. Сондықтан мүмін адамды Алланың ризалығына жақындататын кез келген әрекет  еі жақсы ләззат саналады. Шынайы мүмін өтпелі дүниелік ләззат туралы емес,  әрдайым жақсылық жауыды ойлайды. Алла Тағала «А’лә» сүресінің 17-ші аятында: «Ақырет қайырлы да, тұрақты»,- деді.

Илаһи нығметтер туралы ойлайтын, Алланың уәдесіне сенетін және уәде етілген Мәһдиді (ғ.с.) күтушілер бүкіл материальдық ләззаттардың шектеулі екенін біледі.  Мүміндер олардың хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезеңдегі ләззаттардың алдында түк емес екенінен хабардар. Өйткені бұл кезеңде барша хазіреттің (ғ.с.) ерекше билігінің куәсі болып, имамның (ғ.с.) мейірімі мен иманының аясында күнәдан алыстап, илаһи нығметтердің ләззатын көреді. «Ағраф» сүресінің 96-шы аятында Алла Тағала мүміндерге олар үшін аспан мен жердегі нығметтердің ашылуы туралы хабарлап: «Егер ол өлкелердің елі иман келтіріп, сақсынса еді, әрине оларға көк пен жердің берекеттерін ашып жіберер едік. Бірақ олар жасынға шығарды. Сондықтан қылмыстары себепті оларды қолға алдық»,- деп айтылды.

Имам Мәһдидің (ғ.с.) келетін күні илаһи ерекше нығметтер мен берекелердің басталуы. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуімен аспан шексіз илаһи нығметтерде адамдарға жібереді және олар бұл нығметтерден ләззат алады. имам Мәһдидің үкіметі кезінде аспан нығметтерін төгеді және жер оларды қабылдап, адамдардың өмірі мен дамуына ұсынады. Көктем табиғаттың жандануы себеп болатындай, имам Мәһди (ғ.с.) зорлық-зомбылық пен қысымның салдарынан өлген қоғамды жандандырып, әділ қоғамға айналдырады және абыржыған және надан адамдардың жүрегін ақылы және білімімен өміріне қайтарады. Имам Заман (ғ.с.) келген кезде, адамзат қоғамы қоғамдық мәдениет тұрғысынан өзінің өсу шыңына жетеді және сыбайлас жемқорлықты жояды. Мұндай қоғамдағы өмір өте жағымды болатыны заңды.