Алланың айына - сәлем!
Имам Саджад (ғ.с.): «Алла Тағала Рамазан айын – ораза, Аллаға оралу, тәубе, кешірім, рақым айы және тозақ отынан құтқарылып, жәннәтқа жететін ай деп атады».
Рамазан айы, Алланың қонағы болатын ай қайтадан келіп, Алланың жомарттығындай кең дастархан жайылды. Үй иелері құшақтарын жайып, қонақтарды күтуде. Күнәһарлар, адасқандар, мүміндер, бүкіл адамзат бұл илаһи дастарханның басына шақырылады. Қонақ иесі сондай тәубені қабылдаушы және қателерді жасырушы болғандықтан, өкініш көзжасы мен шынайы тәубе үшін бүкіл күнәләрді амалдар кітабынан өшіреді. Алла елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) Рамазан айы туралы: «Уа, халайық, расында Алланың айы береке, рақымы және кешірімімен келді. Бұл ай Алланың ең жақсы айы, оның күндері ең жақсы күндер және түндері ең жақсы түндер, сағаттары ең жақсы сағаттар. Рамазан айы - Алланың қонағы болуға шақыратын ай. Бұл айда дем алудың сауабы бар және ұйқы ғибадат саналып, амалдар қабыл болып, дұғалар мен тілектер орындалады»,- деген болатын. Илаһи дастарханның қонағы болып, Рамазан айының нығметтерін пайдаланыңдар. Жүректеріңді илаһи махаббатпен нұрландырып, Алланың шексіз мейірімділігінен тілеңдер. Рамазан айы - жәннәт гүлдерінің хош әтіріне бөленіп, илаһи нұрмен нұрланатын ай. Сондықтан илаһи әтірді пайдалануға дайындалыңдар. Алла Тағала сендерді келіп, Өзімен татуласуға күтеді.
Алланың Рамазан айында пенделерінің алдында илаһи білім мен кешірімінің есіктері ашылғандықтан ораза тұтушылардың дұға жасап отырған сыбырлары естіледі. Олар Абухамзе Сомалидің дұғасын оқып, Алланы: «Уа, Жаратушы! Өзіңнің қасыннан басқа жақсылықты қайдан табуға болады? Өзіңнің көмегіңсіз қалай құтқарыла аламын? Дұға есіктері тілеушілер үшін саған қарай ашық және біз Өзіңнің үмітті адамның дұғасын орындауға дайын екенінді жақсы білеміз»,- деп шақырады. Қандай сөздер жүректерді ауыртты, қандай қателіктер өзгелерді ренжітті, қандай күнәлар адамның жүрегін қаралады. Бұл жолы адамға бір жылдың ішінде ауыр салмақ болатын күнә ауырлығы адамды құлдық жолында қиындықтармен кезіктіреді. Бірақ Рамазанның самал желі үмітсіздердің жүрегін үміт нұрына бөлейді. Күнәлардың ауыр жүгі ораза, тәубе, Алладан кешірім сұрау және жамандықтардың орнын жақсылықтармен толтыру арқылы иығымыздан алынып тасталады және илаһи мейірімділік пен кешірім жаңбыры жүректердің қараңғылықтарын иман нұрына айналдырады. Рамазанның келуімен тәубеге келу және өзгеру мұрсат туады. Адамдарда материалдық және физикалық өлшемдерден басқа мағыналы және рухани өлшемдер бар. Рамазан айындағы ораза - бұл адамның рухани өлшемдерін арттыруға және нығайтуға арналған бағдарлама. Рамазан - ысырапшыл жанды тежеуге, Алламен қарым-қатынасты нығайтуға және өсуге кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Тыйым салынған ләззаттар мен нәпсілерден аулақ болу, ораза ұстау және Рамазан айында Құран оқу мен дұға ету сияқты ізгі амалдарды орындау адамды тақуалық, тазалық пен қалаған кемелдік сатысына жетелейді. «Бақара» сүресінің 183-ші аятында: «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар»,- деп айтылды.
Ораза - Рамазан айының парыздарының бірі. Ораза ұстаушылар таңғы азаннан кешкі азанға дейін ішіп-жеуді тыйады. Ораза ұстаудың көптеген сауаптары бар және бұл амалдар кітабынан күнәлардың алынып тасталуына себеп болады. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ораза адамның сүйікті тағамдарынан тартынуына себеп болса, Алла оған жұмақтың тамағы мен сусының жегізіп-ішкізеді»,- деген.
Бірақ ораза ұстаудың әсері мен нәтижесі соншалық, ішіп-жеуден аулақ болудан басқа, дененің барлық мүшелері, соның ішінде тіл, қол, аяқ, көз және құлақ ораза ұстайды. Яғни, ораза тұтушыдан ғайбат, жала жабу және тіл тигізу сынды тілдің күнәләрі естілмейді. Сондай-ақ ол барлық мүшелерімен және буындарымен күнәлар мен харамдарды жасаудан аулақ болуы керек. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Жүректегі ораза тілдегі оразадан, ал тілдегі ораза асқазан оразасынан артық»,- деп айтқан.
Рамазан айы қасиетті Құран түскен айы. Құран Рамазанға дем салып, оның құндылығы мен ұлылығын еселеп арттырды. «Бақара» сүресінің 185-ші аятынан: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді»,- деп оқимыз. Бұл аят Рамазанның ұлылығының бұл қасиетті айда қасиетті Құранның түсуіне байланысты екенін және Рамазандағы ең жақсы амалдардың бірі - Құран оқу екенін көрсетеді. Аби Басир Имам Садеқтың (ғ.с.) «Рамазан - бұл тек Құран Кәрімнің түсірілген айы емес, сонымен бірге барлық аспан кітаптары: алтыншы күні - Тора, он екінші күні – Інжіл, он сегізінде – Забур және Кадір түнінде Құран түсірілген айы» деген сөздерін жеткізді.
Алла елшісінің рауаяттарының бірінде Рамазан айында бір аятты оқу бүкіл Құранды оқуға тең және бұл сый мен сауап ораза ұстаушыларға жазылады. Бұл айда Құран оқу және аяттарға ой жүгірту - ораза тамырларындағы рухани өмірдің ағымы. Әрине, Рамазан айында тек Құран оқу ғана емес, барлық игі істер сауапқа иеленеді. Бұл рухани және басқа ақырет сый-сияпаттар ораза ұстаушыларды жақсылық жасауға жігерлендіреді және Рамазан кемелдікке жетуге мүмкіндік береді.
Имам Саджадтың (ғ.с.) қасиетті рамазан айындағы дұғасынан: «Уа, Алла, бұл Рамазан айы - ораза айы және қайту айы, тәубе айы, кешірім мен мейірімділік айы және оттан құтылып, жұмаққа жететін ай ...». Иә, Рамазан - тәубеге келу және кешірім сұрау және Аллаға қайту айы. Пенделері үшін илаһи мейірімділіктің есіктері ашылған бұл жарқын айда дұға ету қажеттілігіне немқұрайлылық білдіру өкінішті. Бірақ егер сауапқа толы айда ораза ұстаушының дұға етуге көңіл-күйі болмаса, оны Алладан сұрауы керек. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Кейде дұға адамнан алынады. Бұл жаман белгі. Дұға кезінде, Алланы еске алып, Оған жақындаған кезде біздің бойымызда жігер мен шыдам болмаса, бұл жақсы белгі емес. Әрине, мұны дұрыстауға болады. Адам назар аудару, қайыр сұрау және тілеу арқылы Алладан дұға жасау мүмкіндікті қайтарып ала алады»,- деді. Иә, дұға - кішіпейілділік пен құлдықтың көрінісі.
Имам Саджат (ғ.с.) рамазан айы туған кездегі дұғасында: «Уа, Алла, Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің отбасына сәлем айта гөр және бұл айдың қадір-қасиеттерін танып, оларды құрметтеуге және бұл айда тыйым салынған нәрселерден алыстат»,- деді.